Ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N
1513 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 23 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Шаруашылық жүргiзу құқығымен "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорны құрылсын.
Егiндi, көпжылдық екпелердi, ауыл шаруашылығы малдарын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климат жағдайларынан, iндеттерден және басқа да табиғи апаттардан мiндеттi сақтандыруды қамтамасыз ету аталған кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мақсаты болып саналсын.
1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. № 460 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бiр апта мерзiмде "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорнының құрылтай құжаттарын белгiленген тәртiппен әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
3. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөніндегі мемлекеттік қоры "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорнының жарғылық қоры үшiн 100 млн. теңге мөлшерiнде қаржы бөлсiн.
4. Жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру мақсатында қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі Ведомствоаралық кеңестiң құрамы жасалып, бекітілсiн.
Ведомствоаралық кеңес бiр ай мерзiмде ауыл шаруашылық өндiрiсiне мiндеттi сақтандыру жүргiзудi ұйымдастыру тәртібі мен жағдайлары туралы Ереженi әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн.
5. Ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорнымен қатар аталған сақтандыру түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа да сақтандыру ұйымдарында жүзеге асырылады.
5-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. № 460 қаулысымен.
6. Ауыл шаруашылық өндiрiсiне мiндеттi сақтандыру жүргiзу жөніндегі операцияны жүргiзушi сақтандыру ұйымдары сақтандырудың аталған түрi бойынша сақтандыру төлемдерiнiң кем дегенде 85 процентiн осы мақсаттарға бағыттай отырып сақтандыру резервтерiн құрсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау жөніндегі комитетi ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң халықаралық қайта сақтандыру нарығындағы қаупiн қайтадан сақтандыру мүмкiндiгiн зерттесiн.
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорны тiркелгеннен кейiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесiне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1513 қаулысына
қосымша
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру
жөніндегі Ведомствоаралық кеңестiң
ҚҰРАМЫ
А.Ф.Романов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің бiрiншi орынбасары, Кеңес
төрағасы
Кеңес мүшелерi:
К.К. Дамитов - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Б.Б.Жәрменов - Қазақстан Республикасы Экономика
министрінің орынбасары
Б.И.Менжулин - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің орынбасары
Х.К.Мәдиев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сақтандыруды қадағалау жөніндегі
комитетi төрағасының орынбасары