Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 24 шiлдедегі № 924 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 12, 86-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Бекiтiлсiн:
Iргелi зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру тәртібі туралы Ереже (қоса берiлiп отыр).
ҚРҮ-нiң 1997.12.04. № 1698 қаулысымен 1-таpмақ өзгеpдi
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасында ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 61 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 2, 28-бап) 2-тармағындағы екiншi абзац алынып тасталсын.
2-тармақтың 2 абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. № 1663 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 24 шiлдедегi
№ 924 қаулысына
1 қосымша
Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрi - Ғылым академиясының
президентi, физика-математика
ғылымдарының докторы, төраға
Ерғожин Е.Е. - Химия ғылымдары институтының
директоры, Қазақстан Республикасы
Ғылым министрлігі - Ғылым
академиясының академигi, төрағаның
орынбасары
Могильный В.В. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрлігі - Ғылым академиясының
Болжамдау және ғылыми-техникалық
бағдарламалар бас басқармасының
бастығы, ғылыми хатшы
Абдулин А.А. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрлігі - Ғылым академиясы
Геология институтының құрметтi
директоры, Қазақстан Республикасы
ғылым академиясының академигi
Әбiшев Ж.Н. - Қазақстан Республикасы Минералды
шикiзатты кешендi ұқсату жөніндегі
ұлттық орталығының бас директоры,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Айтқожина Н.Ә. - М.Ә.Айтқожин атындағы Молекулярлық
биология және биохимия институтының
директоры, Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Әлиев М.Ә. - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінiң А.Н.Сызғанов
атындағы хирургиялық ғылыми
орталығының директоры, Қазақстан
Республикасы ғылым академиясының
академигi
Әлияров Б.Қ. - Қазақстан Республикасы Энергетика
және көмiр өнеркәсiбi министрлігі
академик Ш.Шокин атындағы Қазақ
энергетика ғылыми-зерттеу
институтының директоры, Қазақстан
Республикасы ғылым академиясының
корреспондент мүшесi
Байпақов К.М. - Археология институтының директоры,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Березин В.Э. - Микробиология және вирусология
институтының директоры, химия
ғылымдарының докторы
Блиев И.Қ. - Теориялық және қолданбалы математика
институтының директоры, Қазақстан
Республикасы ғылым академиясының
корреспондент мүшесi
Гирштанский О.С. - Қазақстан Республикасы Мұнай және
газ өнеркәсiбi министрлігі "Мұнайгаз"
ғылыми-зерттеу институтының директоры,
техника ғылымдарының кандидаты
Грибановский А.И. - Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының академигi
Дробжев В.И. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрлігі - Ғылым академиясы
президентінің орынбасары,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Жолдасбеков С.Ө. - Механика және машинатану
институтының директоры, физика-
математика ғылымдарының докторы
Жолтаев Ғ.С. - Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң
кафедра меңгерушiсi, техника
ғылымдарының докторы
Ысмағұлов О.Ы. - Тарих және этнология институтының
лаборатория меңгерушiсi, Қазақстан
Республикасы ғылым академиясының
корреспондент мүшесi
Қосынов А.О. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрінің - Ғылым академиясы
президентінің орынбасары
Қажыбеков Е.З. - Шығыстану институтының директоры,
филология ғылымдарының докторы
Клец А.Н. - "Қазмеханобр" өнеркәсiп экологиясы
Мемлекеттік ғылыми өндiрiстiк
бірлестiгiнiң бас директоры, техника
ғылымдарының кандидаты
Купчишин А.И. - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік
университетiнiң кафедра меңгерушiсi,
физика-математика ғылымдарының
докторы
Мансұров З.Ә. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
ұлттық университетiнiң проректоры,
химия ғылымдарының докторы
Мұқашев Б.Н. - Физика-техника институтының директоры,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының академигi
Нысанбаев Ә.Н. - Филология институтының директоры,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Рахымбердиев М.Е. - Теориялық және қолданбалы математика
институтының лаборатория меңгерушiсi,
физика-математика ғылымдарының
докторы
Сұлтанғазин Ө.М. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрi -
Ғылым академиясы президентінің
бірiншi орынбасары - вице-президентi,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының академигi
Северский И.В. - География институтының директоры,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Сембаев Д.Х. - Химия институтының лаборатория
меңгерушiсi, Қазақстан Республикасы
академиясының корреспондент мүшесi
Саятов М.Х. - Микробиология және вирусология
институтының лаборатория меңгерушiсi,
Қазақстан Республикасы ғылым
академиясының корреспондент мүшесi
Төлебаев А.Қ. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрінің - Ғылым академиясы
президентінің орынбасары
Тәкiбаев Н.Ж. - Ядролық физика институтының лаборатория
меңгерушiсi, Қазақстан Республикасы
ғылым академиясының корреспондент мүшесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 24 шiлдедегi
№ 924 қаулысына
2 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ -
ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрi - ЖҒТК) ғылым мен техника дамуының болжамдаулар мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
2. Жоғары ғылыми-техникалық кеңестiң саны мен құрамын және ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ЖҒТК ғылымының әртүрлi салаларының жетекшi ғалымдардан, білімнiң түрлi салаларындағы мамандардан, ҒЗИ ғылыми-техникалық кеңестерi жоғары оқу орындары, ұлттық ғылыми орталықтары мен басқа да ғылыми ұйымдар ұсынған өндiрiс өкiлдерiнен қалыптасады.
3. ЖҒТК - төраға - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi басқарады, оның Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының толық мүшелерi арасынан негiзгi қызметiнен босатылмаған бір орынбасары және ғалым хатшысы - Болжамдау және ғылыми-техникалық бағдарламалар бас басқармасының бастығы болады.
4. ЖҒТК iргелi зерттеулер жөніндегі және ғылыми-өнеркәсiптiк саясат жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық ғылыми-үйлестiру кеңестерiн құрады.
5. ЖҒТК:
iргелi зерттеулер жөніндегі республикалық кеңес;
салааралық ғылыми-техникалық кеңестер құрады.
6. ЖҒТК және оның құрамында құрылған кеңестер өздерiнiң қызметiн бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Негiзгi мiндеттер
7. ЖҒТК-тiң негiзгi мiндеттерi:
бірыңғай мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру, жетiлдiру үшiн талдау ақпаратын қорытындылау және ұсынымдарды әзiрлеу;
ғылым мен техниканың дамуына болжамдар жасап, олардың басым бағыттары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
ғылым мен жаңа технологиялардың жетiстiктерiн елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық даму мүддесiне пайдалану жөнiнде ұсынымдар жасау;
ғылыми-техникалық ұйымдарды, кәсiпорындар мен өндiрiстiк кешендердi ұтымды орналастыру, маңызды өнеркәсiптiк объектiлердi, оның iшiнде шетелдiк фирмалар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнiнде ұсыныстар жасау;
инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдау, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, ғылыми қызметкерлер мен санаткерлiк меншiктi әлеуметтiк қорғауды күшейту жөнiнде ұсыныстар даярлау;
Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау мен олардың ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн республиканың ұлттық экономикасында тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасау;
мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық барынша перспективалық және тиiмдi бағыттарын талдап, айқындау;
жоғары біліктi ғылыми кадрларды ғылым салалары мен мамандықтары
бойынша даярлау және аттестациялауды жетiлдiру жөнiнде жағдайды
бағалау және ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
8. ЖҒТК-нiң:
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Жоғары консультативтiк кеңеске және Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - ғылым академиясының алқасына тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
ұлттық ғылыми-технологиялық саясат мәселелерiн зерделеу және ол жөнiнде ұсыныстар жасау үшiн жұмыс топтары мен комиссияларын құруға;
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының бөлiмшелерi, басқа ғылыми және ғылыми-техникалық кеңестер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi, жекелеген ғалымдар мен мамандар қаржыландыруға ұсынып отырған бағдарламаларды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаудан өткеннен кейiн қарауға құқықтары бар.
9. ЖҒТК шешiмдерi қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстар түрiнде ресiмделедi.
10. ЖҒТК iс қағаздарын жүргiзудi Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының аппараты жүзеге асырады.
11. ЖҒТК және оның комиссиялары жұмысына тартылған сарапшылар,
ғалымдар мен мамандар еңбегiне төленетiн ақы ғылымды қаржыландыруға
бөлiнген республикалық бюджет қаражатынан өтеледi.
12. ЖҒТК мүшесi:
өз бастамашылығы бойынша ЖҒТК-нiң қарауына ұсыныстар және тиiстi шешiмдер жобасын;
ЖҒТК мәжілісiнiң хаттамасында көрсетiлуге тиiс ЖҒТК мүшелерiнiң көпшiлiгiмен қабылданған шешiмдерi бойынша айрықша пiкiр енгiзуге құқылы.
13. ЖҒТК мүшесi:
ЖҒТК қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеу мен талқылауға белсене қатысуға;
проблемаларды алдын ала зерделеу мен ғылыми-техникалық кеңестер шешiмдерiнiң жобасын әзiрлеу үшiн комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу жөніндегі ЖҒТК тапсырмаларын орындауға;
ЖҒТК-ке берген ұсынымдары мен қорытындыларының сапасы үшiн жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.
14. ЖҒТК мәжілістерi бекітілген жоспар бойынша үнемi және қажеттiгiне қарай, бірақ кемiнде жарты жылда бір рет өткiзiледi. ЖҒТК мәжілісi оның бекітілген тiзiмдегi құрамының егер кем дегенде 2/3 қатысқан жағдайда құқылы болады. Оның шешiмдерi ашық (кейбір жағдайларда төрағаның ұйғарымы бойынша құпия дауыспен) жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және Қазақстан Республикасы Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы алқасының қаулыларымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 24 шiлдедегi
№ 924 қаулысына
3 қосымша
Iргелi зерттеулер бағдарламаларын
қаржыландыру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әзiрлендi және ол iргелi зерттеулер бағдарламаларын нысаналы бюджеттік қаржыландыру тәртібін белгiлейдi.
2. Iргелi зерттеулердiң мақсаты табиғат, әлеуметтiк жүйелердiң даму заңдылығы туралы принциптi жаңа білім алу және экономиканы жаңғырту мен қоғамның, ғылым мен білімнiң тұрақты дамуының ғылыми негiздерiн әзiрлеу болып табылады. Бюджеттік қаржыландыруда республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша iргелi зерттеулерге артықшылық берiледi.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы (бұдан әрi - Ғылымминi - Ғылым академиясы) ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік басқарудың бірыңғай органы бола отырып, елiмiздiң ғылыми мекемелерi, жоғары оқу орындары жекелеген ғалымдары орындайтын iргелi зерттеулердi үйлестiредi және алынған нәтижелердi мемлекеттік қабылдап алуды ұйымдастырады.
4. Ғылымминi - Ғылым академиясы кең ғылыми жұртшылықты және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы тарта отырып iргелi зерттеулердiң жаңашылдығы мен деңгейiне талдау жасайды. Ғылымның бағыттары бойынша бөлiмшелердiң кеңестерi, Білім министрлігінiң сарапшы кеңестерi, Ғылымминi - Ғылым академиясының жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестiң iргелi зерттеулер жөніндегі кеңесi iргелi зерттеулердiң басым бағыттарын айқындайды.
5. Iргелi зерттеулердiң басым бағыттары бойынша Ғылымминi - Ғылым академиясы бөлiмшелерiнiң жанынан ведомстволық бағыныстылығына қарамастан республиканың жетекшi ғалымдары арасынан ғылыми кеңестер құрылады. Бұл кеңестер республиканың барлық мүдделi ғылыми ұжымдары мен жекелеген ғалымдарын қатыстыра отырып, ашық конкурс негiзiнде iргелi зерттеулердiң нақты бағдарламаларын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды. Конкурстың шарттары республикалық баспасөзде жарияланады.
6. Конкурсқа өткiзiлетiн барлық құжаттар мiндеттi мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өткiзiледi (iргелi зерттеулер бағдарламаларына сараптама жүргiзу туралы ереженi Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi).
7. Ғылымминi - Ғылым академиясы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестiң ұсыныстары және iргелi зерттеулер жөніндегі кеңестiң қорытындыларын ескере отырып, iргелi зерттеулердiң тиiстi бағдарламаларын бекіту және оларды қаржыландыру туралы шешiм қабылдайды, бағдарламалар бойынша бас ұйымдарды белгiлейдi.
Iргелi зерттеулердiң нақты бағдарламасы бойынша бас ұйым ретiнде Ғылымминi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты мекемелермен қатар ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кез келген ұйым белгiленуi мүмкiн. Оларды таңдап алуда қажеттi құрал - аппаратурамен қамтамасыз етiлген, зерттеулердiң тиiстi бағыты бойынша ғылыми мектебiнiң болуы айқындаушы өлшем болуға тиiс.
8. Бекiтiлген iргелi зерттеулердi Ғылымминi - Ғылым академиясы бағдарламалар жөніндегі бас ұйымдар арқылы қаржыландырады.
9. Iргелi зерттеулер жүргiзуге кезектi қаржы жылына арналған бюджеттік қаржының көлемi ағымдағы жылдың маусым-шiлдесiнде бас ұйымдардың мемлекеттік ғылыми техникалық сараптамадан өткен қорытылған ұсыныстарының негiзiнде қалыптастырылады. Бұл көлемдер Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары жобасының ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудың жалпы көлемiне қосылады, оны Қазақстан Республикасының Экономминiмен бірлесе отырып Ғылымминi - Ғылым академиясы мүдделi орталық атқарушы органдар ұсыныстарының талдамасы мен сараптамасының негiзiнде түзедi.
10. Белгiленген тәртiппен республикалық бюджет бекітілгеннен кейiн Ғылымминi - Ғылым академиясы iргелi зерттеулер бағдарламалары бойынша бас ұйымдарды қаржыландыру көлемдерiн түпкiлiктi айқындайды. Бас ұйымдарды қаржыландыру келiп түскен бюджеттік қаражат көлемiне сайма-сай жүзеге асырылады.
11. Iргелi зерттеулер бағдарламасын iске асыруға жауапты бас ұйымдар өз қызметiн ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ғылымминi - Ғылым академиясы бас ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және iргелi зерттеулердiң әрбір бағдарламасына бөлiнген бюджеттік қаржының тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасайды.