4) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданылып жүрген заңдарының өзге де талаптары ескерiледi.
4. Қоршаған ортаға әсердi бағалағанда:
1) жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған ортаға әсерiнiң, соның iшiнде экологиялық тәуекелдiң түрлерi мен деңгейлерiн айқындау;
2) белгiленiп отырған қызмет жүзеге асырылған жағдайда қоршаған ортаның жай-күйiнiң өзгерiстерi мен олардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау;
3) жоспарланып отырған қызметтi жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеу;
4) осы саладағы барлық нормативтiк талаптарды пысықтау қамтылуға тиiс.
5. Қоршаған ортаға тиген әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша тапсырысшы оны iске асыру туралы шешiмдер әзiрлеуге негiз болатын жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын шаруашылық қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, сарапталатын материалдар құрамында табыс етедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
17-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырушы сараптама бөлiмшелерi басшыларының құқықтары
1. Сараптама органдары басшыларының:
1) белгiленген тәртiппен экологиялық сараптама жүргiзу үшiн экологиялық-сараптама комиссияларын, топтарын, өзге де құрамаларды құруға, шарт негiзiнде олардың жұмысына қатысуға жоғары біліктi отандық, шетелдiк мамандар мен ғалымдарды, соның iшiнде шетелдiк және заңды тұлғаларды тартуға;
2) сараптама бөлiмшелерiнiң (мекемелердiң, ұйымдардың), құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
3) экологиялық сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың қызметiн ұйымдастыруға;
4) сараптама жүргiзу әдiстерiн белгiлеуге;
5) экологиялық сараптамаға ұсынылған экологиялық нормалар мен ережелерге сай келмейтiн материалдарды қабылдамауға;
6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жiберiлген, оны түзету қосымша зерттеулердi, iздестiру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлудi керек ететiн құжаттар мен материалдарды пысықтау үшiн қайтаруға;
7) экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;
8) қоршаған ортаға қауiп төндiретiн мән-жайлардың жаңадан анықталуына байланысты не жоғарыда аталған қорытынды талаптарын тапсырыс берушi орындамаған жағдайда бұрын берiлген экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын қайтарып алуға;
9) сараптама жүргiзуге қажеттi ғылыми, жобалық, әдiстемелiк немесе өзге сипаттағы қосымша материалдарды сұратып алуға;
10) банк және басқа да қаржыландырушы органдарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектiлер бойынша материалдар табыс етуге;
11) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуына кінәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган сараптама бөлiмшелерiнiң және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары болып табылады.
Жергiлiктi атқарушы органның сараптама бөлiмшелерiнiң басшылары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық сарапшысының орынбасарлары болып табылады.
18-бап. Сараптама қызметiн жүзеге асыруда мемлекеттік экологиялық сараптама органдары басшылары тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде сараптама органдарының басшылары тәуелсiз болады және осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес iс-қимыл жасайды.
2. Сараптама органдары басшыларының тәуелсiздiгi олар туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн ережелермен де қамтамасыз етiледi, бұл ережелер:
1) оларды тағайындау және босату тәртібін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердi қамтиды.
19-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы
1. Сарапшылық комиссиясын мемлекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптама тағайындауға, оған бастамашылық етуге және оны жүргiзуге құқығы бар орган нақты объектiге экологиялық сараптама жүргiзу үшiн құрады. Сарапшылық комиссиясының құрамында сарапшылық зерттеу бағыттары бойынша топтар құрылады.
2. Сарапшылық комиссиясы жұмысының нәтижелерi сарапшылық комиссиясының жиынтық қорытындысы түрiнде баяндалады. Сарапшылық комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын iске асыру мен оған шағым жасау тәртібін экологиялық сараптама жүргiзудi ұйымдастырушы сарапшылық орган белгiлейдi, сарапшылық комиссиясының нақты жұмыс тәртібін де сол бекiтедi.
3. Сарапшылық комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзiн құрған орган беретiн құқықтары мен мiндеттерi болады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
20-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы
1. Экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi арнаулы білімi және жеткiлiктi тәжiрибесi бар, экологиялық сараптама жүргiзуге белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы тартқан адам мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.
