Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 тамыздағы
№ 1297 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 16, 131-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атауы мен 2, 5, 6, 8, 10-тармақтарындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметiн", "тұрғын үй-коммуналдық қызметке" деген сөздер "коммуналдық қызметiн", "коммуналдық қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екiншi абзацта:
"өтемдiк шаралармен" деген сөздерден кейiн "бiрақ iс жүзiнде орналасқан жалпы алаң мен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығындардың нормативтерiнен артық емес" деген сөздермен толықтырылсын;
"және тұрғын үй-коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi айқындайды";
аталған қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртібі туралы Уақытша ережеде:
атауы мен 1, 2, 8, 15, 17-тармақтарындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге", "тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi" деген сөздер "коммуналдық қызметтерге", "коммуналдық қызметтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацында:
"өтемдiк шаралармен" деген сөздер "бiрақ iс жүзiнде тұратын жалпы алаңнан артық емес" деген сөздермен толықтырылсын;
"нормативтерi" деген сөзден кейiн "тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығыстар" деген сөздермен толықтырылсын;
"тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн тұтыну" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi мен коммуналдық қызметтердi (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету және лифтiлерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi белгiлейдi";
6-тармақтың екiншi абзацында:
"жұмыспен қамту қызметiнде" деген сөздерден кейiн "жұмыссыз ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе" деген сөзден кейiн "3 жасқа дейiнгi, сондай-ақ кiшi баласы бiрiншi сыныпты (бiрақ 9 жастан аспаған) бiтiргенге дейiнгi төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы" деген сөздермен толықтырылсын;
"14 жасқа дейiнгi" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта:
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн iс жүзiнде есептелген ақының сомаларынан аса алмайды";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем түрiнде белгiленедi.
Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерiнiң жергiлiктi бюджеттерден осы мақсатқа бөлiнген қаражаттың есебiнен, азаматтардың салымдары бойынша шоттарға есептеуi жолымен тiзiмдерiн Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімi бойынша Қаржы министрлігі бекiтетiн, екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi тиiстi банктер) арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеудiң тәртібі мен шарттары тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi мен тиiстi банктердiң арасында жасалған агенттiк келісімдермен айқындалады.
Қазақстан Республикасының тиiстi банктердiң филиалдары жоқ елдi мекендерiнде көрсетiлген төлемдер агенттiк келісімдердiң негiзiнде тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi айқындаған органдар арқылы жүргiзiледi";
10-тармақтың екiншi абзацындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтер" деген сөздер "коммуналдық қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын берумен байланысты шығыстарды өтеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайды";
аталған қаулымен бекітілген тұрғын үй жәрдемақысы қызметi туралы үлгi ережеде:
6, 7-тармақтардағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтер" деген сөздер "коммуналдық қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi