Қазақстан Республикасында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 11 қыркүйектегі № 1110 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, елде бәсекеге қабiлеттi өнiмдер өндiрiсi мен оны сатудың автоматтандырылған есебiн қамтамасыз ету, халықаралық тауар нумерациясы жүйесi негiзiнде тауар өндiрушiнi бiрегейлендiру, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметi үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi:
заңды тұлғалар өндiретiн және сататын өнiмдерге штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізудi регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың әзiрлемесiн, тұтыну тауарлар мен көлiктiк буып-түюлердi таңбалау үшiн штрихтық шартты белгiлердi пайдалану тәртібін қамтамасыз етсiн;
"EAN Қазақстан" заттық нумерациялар ассоциациясына халықаралық талаптарға сәйкес, сондай-ақ EAN International халықаралық заттық нумерациялар жүйесiне шоғырлану мақсатында Қазақстан Республикасының өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізу жөніндегі республикалық әдiстемелiк орталығының функцияларын үлестiрiп берсiн;
Қазақстан Республикасында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізу жөніндегі бiрыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру үшiн жауапты бас ұйымды айқындасын;
тауар және дайындаушы, өнiмдердiң бiрегейлiгi, өндiрiлетiн және сатылатын өнiмдер туралы есепке алу мен есеп берудiң тиiмдiлiгiн арттыру туралы ақпараттар берудiң қазiргi заманғы технологияларын енгізу мақсатында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесi бойынша ұйымдардың мамандарын оқытуды ұйымдастырсын;
штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізудiң кезең-кезеңдiк кешендi бағдарламасын әзiрлесiн;
1997 жылдың 1 қаңтарына өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн мiндеттi түрде пайдалану жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
1997 жылдың 1 наурызына дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізу жөніндегі нормативтiк құжаттар туралы хабарламалар жарияласын.
2. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалар:
Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн өнiмдердi мiндеттi түрде штрихты шартты белгiлеу жүйесiн 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап енгізу жөніндегі дайындық жұмысын жүргiзсiн;
өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыстарды заттық нумерацияларды пайдаланушылар қаражаты есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi, Әдiлет министрлігі, Кеден комитетi 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалардың өнiмдердi мiндеттi түрде штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгізу жөніндегі ұйымдық және құқықтық шаралар өткiзуiн қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi