Отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларын
өндiрудi дамытуды ынталандыратын шаралар кешенi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24
шiлдедегi № 1163 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Үкiметтiң 1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Қаржы министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп әзiрлеген отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi дамытуды ынталандыратын шаралар кешенi бекітілсiн /қоса берiлiп отыр/.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 24 шiлдедегi
№ 1163 қаулысымен
бекітілген
Отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк пен
жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi
дамытуды ынталандыру жөніндегі
ШАРАЛАР КЕШЕНI
____________________________________________________________________
N | | Атқаруға |Атқарылу
р/с| Атауы | жауаптылар |мерзiмi
___|_______________________________|__________________|_____________
1 | 2 | 3 | 4
___|_______________________________|__________________|_____________
1 Тамақ және жеңiл өнеркәсiп Экономсаудаминi 1997 жылдың
кәсiпорындары жұмыстарының тамызы
мониторингi жүйесiн әзiрлеу
және оны iске қосуды
қамтамасыз ету
2 Тамақ және жеңiл өнеркәсiбiн Бұл да сол 1997 жылдың
реформалау бағдарламасын қазаны
әзiрлеу және оны Қазақстан
Республикасының Үкіметіне
ұсыну
3 Қалың көпшiлiктiң сұранысы Бұл да сол 1997 жылдың
бар тауарлар рыногын жедел тамызы
дамытуды қамтамасыз ететiн
жеңiл, тамақ өнеркәсiбi және
ауыл шаруашылығының ұқсату
өнiмдер тауар-жобаларының
тiзбесiн әзiрлеу және оны
Қазақстан Республикасының
Инвестиция жөніндегі
мемлекеттік комитетiне ұсыну
4 Шикiзат өндiрушiлер мен Экономсаудаминi 1997 жылдың
өңдеушi кәсiпорындардың Облыстардың және қыркүйегi
арасындағы кооперациялық Алматы қаласының
байланыстар негiзiнде әкiмдерi,
өндiрiстiк кешендер құру Ауылшарминi
жөніндегі жағдайларды
пысықтау
5 Республиканың қайта өңдеушi Экономсаудаминi, _"_
кәсiпорындарына ауыл Ауылшарминi
шаруашылығы шикiзаттарын
берудi ынталандыру жөнiнде
ұсыныстар дайындау
6 Iшкi тұтыну рыногын қорғау Экономсаудаминi 1997 жылдың
шараларын енгізу үшiн тамызы
әкелiнетiн өнiмдерге
импорттық тарифке байланысты
оның барынша жоғары деңгейiн
әзiрлеу
7 "Жетiсу" АҚ сынақ лаборато. Экономсаудаминi 1997 жылдың
риясы базасында аяқ киім тамызы
шығару үшiн аяқ киім және
шикiзатты сертификаттаудың
Республикалық орталығын
ұйымдастыру жөніндегі
дайындықты аяқтау
8 Қазақстан жүнiн сертифи. Ғылымминi - _"_
каттаудың Республикалық Ғылым академиясы,
орталығын ұйымдастыру үшiн Қазақ ғылыми-
жобалау-сметалық құжатта. зерттеу техноло.
маны әзiрлеу гиялық институты
9 Отандық тауар өндiрушiлердi Экономсаудаминi _"_
қорғау және қолдау мақсатында Мемкеденкомы
Қазақстан Республикасы Үкiме.
тiне "Әкелiнетiн тауарларға
кедендiк баж ставкалары
туралы" қаулының жобасын ұсыну
10 Қазақстан Республикасы Экономсаудаминi 1997 жылдың
Үкіметіне тамақ және жеңiл қыркүйегi
өнеркәсiбiнде лизингтiк
қатынастарды қалыптастыру
және дамыту жөнiнде ұсыныс
енгізу Бұл да _"_ 11 Қазақстан Республикасы
Үкіметіне мiндеттi сертифи.
каттауға жататын тамақ және
жеңiл өнеркәсiп тауарларының
тiзбесi жөнiнде ұсыныс енгізу
Ескертпе: Шараларды заңдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 7.01.97 ж., № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Заң жобасы жұмыстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.