2. Штаттан тыс сарапшылардың сараптама жұмыстарын жүргiзуi мен оларға ақы төлеуге байланысты қатынастарды қоспағанда, экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырысшысының өкiлi немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырысшымен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
4. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының:
1) осы Заңның 15-бабына сәйкес сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн маңызы бар қосымша материалдарды табыс етудi талап етуге;
2) экологиялық сараптама жүргiзуге біліктiлiгi жоғары мамандарды қосымша тартуға;
3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асырудың тәртібі мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса берiлетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы:
1) экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi, сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
2) экологиялық сараптама туралы заңдардың, өзге де заң актілерінiң талаптарын сақтауға;
3) сараптаманы қолданылып жүрген стандарттар, нормалар мен ережелер негiзiнде жүргiзуге;
4) экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртібін сақтауға;
5) экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға дер кезiнде беруге;
6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған, не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;
7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.
21-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының құқықтарын iске асыру мен қорғаудың кепiлдiктерi
1. Сарапшының экологиялық сараптама жүргiзумен байланысты қызметiне мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады, бұған сарапшының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған реттерi кiрмейдi.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құқығы, соның iшiнде материалдық шығындары мен моральдық жағынан шеккен залалы сот және әкiмшiлiк тәртібімен қорғалуға тиiс, ал бұл жолсыздыққа кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
22-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық сараптама бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан кеңесшi органдар болып табылатын және сол органдар туралы ережелерге сәйкес жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңестерi құрылады.
2. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың құрамдарын тиiсiнше қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi әзiрлеп, бекiтедi.
3. Сарапшылық кеңестерге табиғат қорғау органдарының лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының ғалымдары, біліктiлiгi жоғары практик-мамандар мен жұртшылық өкiлдерi мүше бола алады.
23-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң өкiлеттiгi
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:
1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын талқылау;
2) экологиялық жағынан қауiптiлiгi жоғары объектiлер жөнiнде тиiстi экологиялық сараптаманың қорытындыларын қарау;
3) экологиялық сараптаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жатады.
2. Экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесi ол туралы ережеде көзделген өзге мiндеттердi де жүзеге асырады.
24-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсiмi
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсiмi бiр iздi сатылардан тұрады, олардың барысында сарапшылық органдар сараптама объектiлерiн зерттеп, бағалайды және негiздi, объективтi сараптамалық қорытынды дайындайды.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсiмi:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеудi;
2) сараптамаға берiлген қажеттi материалдардың, реквизиттердiң болуын және толымдылығын, соның iшiнде жоспарланып отырған шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және нормативтiк талаптарға сәйкес келуiн анықтауды тексеру болып табылатын алдын ала сараптаманы;
3) сараптаманың қажеттi деңгейiн, материалдардың талдап өңделуiн, жоспарланып отырған не жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық қауiптiлiк дәрежесiне салыстырмалы талдау жасау мен iшiнара баға берудi, сараптама объектiлерiн iске асыру негiздерiнiң жеткiлiктi және анық болуын көздейтiн сараптаманың негiзгi сатысын;
4) жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық сараптаманың нәтижелерiн қорытуды, материалдардың келісілгенi немесе олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық қорытынды әзiрлеудi қоса алғанда, сараптаманың қорытынды сатысын қамтиды.
3. Сарапшы орган:
1) осы Заңның 15-бабында аталған құжаттарды тапсырысшы табыс етпеген;
2) қоршаған ортаға тигiзген әсерге берiлген баға немесе экологиялық зардаптар туралы мәлiмдеме белгiленген талаптарға сай келмесе немесе қате деректер болған, ол деректерсiз объективтi шешiм қабылдау мүмкiн болмайтын жағдайда объектiге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдi қабылдамай тастауға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзудiң ұйымдық нысандары
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның сарапшылық қызметiнiң штаттағы қызметкерлерi, оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып құратын сарапшылық комиссиялары;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган құратын салааралық сараптама комиссиялары жүргiзедi.
