Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы
20 маусымдағы № 1001 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 1997.30.12. № 1857; 1998.15.12. № 1285 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 40-бабының 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1997.30.12. № 1857; 1998.15.12. № 1285 қаулыларымен 1-тармақ өзгердi
1. Салық есебiнде, кассалық әдiстi қолданған салық төлеушiлерге кассалық әдiстен аударым жасау әдiсiне көшу кезiндегi жинақталған салық сомаларының айырмасын төлеу уақыты, бюджетке салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн өсiм аударусыз 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн ұзартылады.
Бұл ретте салық төлеушiлер тiркеу орындары бойынша салық органдарына тиiстi өтiнiштi табыс етедi.
ҚР Үкіметінің 1997.30.12. № 1857 қаулысымен 2-тармақ өзгердi
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген шешiмдерi бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды тоқтатудың нәтижесiнде пайда болған дебиторлық берешегi бар салық төлеушiлер аударым жасау әдiсi бойынша салық салу мақсатында кiрiстер мен аталған қарыздар бойынша шығыстарды және олар бойынша есептелген салықтарды және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды айқындасын.
Аталған борыштар бойынша бюджетке тиесiлi салық сомаларын төлеу салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн оларды өсiм және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды есептемей өтеуiне қарау жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бес күн мерзiмде салық төлеушiлердi салық сомалары айырмашылықтары есебiн қоса, салық есебiнде аударым жасау әдiсiне көшiру туралы түсiндiрме әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi