Ұйымдардың және халықтың қаражатын тұрғын үй құрылысына тарту
жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қыркүйектегі № 1131 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік қаржыландыру көлемiнiң жеткiлiксiздiгiне, заңды және жеке тұлғалардың инвестициялық белсендiлiгiнiң төмендiгiне байланысты республикада тұрғын үй құрылысының қарқыны кенеттен төмендеп кеттi.
Салына басталған тұрғын үй құрылыстарын жедел аяқтау және халықтың қосымша қаражаттарын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі мен Қаржы министрлігінiң дайын пәтерлердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкiне тапсырған ұйымдардың республикалық бюджетке төлем бойынша берешектерiне республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және оның құрылысына жеңiлдiктi ұзақ мерзiмдi кредиттендiру үшiн ресурстар бөлуге көзделген қаражат есебiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Аталған есептемелер бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды құрылыс салу министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша екi айлық мерзiмде Ұйымдар мен халықтың қаражаттары есебiнен салынған тұрғын үйлерді қабылдап алу мен сату тәртібі туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi