Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 22 шiлдедегі № 920 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік мүлiктi сату жөнiнде саудаластық өткізуге байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1996 ж., № 19, 166-бап) бекітілген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
4-тармақтың екiншi абзацында:
"үшiншi" деген сөз "екiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы № 60 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1996 жылғы 11 наурыздағы тiркелу № 158) бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату бойынша аукциондар ұйымдастыру мен өткізу туралы ережеге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi өз құзыретi шегiнде қабылдаған саудаластықта жекешелендiру объектiлерiн сатуды реттейтiн нормативтiк актiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "тәуелсiз аудиттiң" деген сөздердiң алдына "консалтингтiк ұйымдар немесе" деген сөздер қосылсын;
"Аукционда сату кезiнде шаруашылық серiктестерiнiң жарғылық қорларындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерi және үлестерiн бағалау" деген III бөлiмде:
атауындағы "және үлестерiн" деген сөздер алынып тасталсын және "Аукционда" деген сөз "Саудаластықта" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-2-бөлiмшелердiң атауларындағы "(үлесiнiң)" және "үлесi" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақтың төртiншi абзацындағы, 14-тармақтың бесiншi абзацындағы және 26-тармақтың сегiзiншi абзацындағы "негiзгi қорлардың тозуын алып тастағандағы" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi бiр ай мерзiм iшiнде шаруашылық серiктестерiнiң үлесiн бағалау әдiстемесiн әзiрлесiн және Жекешелендiрiлетiн объектiлердiң құнын бағалау жөніндегі ережеге толықтыру енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары