07.06.99 ж. № 391-I ҚР Заңымен; 2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-бап өзгертілді; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап жаңа редакцияда; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) авариялық көппәтерлі тұрғын үй - негізгі тіреуіш конструкциялары (іргетастары, бағаналары, тіреуіш қабырғалары, арқалықтары, жабындылары) тіреуіш қабілетін жоғалтқан және одан әрі пайдалану тұратын (болатын) адамдардың өміріне қауіп төндіретін, ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаның қорытындысымен қалпына келтіруге жатпайды деп танылған көппәтерлі тұрғын үй;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда
1-1) ағымдағы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) тармақша жаңа редакцияда
1-2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-3) әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-4) тармақша жаңа редакцияда
1-4) басқарушы компания - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-5) тармақша жаңа редакцияда
1-5) бірыңғай республикалық электрондық база - осы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 1-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 1-6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-6) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 1-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-7) ведомстволық тұрғын үй қоры - мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-8) бірыңғай есеп айырысу орталығы - уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-9) бірыңғай төлем құжаты - қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, оның негізінде немесе оның көмегімен төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын, коммуналдық және қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дара (бөлек) меншік - азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншігі;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) дауыс беру - пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жалдамалы үй - жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, пәтерлері жалдауға беруге арналған көппәтерлі тұрғын үй;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жалдауға беруші - тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жалдаушы - тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
7) жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда; 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша өзгертілді; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) жеке арнайы шот - тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шот;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі тұрғынжай;
9) жер учаскесі - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 1-9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) жинақтаушы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) коммуналдық көрсетілетін қызметтер - тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
10-1) коммуналдық тұрғын үй қоры - тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) кондоминиум объектісін басқару - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті жарналары;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу -мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу - көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 15-2), 15-3), 15-4) тармақшалармен толықтырылды
15-2) 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-3) 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 15-4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-4) кондоминиум объектісінің шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлкі - кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің осы Заңда айқындалатын тәртіппен пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің немесе үшінші тұлғаның пайдалануына берілген бір бөлігі;
2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) көпбалалы отбасы - құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7) және 16-8) тармақшалармен толықтырылды
16-1) көппәтерлі тұрғын үй - ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
16-2) 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-3) көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі (бұдан әрі - үй жанындағы жер учаскесі) - көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын, кірме жолдарды, орынтұрақтарды, тротуарларды, шағын сәулет нысандарын орналастыруға арналған жер учаскесі;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 16-4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-4) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі - үй кеңесі) - пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін алқалы басқару органы;
16-5) 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-6) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі - мүліктің меншік иелері бірлестігі) - коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 16-7) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-7) көппәтерлі тұрғын үй паркингі (бұдан әрі - паркинг) - автокөлік құралдарын қоюға арналған, орынтұрақ орындарынан тұратын тұрғын емес үй-жай;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 16-8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-8) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
17) қайта жабдықтау - үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) қайта жоспарлау - пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың шекараларын өзгертумен ұштасқан осы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың жоспарлануын өзгерту;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) қойма - көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын, өрт қауіпсіздігінің нормалары мен өзге де талаптарды сақтай отырып мүлікті сақтауға арналған, пәтерден тыс орналасқан, жиынтығында үйге ортақ инженерлік жүйелер, сондай-ақ жеке кіретін жері жоқ және дара (бөлек) меншіктегі орын;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) қосымша жалдаушы - тұрғынжайды қосымша жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан пайдалануға алатын тарап;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) қызметтік тұрғынжай - мемлекеттік мекеменің тұрғынжай қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғынжай;
20-1) 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді
21) қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй - коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-1) тармақша жаңа редакцияда
22-1) нысаналы жарналар - кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің жарналары;
21-2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры - тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) мемлекеттік тұрғын үй қоры - коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) нысаналы жарна - бір күнтізбелік жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген іс-шараға ақы төлеу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері енгізетін ақша;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 23-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-1) орынтұрақ орны - паркингте (болған кезде гаражда) автокөлік құралын қоюға арналған, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын және дара (бөлек) меншіктегі орын;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналар - орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) пәтер - көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғынжай;
2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-1) тармақша жаңа редакцияда
24-1) пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;
24-2) 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-3) тармақша жаңа редакцияда
24-3) ротациялық төлемдер - басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленетін тұрғынжайды жалдау мақсатындағы төлемдер;
25) 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан ата-ана тәрбиелейтін отбасы;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)