2) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға интенсивті әсер ететін қызметінің экологиялық нәтижелілігін бағалау;
3) тексерілетін объектілер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзірлеу және зертханалық-талдау деректерін және қоршаған ортаның жай-күйі, оның шаруашылық қызметінің ықпалынан өзгеруі туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылатын қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және жою жөніндегі шаралар кешенін қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметінің деректері қоршаған ортаны ластау көздерінің сапасын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардан сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.
1-2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік және табиғи ресурстарды есепке алудың материалдарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметінің табиғатты пайдалану объектілерінің жай-күйі туралы деректерін, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің табиғат қорғау қызметі және тексеру барысында анықталған бұзушылықтар туралы деректерін талдау;
2) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
3) экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауын болғызбауға бағытталған шараларды қоса алғанда, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануға негізделген құқық қолдану арқылы жүзеге асырылады.
1-3. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде үшінші тұлғаларға қатысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жекелеген нормативтік құқықтық талаптарды сақтау мәселелері бойынша бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектіні бір мезгілде тексеру;
кешенді - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жүргізетін тексеру.
Өзге тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
1-4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган шығаратын тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі. Төтенше экологиялық жағдайларға дереу назар аудару қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру басталады, ол кейіннен белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
1-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша мынадай актілер шығарады:
1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актісі;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) нұсқама;
4) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы.
Кәсіпкерлік субъектісінің басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзімі аяқталған соң жеті күннен кешіктірмей беруге тиіс.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектiлерге (соның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызмет куәлiктерiн көрсету арқылы) кiрiп, көруге, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдамалардың нәтижелерi мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшiн тегiн алуға;
табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламалардың, жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, оның сапа нормативтері мен экологиялық талаптарының орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;
қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның, жергілікті атқарушы органдардың табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының болуын, табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгiленген ережелердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келісім-шарттарының) және табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгізуге;
экологиялық аудит мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныс енгізуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге;
экологиялық жағынан қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын қоршаған ортаның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, (әкетуге) сондай-ақ одан алып өтуге (одан әрi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
заңды және жеке тұлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнiнде нұсқамалар шығаруға;
экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген залал , оның iшiнде құндық мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi адамдардан осы залалды ерікті түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға;
тиiстi қаржы-несие ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысы мен пайдаланылуын, шаруашылық және өзге де қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама енгізуге;
өндірістік экологиялық бақылаудың және мониторингтің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін ішкі істер, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарынан көмек сұрауға және оны алуға құқығы бар.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының шешiмдерiн барлық азаматтар, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалар орындауға мiндеттi, оларға бағыныстылық ретiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 77-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
77-1-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;
2) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары;
3) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтардың орынбасарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары;
4) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
5) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
6) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары;
7) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттік бақылау бөлiмдерiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жатады.
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының бас мемлекеттік инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланктер болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға, бас мемлекеттік инспектордың орынбасарына және аға мемлекеттік инспекторлар мен мемлекеттік инспекторларға белгiленген тәртiппен бiрыңғай үлгiдегi мөр, куәлiктер мен нысанды киім берiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 77-2-баппен толықтырлыды
77-2-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 04.06.01 № 205-II Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
өндiрiстiк бақылау
Өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың келісімi бойынша орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар бекiтетiн ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР 04.06.01 № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 79-бап өзгертілді
79-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық
бақылау
Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырады.
Қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртібін қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 80-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
80-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды
жүзеге асыратын адамдарды қорғау шаралары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын адамдар мiндеттi сақтандырылуға тиiс, олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда да залалды белгiленген тәртiппен өтетуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын адамдардың арнайы құралдарды, атыс қаруы мен нысанды киімдi сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен 16-1 тараумен толықтырылды
16-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеудi бақылау
80-1-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылау
1. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылау:
қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды;
қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды;
қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
қалдықтардың санын азайту және қалдықтарды қосымша шикiзат көзi ретiнде шаруашылық айналымға тарту жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылауды;
қалдықтармен жұмыс iстеу саласында ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң дұрыстығын бақылауды;
Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.
3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шағым жасалына алады.
80-2-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау
1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртібін қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлеп, бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдарымен келiседi.
80-3-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке
алу және есептiлiк
1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар пайда болған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.
2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алуды жүргiзудiң тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдармен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.