26-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс, қаралатын құжаттаманың көлемi мен күрделiлiгiне қарай бұл мерзiм алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмiн алты айдан астам уақытқа ұзарту құжаттама тапсырысшысының өтiнiшi бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепiлдiктерi болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзудiң басталу мерзiмi сарапшылық органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi құжаттамалардың бәрi берiлген және тапсырысшы сараптама жұмыстарына ақы төленгенi туралы құжаттардың көшiрмесiн табыс еткен кезден бастап белгiленедi. Бұл орайда алдын ала сараптамадан өткізу мерзiмi екi аптадан аспауға тиiс.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама мерзiмiн белгiлеу мен ұзарту қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның құзыретiнде болады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
27-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Жүргiзiлген мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелерi бойынша сараптама қорытындысы жасалады, онда экологиялық сараптама объектiлерiн iске асыру жөнiнде шешiмдер қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдар болуы керек.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары оны қабылдағаннан кейiн барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама терiс қорытынды берген жағдайда тапсырысшы сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес оларды пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгiлеген мерзiмде қайтадан экологиялық сараптама жүргiзуге барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
4. Мемлекеттік экологиялық сараптама оң қорытынды бермейiнше жобаларды мемлекеттік, коммерциялық банктердiң, сондай-ақ кез-келген меншiк нысандарындағы өзге де қаржы мекемелерiнiң қаржыландыруына және iске асыруға тыйым салынады.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына сарапшылық бөлiмшелердiң басшылары белгiленген үлгiдегi бланкiде қол қояды.
28-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының қолданылу мерзiмi
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жоба құжаттамасына оң қорытындысының берiлген күнiнен бастап, құрылыс басталғанынша екi жылға дейiн, ал жұмысы iстеп тұрған және салынып жатқан кәсiпорындар құжаттамасының бес жылға дейiн заңды күшi болады.
4-тарау. Қоғамдық экологиялық сараптама
29-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қолдану
1. Қоғамдық экологиялық сараптама - кез келген қызмет түрiне экологиялық баға беру үшiн халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бiрлестiктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi. Ол сол объектiлерге жүргiзiлетiн мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныстық сипатта болады.
30-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттiгi
Қоғамдық бiрлестiктердiң басқару органдары экологиялық сараптама саласында экологиялық сараптама жүргiзудi олар туралы жарғылар мен ережелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
31-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама рәсiмi
1. Қоғамдық экологиялық сараптама рәсiмi:
1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң мемлекеттік тiркелуiн;
2) оның басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмдеудi;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын дайындауды;
4) бұқаралық ақпарат құралдарына экологиялық сараптама нәтижелерi туралы хабарлауды қамтиды.
2. Мәлiмдемеде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң бастамашысы, қоғамдық сараптамашы құрамалар мен экологиялық сараптама объектiлерiнiң орналасқан жерi туралы мәлiметтер хабарланады.
32-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi мемлекеттік тiркеу
1. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi мемлекеттік тiркеудi аумағында сарапталатын қызмет көзделген жергiлiктi атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Тiркеу үшiн берiлген өтiнiмде қоғамдық экологиялық-сараптамалық құрамалардың құрамы туралы мәлiметтер, экологиялық сараптама жүргiзу көзделген объектiнiң атауы, оны жүргiзу мерзiмi көрсетiледi.
5-тарау. Экологиялық сараптаманы қаржыландыру
ҚР 24.12.98 ж. № 334-1 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сараптама жұмыстарын жүргiзгенi үшiн төленетiн төлемдер есебiнен жүзеге асырылады.
2. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс экологиялық сарапшылар (жеке және заңды тұлғалар) жүргiзетiн сарапшылық жұмыстарға шаруашылық қызметтiң бастамашысы (тапсырысшы) ақы төлейді.
34-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық экологиялық бiрлестiктер мен қорлардың өз қаражаты есебiнен немесе қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.
6-тарау. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс
құжаттама тапсырысшыларының құқықтары
мен мiндеттерi
35-бап. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама тапсырысшыларының құқықтары
Тапсырысшылардың:
1) сарапталатын объектiлерге қатысты немесе сараптама объектiлерiнiң жекелеген талдамалары мен негiздемелерi бойынша жазбаша немесе ауызша түсiндiрмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
2) экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкiлiктi қорытындыларымен танысуға;
3) қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргiзудiң орындылығы туралы мәлiмдеуге;
4) егжей-тегжейлi зерттеулер мен есептеулердi талап етпейтiн түзетулердi, өзгерiстердi дер кезiнде енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, шарт ережелерi не өздерiнiң құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметiн көрсету кезiнде шартты бұзуға;
6) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа шағым жасауға құқығы бар.
