Гидрогеологиядағы басқару құрылымын мемлекеттік реттеу және жетiлдiру
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1996 жылғы 21 тамыздағы № 1042 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес гидрогеологиялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн реттеу және шектеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi:
"Гидрогеология" мемлекеттік акционерлік компаниясының акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес тоқтатсын;
акционерлердiң жалпы жиналысына "Гидрогеология" мемлекеттік акционерлік компаниясын тарату жөнінде ұсыныс енгiзсiн және оны таратуды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырсын;
"Гидрогеология" мемлекеттік акционерлік компаниясының таратылғаннан кейiнгi қалған мүлкiн сату үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн;
қоса берiлiп отырған тiзбеде көрсетiлген және бұрын "Гидрогеология" мемлекеттік акционерлік компаниясының құрылымына кiрген акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетiн сату үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi қоса берiлiп отырған тiзбеде көрсетiлген акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетiн сату кезiнде тендердiң бiр шарты ретiнде сатып алушының жерасты суларының мониторингi бойынша режимдi гидрогеологиялық партияларды сақтау және мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі мiндеттемесiн ескерсiн.
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі екi ай мерзiм iшiнде гидрогеологиялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн реттеу және шектеу саласындағы оның құзыретiн айқындайтын қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. "Гидрогеология" мемлекеттік акционерлік компаниясы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 қыркүйектегi № 898 қаулысының күшi жойылған деп танылсын /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 38, 444-бап/.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 21 тамыздағы
№ 1042 қаулысына
қосымша
"Гидрогеология" мемлекеттік акционерлік компаниясының
құрылымына бұрын кiрген және акцияларының мемпакетiн
сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөніндегі мемлекеттік комитетiне қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес берiлетiн акционерлік қоғамдардың
ТIЗБЕСI
______________________________________________________________
N | |Акцияларының мемлекеттік
р/с| Атауы |пакетiнiң шамасы, %
| |
___|_________________________________|________________________
| |
1.|"Алматыгидрогеология" АҚ | 20
2.|"Актюбгидрогеология" АҚ | 39
3.|"Атыраугидрогеология" АҚ | 39
4.|"Жамбылгидрогеология" АҚ | 39
5.|"Жайықгидрогеология" АҚ | 90
6.|"Көкшетаугидрогеология" АҚ | 39
7.|"Қостанайгидрогеология" АҚ | 90
8.|"Кзылордагидрогеология" АҚ | 45,4
9.|"Павлодаргидрогеология" АҚ | 39
10.|"Семейгидрогеология" АҚ | 60
11.|"Талдықорғангидрогеология" АҚ | 70
12.|"Шымкентгидрогеология" АҚ | 39