Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 ақпандағы № 169
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегі № 1113 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 ақпандағы № 169 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 43-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:
"кредит берушiлер - мемлекеттік заңды тұлғалардың атынан, сондай-ақ белгiленген тәртiптi сақтай отырып, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң атынан сенiмхатсыз уәкiлеттiк берiлген өкiл болады".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi