9-тарау. Экологиялық сараптама саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
41-бап. Экологиялық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Экологиялық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық тиiстi шарттар негiзiнде адамның экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның бастамасы бойынша халықаралық экологиялық сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының