Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 28 сәуiрдегі № 671 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"1. Макроэкономикалық тұрақтылық" бөлiмiнiң
"1.2. Салық салу және бюджет саясаты" бөлiмшесіндегі:
4-бағандағы жолдар, реттiк нөмiрi 5. "1997 жылдың наурызы" деген сөз "1997 жылдың тамызы" деген сөзбен ауыстырылсын.
"Y. Экономиканы басқару" бөлiмiнiң "Y.3. Ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету" бөлiмшесiнде:
4-бағандағы жолдар, реттiк нөмiрi 99, "1997 жылдың сәуiрi" деген сөз "1997 жылдың маусымы" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi