Төтенше жағдайларда резервтiк электр энергиясының көздерiн пайдалану
туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 23 тамыздағы № 1049 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2724 Заң күшi бар Жарлығының 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Төтенше жағдайларда резервтiк электр энергиясының көздерiн пайдалану туралы берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне осы қаулының және тәуелсiз электр энергиясы көздерiн қолдану саласында бiрыңғай техникалық саясатын жүзеге асыру барысына бақылау жасау жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 23 тамыздағы
№ 1049 қаулысымен
Бекiтiлген
Төтенше жағдайларда электр энергиясының резервтiк
көздерiн пайдалану туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи зiлзалалар мен өнеркәсiптiк авариялардан (жер сiлкiнулерден, су тасқындарынан, үдемелi көк тайғақ-мұз-қырау шөгiндiлерiнен, өрттерден, жарылыстардан, үйлердiң қирауынан, бөгеттердiң бұзылуынан және сол сияқтылар) туындайтын төтенше жағдайлар табиғи және техногендiк сипатта пайда болуы мүмкiн.
Бұл кезде трансформаторлы қосалқы станциялардың орталықтандырылған энергия көздерiнен электрмен жабдықтаудың негiзгi және резервтiк желiлерi бiр мезгiлде iстен шығып, бөлу торабын толығымен токсыз қалдыруы мүмкiн.
2. Тұтынушыларды электр энергиясымен кепiлдi түрде жабдықтаудың тиiмдi техникалық құралы электрмен жабдықтаудың меншiктi тәуелсiз (автономды) генеративтi көзi (ЭТК) болып табылады.
3. Электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiнiң тораптық элементтерiнiң iстен шығуына немесе бұзылуына себеп болған төтенше жағдайлар туындағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтаудағы төтенше жағдай кезеңiнде электрмен жабдықтаудың сыртқы жүйесiнiң құрылыстарын қалпына келтiру жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудiң барлық кезеңiнде электр энергиясын босату амалсыз уақытша тоқтатылғаны үшiн тұтынушылар алдында материалдық жауапкершiлiк жүктелмейдi.
4. Даулы оқиға туындаған жағдайда мәселелер заңда белгiленген тәртiппен шешiледi.
5. Электрмен жабдықтаудағы төтенше жағдай кезеңi электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiнiң апатты бұзылуы болған аумаққа қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым басшысының жергiлiктi әкiмшiлiкпен келісілген арнайы бұйрығымен жарияланады.
6. Жаңа жауапты тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiне қосуға техникалық ережелер берген кезде энергиямен жабдықтаушы ұйым оларға ЭТК салу қажеттiлiгiн мұқият ескертуi тиiс.
ЭТК құрылысы мен оның пайдалануды тұтынушылар өз қаржылары мен материалдық-техникалық ресурстары есебiнен жүзеге асырады.
2. ЭТК құрастырмалық-техникалық шешiмдерi
7. Құрастырмалы-техникалық орындалу тәсiлi жағынан ЭТК стационарлы немесе жылжымалы (мобильдi), әдеттегiдей пневматикалық болуы мүмкiн.
8. Стационарлы ЭТК тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн технологиялық және инженерлiк құрылыстарды жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау, тұтынушылардың өндiрiстерiн авариясыз тоқтатуды қамтамасыз ету, қиын өндiрiстiк процестердiң бұзылуын болдырмау және техногендiк авариялардың пайда болуы мен дамуының алдын алу, сондай-ақ электрмен тұтынуды шектеу жөніндегі режимдiк шаралар үшiн арналады.
9. Жылжымалы ЭТК 10 тармақта көзделген мәселелердi жартылай шешумен қатар, негiзiнен авариялардың дамуын болдырмау және iшкi электрмен жабдықтаудың бөлу торабының бұзылу жағдайларында қалпына келтiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу мақсатымен авария зардаптарын жою кезiнде, сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезiнде оперативтiк қолдану үшiн арналады.
10. ЭТК қуаты есептелiнген қуаттың сұраныс коэффициентi (бiр мезгiлдегi) ескерiлiп резервтейтiн тұтынушылардың ток қабылдағыштарының қосылған қуатына сәйкес келуi тиiс.
ЭТК қуатын азайту мақсатымен оның жұмыс кезеңiнде жауапты емес тұтынушылардың ток қабылдағыштарын, сондай-ақ технологиялық өндiрiстiк процестер уақытын өзгерту арқылы электрмен жабдықтаудың мәжбүрлiк кестесi енгiзiлуi тиiс.
11. Қуаты 30 кВт және одан жоғары жылжымалы ЭТК төтенше жағдайларда олар жұмысқа жарамды жағдайда сақталған және 0,4 кВ бөлу торабында бүлiну жоқ болған жағдайда, арнайы ауыстырып қосу қондырғысының көмегiмен РУ 0,4 кВ тұтынушылар қосалқы станциясына қосу ұсынылады.
12. Стационарлы ЭТК ол орналасқан ауданға тән табиғи стихиялық құбылыстардың нәтижесiнде пайда болатын, сондай-ақ қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес артық қысымды сыртқы ауа толқынының барлық әсерлерiне есептелiп жеке тұрған үйде орналастыру ұсынылады.
Жер сiлкiну жобасы шамамен 7 балл және одан жоғары сейсмикалық аудандарда жобалау құрылыс құрылмалары мен технологиялық жабдықтардың сейсмикалық қамтамасыз етiлуi ескерiлiп жүзеге асырылуға тиiс.
13. Стационарлық ЭТК техникалық элементтерi мен оған қатысты арматура негiзгi жабдықтармен бiр үйде орналасуы тиiс.
14. Жылжымалы ЭТК ретiнде жылжымалы дизель электр станцияларымен қатар өзi қызатын және минутына жиiлiгi 1000 айналымды қуат таңдайтын қондырғысы бар сыртқы мобильдi жылжымалы двигательдiң жетегi (осы генератормен тұрақты байланысы жоқ) арнайы жылжымаға орнатылған бiрыңғай сериялы синхронды электр генераторды пайдалануға болады.
15. ЭТК автоматизациялау деңгейiн бiрiншi дәрежемен қабылдауға жол берiледi.
16. Жауапты тұтынушының iшкi электрмен жабдықтау жүйесi iстен шыққан жағдайда, ЭТК электр энергиясы жер бетiнен кем дегенде 6 м жоғарыда кронштейндерде үйлердiң қабырғаларымен кабель немесе өзi алып жүретiн оқшауланған сымдар (ӨОС) қолданылған уақытша жүргiзiлген желiлер бойынша бөлiнуi тиiс.
Осы мақсаттар үшiн жауапты тұтынушыда желiлi аппаратурамен қоса бiр жинақта ұзындығы бойынша өзi алып жүретiн оқшауланған сымдар (ӨОС) маркалы кемiмейтiн авариялық қоры болуы тиiс.
17. ЭТК қолданудың барлық жағдайларында тұтынушыға электр энергиясын беру тоқтатылған электр торабына ЭТК кернеудiң қайта бару мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Бұл үшiн тиiстi техникалық құралдар қарастырылуы және қажеттi пайдалану және қызметтiк нұсқаулықтар әзiрленуi тиiс.
3. Жылжымалы трансформаторлық қосалқы станциялар
18. Орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесiнiң резервтiк элементi ретiнде, электрмен жабдықтаушы ұйымда (электр торабы кәсiпорны) жылжымалы бөлу трансформаторлық қосалқы станциялардың паркi (бұдан әрi - қосалқы станция) болуы тиiс.
19. Электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiнiң жабдықталушы орталықтары үшiн мобильдi қоймалық авариялық резервi ретiнде 110, 35 немесе 10 кВ жоғары кернеулi пневматикалық жылжымалы трансформаторлық қосалқы станциялар пайдалануы тиiс.
20. Қосалқы станцияның құрылмасы мен габариттерi оны қатты төсенiштi автомобиль жолдарымен тасымалдау мүмкiндiгiн және көлiк жағдайындағы орнықтылығын қамтамасыз етуi керек.
Қосалқы станция көлiк жағдайында барлық салмақ түсетiн винттi домкраттармен жабдықталуы тиiс.
21. Қосалқы станция жөндеу-қалпына келтiру кезеңiнде, төтенше жағдай туындағанда қосалқы станциядағы бұзылған негiзгi жабдықтарды алмастыру кезiнде жауапты тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электр берiлiс желiлерiн жұмыс жағдайында сақтау үшiн арналады.
22. Жылжымалы қосалқы станция жабдықтарының пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру үшiн оны мынадай жағдайларда қолдану ұсынылады:
қолданудағы бiр трансформаторлы қосалқы станциялардың жоспарлы сақтық және күрделi жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кезеңдерiнде;
қарбалас маусымдық жүктемелер уақытында трансформаторлық қуат жетiспегенде резервтiк қондырғы ретiнде;
жаңа құрылыс алаңдарында, сондай-ақ қолданудағы ЖЖ 110 және 35 кВ өне бойына созылған өндiрiстiк объектiлердiң құрылыстарын пионерлiк электрмен жабдықтауы үшiн;
ЖЖ сымдары мен сым арқандарындағы мұзды ерiтудi ұйымдастыру үшiн.