36-бап. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама тапсырысшыларының мiндеттерi
Тапсырысшылар:
1) экологиялық сараптамаға қажеттi материалдардың сапалы дайындалуы мен берiлуiн қамтамасыз етуге;
2) экологиялық сараптама субъектiлерiне сарапталатын объектiлер жөнiнде қажеттi материалдар мен консультациялар, мәлiметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге;
3) қоғамдық пiкiрдi ескере отырып, сараптама объектiсiн одан әрi iске асыру жөнiнде шешiмдер қабылдауға мiндеттi.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде:
1) белгiленген тәртiппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге;
2) сараптама қорытындысында баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемшiлiктер мен жаңсақтықтарды дер кезiнде жоюға;
3) сараптама органдары белгiлеген мерзiмде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткізуге табыс етуге мiндеттi.
7-тарау. Экологиялық сараптама саласында
келiспеушiлiктердi шешу
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
37-бап. Экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiнде келiспеушiлiктердi шешу
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен тапсырысшылар арасында туындаған, хаттамамен ресiмделген келiспеушiлiктердi қорытынды берген органның, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қарайды.
2. Келiспеушiлiктердi қарау мерзiмi, әдетте, келiспеушiлiктер хаттамасы және басқа да қажеттi материалдар түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ үш айдан аспауға тиiс.
3. Келiспеушiлiктер жөніндегі шешiмге сотқа шағым жасауға болады, ол Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiп бойынша ұйымдар мен лауазымды адамдардың жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
4. Экологиялық сараптама саласындағы мүлiктiк даулар сот тәртібімен шешiледi.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiнде туындаған келiспеушiлiктердi осы бапқа сәйкес шешуге болады.
38-бап. Экологиялық сараптама қорытындыларын жарамсыз деп тану
1. Экологиялық сараптама қорытындыларын әзiрлеу кезiнде мынадай кемшiлiктер жiберiлген жағдайда:
1) экологиялық сараптама жүргiзу рәсiмi бұзылғанда;
2) экология нормалары мен ережелерi, экологиялық қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану және молықтыру талаптары орындалмағанда немесе бұрмаланғанда;
3) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына жайлы қоршаған орта жөніндегі құқықтары, халықтың басқа да экологиялық құқықтары мен мүдделерi, экологиялық сараптама процесiне қатысушылардың құқықтары бұзылғанда;
4) экологиялық сараптамаға қатысушы тараптардың құқықтары бұзылған өзге де жағдайларда олар жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Экологиялық сараптама органы өзi қабылдайтын шешiмдер үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
8-тарау. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау
заңдарының экологиялық сараптама
саласында бұзылу түрлерi
39-бап. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының экологиялық сараптама саласында бұзылу түрлерi
1. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының экологиялық сараптама саласында бұзылуы:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тәртібін бұзу;
2) жүргiзiлген экологиялық сараптаманың нәтижелерiн бұрмалау;
3) экологиялық сараптама шешiмдерiнiң, тұжырымдарының жариялану тәртібін, соның iшiнде түпкiлiктi қорытынды қабылданғанға дейiн, бұзу;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша, қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар беру не объектiлер салуды және өзге де қызметтi жүзеге асыру;
5) сарапшылық комиссияларын құру мен қызметiн ұйымдастыру тәртібін бұзу;
6) лицензиялары жоқ ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де құрылымдардың экологиялық сараптаманы жүзеге асыруы;
7) экологиялық сараптама жүргiзген кезде экологиялық қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану мен молықтыру талаптарын бұзу;
8) қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптаманы ұйымдастырып, жүргiзуiне кедергi жасау;
9) сарапшылық органдар мен құрылымдарға қажеттi материалдар, мәлiметтер мен деректер беруден жалтару;
10) сарапшыны негiзсiз экологиялық сараптама жүргiзуге не көрiнеу бұрмаланған және объективтi емес қорытындылар дайындауға мәжбүрлеу;
11) заңда көзделген сарапшылық қызметтi немесе экологиялық-сарапшылық қызмет көрсетуге шартпен жүктелген мiндеттемелердi орындамау;
12) мемлекеттік және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi тiркеуден негiзсiз бас тарту болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық сарапшылық қызмет бөлiгiнде табиғат қорғау заңдары бұзылуының өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн.
40-бап. Экологиялық сараптама туралы Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Экологиялық сараптама саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасы аумағындағы шаруашылық қызмет объектiлерi жалға және басқаруға берiлген заңды және жеке тұлғалар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.