4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы белгiлеген мерзiм бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
80-4-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры
1. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезіндегі мәлiметтердiң жүйесiн есепке алу мақсатында Қалдықтардың мемлекеттік кадастры жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
17 тарау. Экологиялық аудит
2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 81-бап жаңа редакцияда
81-бап. Экологиялық аудит
1. Экологиялық аудит аудиттелетін субъектiлердің қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiгiн талдау жолымен жүргiзiледi.
Экологиялық аудит жүргiзiлген кезде:
қоршаған ортаға әсерi туралы тапсырылған есептілiктiң дұрыстығын тексеру;
өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
персоналдың біліктілік деңгейiн бағалау мақсатымен арнайы зерттеулер мен өлшемдер орындалуы мүмкiн.
2. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектілер арасындағы қарым-қатынас экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 81-1-баппен толықтырылды
81-1-бап. Экологиялық аудиттің түрлерi және оны
жүргізудiң негiздерi
1. Мiндеттi экологиялық аудит және бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу үшiн:
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға келтiрген, құжатпен расталған нұқсаны;
заңды тұлғаның - табиғат пайдаланушының қайта ұйымдастырылуы;
қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектiлер бар заңды тұлғалардың банкрот болуы негiз болып табылады.
3. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетін субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша, бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасында экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi және көлемдерi ескерiле отырып жүргізiледi.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
82-бап. Экологиялық аудит жүргiзу және экологиялық
аудиторлық есептерге қойылатын талаптар
1. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасап, тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсілетiн экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізiледi. Экологиялық аудит жүргізудi жоспарлаған кезде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен экологиялық аудит жүргізу жоспарының ұсыным сипатындағы үлгі нысанын басшылыққа алады.
2. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетiн мiндеттi экологиялық аудит нәтижелерi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға табыс етiледi.
Экологиялық аудиторлық есеп жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарға, сақтандыру ұйымдарына табыс етiлуi мүмкiн. Бұл орайда экологиялық аудиторлық есептегi мәлiметтердi жария етуге аудиттелетiн субъектінің келісімiмен жол берiледi.
3. Бастамашылық экологиялық аудиттің нәтижелерi экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделедi, оның нысаны экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шартта ескертiліп көрсетiледi.
Бастамашылық экологиялық аудиттiң нәтижелерi құпия болып табылады.
Бастамашылық экологиялық аудиттiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария ету құқығына аудиттелетiн субъект ғана ие болады.
4. Экологиялық аудит жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
83-бап. Экологиялық аудиторлық қызмет
Экологиялық аудиторлық қызмет - экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын экологиялық аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлiк қызметi.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 83-1-баппен толықтырылды
83-1-бап. Экологиялық аудитор
1. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға аттестациядан өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады.
2. Экологиялық аудитор жеке кәсiпкер ретiнде не экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 83-2-баппен толықтырылды
83-2-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым
1. Экологиялық аудиторлық ұйым - экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн, өндiрiстiк кооператив пен мемлекеттік кәсіпорыннан басқа, кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.
2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдар - Қазақстан Республикасының резиденттерi құрылған жағдайда ғана экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады.
3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны кемiнде екi адам болуға тиiс.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 83-3-баппен толықтырылды
83-3-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы
1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру мен қорғау үшiн құрылған коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiби және өзiн-өзi басқаратын ұйым болып табылады.
2. Экологиялық аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және өз мүшелерi жалпы жиналыста қабылдаған жарғы негізiнде жұмыс iстейдi.
3. Экологиялық аудиторлар палатасы ерiктi негiзде экологиялық аудиторларды, экологиялық аудиторлық ұйымдарды бiрiктiредi және мүшелiк жарна мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
4. Экологиялық аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен айқындалады.
5. Экологиялық аудиторлар палатасы:
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және өз мүшелерiнің қызметiн үйлестiредi;
2) экологиялық аудит жүргiзу жоспарының үлгі нысанын бекiтедi;
3) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, экологиялық аудиторлық қызметтi дамытуда оларға көмек көрсетедi және жәрдемдеседi;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға экологиялық аудиторлардың өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтарған жағдайлары және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын өзге де бұзушылықтары туралы хабарлайды;
5) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі біліктілік комиссиясын құруға және экологиялық аудиторлардың аттестациясын өткізуге қатысады;
6) экологиялық аудиторларды тағылымдамадан өткізудi және оқытуды ұйымдастырады, экологиялық аудиторларға арналған оқу бағдарламаларын айқындауға қатысады;
7) экологиялық аудиторлардың заңсыз iс-әрекетiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды;
8) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктiлiк комиссиясына лицензияны керi қайтарып алу туралы ұсыныс жасайды.
6. Экологиялық аудиторлар палатасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.