Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 12 тамыздағы № 1252 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысына:
Осы қаулының қосымшасына:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген VII бөлiмде, реттiк нөмiрi 111, мына жолдар алынып тасталсын:
"Қылмыс жасағаны үшiн Заң жобасы, қараша МТК ( келісім
күдiктiлердi және айып. Үкiмет 1997 ж. бойынша),
талғандарды қамауда қаулысы Iшкiiсминi,
ұстаудың тәртібі мен Жоғарғы Сот
шарттары туралы (келісім бойынша),
Әдiлетминi"
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысына:
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы Заң жобасы жұмыстарының жоспарына:
реттiк нөмiрi 63-жолдар алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi