Жер учаскесiне және жылжымайтын мүлiкке құқықты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, жер учаскесiне орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық түгендеу органы немесе сәулет және қала құрылысы органы растаған жоспары өтiнiшпен қоса берiледi.
41. Жер учаскесiн сәйкестендiру, оны кадастрлық картада көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекарасын, шектеулер мен жүктеулердiң болуын айқындаудан, басқа тұлғалар құқығының сипатын, сондай-ақ мақсаттық пайдаланылуын белгiлеуден басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу процедуралары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінiң нұсқаулық көрсетулерiне сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 42-тармақ өзгертілді
42. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 402 қаулысына сәйкес жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар әзiрленедi және берiледi, сондай-ақ осы Тәртiптiң 18-тармағына сәйкес жер учаскесiне кадастрлық нөмiр беру арқылы мемлекеттік жер-кадастрлық кiтабына жазба жазылады.
43. Кадастрлық нөмiрдi құру:
облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодымен;
әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кодымен;
есептi кварталдың кодымен;
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы және (немесе әкiмшiлiк аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
Елдi мекеннiң, жұмысшы поселкелерi мен селолық елдi мекендердiң, бағбандық және саяжайлық қоғамдардың кварталдары, темір жол, автомобиль жолдары, бөлу жолақтары бар жер бетіндегі, жерден жоғары және жер асты құбыр желiлерi, суаттар және басқа желiлiк объектiлер есептi кварталдар болып табыла алады.
Ескерту. Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың кодын, одан кейiнгi үшеуi әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың және (немесе әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшіндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
44. Есептi кварталдар мен олардың кодтарын сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ техникалық түгендеу органдарымен келісім бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттер айқындайды және соңынан құқықтық кадастрде пайдаланылатын тиiстi құзыреттi атқарушы орган бекiтедi.
Есептi кварталдардың және (немесе әкiмшiлiк аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшіндегі жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттер бередi.
45. Егер осы Тәртiпке сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда аталмыш кварталдың iшіндегі жер учаскесiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл жағдайды мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталда шартты бiлдiрiлуiн көрсетуi тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдың заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
46. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiр берiледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 47-тармақ өзгертілді
47. Бүтiн жер учаскесiне меншiктiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне онымен мәмiленi жүзеге асырудың нәтижесiнде жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi тұрақты пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысуы туралы мәлiметтердi енгізудi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң тiркеушi органдары ұсынған материалдардың негiзiнде жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетi жүргiзедi.
48. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер кадастрiнде есепке қойылғандығы туралы мәлiмдеушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Мәлiмдеушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және кадастрлық картада (кестеде) өзгерту көрсетiлген кадастрлық картаның (кестенiң) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.
49. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай кадастрлық карталар (кестелер) бақылау жағдайында құрылады және ұсталады:
Қазақстан Республикасының кадастрлық картасы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
облыстардың кадастрлық картасы (кестесi) әкiмшiлiк аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
республикалық маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы қаланың iшіндегі әкiмшiлiк аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы (кестесi) есептi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
есептi кварталдың кадастрлық картасы (кестесi) жер учаскелерiнiң шекаралары мен нөмiрлерi көрсетiлуi арқылы.
50. Кадастрлық картада (кестеде) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарға және картаның (кестенiң) масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
51. Қажет болған кезде кадастрлық карталар (кестелер) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 52-тармақ өзгертілді
52. Кадастрлық карталарды (кестелердi), жүргiзудi және одан кейiнгi жаңартуларды оларды бақылау жағдайында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң тiркеушi органдарына ұсынатын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінiң аумақтық органдары жүзеге асырады.
VII. Кадастрдың ақпаратын пайдалану
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892; 11.06.01 ж. № 800 қаулыларына сәйкес 53-тармақ өзгертілді
53. Мыналар Кадастрдың ақпаратын пайдаланушылар болып табылады:
аумақтарды дамытуды жоспарлау, жерлердi аймақтандыру, табиғат ресурстарын орынды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды жасау мәселелерi бойынша, жер ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік басқару органдары;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң тiркеушi органдары мен Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi және оның жергiлiктi жердегi органдары;
құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және ұсыну (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлердiң тапсырыс берушiлерi;
жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы мәлiметтер алу мәселелерi бойынша - жобалау, зерттеу, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысының және басқа да құжаттамаларды әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет және қала құрылысы органдары;
табиғат ресурстарын пайдалануға және қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргiзу, табиғат қорғау шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғаудың мемлекеттік органдары; жер салығын есептеу мәселесi бойынша - салық қызметi;
басқа да заңды және жеке тұлғалар.
54. Мемлекеттік құпиясы жоқ және кiруге басқа да шектеулерi болмаған Кадастрдың ақпараты кез-келген заңды және жеке тұлғаға ұсынылады.
Пайдаланушылар алған Кадастрдың ақпараты сатуға немесе басқа мәмiлелер жасауға жатпайды, бiрақ өндiрiстiк ақпарат құру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
55. Кадастрдың ақпаратын пайдалану, қағаз немесе магниттiк тасымалдаушыларда стандартты ресiмделген кадастрлық құжаттармен танысу және (немесе) оны алу нысанында, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы Кадастр мәлiметтерi банкiсiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
56. Кадастрдың ақпаратына ену режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершiлiкке апарады.
57. Жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалған мәмiлеге құқықтылықты мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы, немесе мемлекеттік бақылау функцияларын орындаушы немесе басқа да мемлекеттік кадастрларды жүргiзудi жүзеге асырушы органдардан басқа кадастрдың ақпараттарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі белгiленген тәртiпке сәйкес деректердi iздеу, өңдеу және жауапты ресiмдеу жөніндегі шығындарды төлейдi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 16 қыркүйектегi
№ 892 қаулысына 1-қосымша
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892 қаулыcына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда
Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру
мақсатына арналған облыстар мен республикалық
маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк | Код |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстiк Қазақстан Оңтүстiк Қазақстан Алматы қаласы Астана қаласы | 01 02 03 04 05 06 08 09 10 12 13 14 15 19 20 21 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 16 қыркүйектегi
№ 892 қаулысына 2-қосымша
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892 қаулыcына сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 2-қосымша өзгертілді
Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру
мақсатына арналған әкiмшiлiк аудандар мен облыстық
(аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI
┌────────────────────────────────────────────┬─────────────────────┐
│ Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк │ Код │
├────────────────────────────────────────────┼─────────────────────┤
│ 1 │ 2 │
├────────────────────────────────────────────┼─────────────────────┤
│ Ақмола облысы-01 │ │
│ │ │
│ Ақкөл │ 001 │
│ Астрахань │ 002 │
│ Атбасар │ 003 │
│ Сандықтау │ 004 │
│ Аршалы │ 005 │
│ Ерейментау │ 006 │
│ Егiндiкөл │ 007 │
│ Қорғалжын │ 008 │
│ Бұланды │ 009 │
│ Целиноград │ 011 │
│ Шортанды │ 012 │
│ Ақкөл қаласы │ 014 │
│ Атбасар қаласы │ 015 │
│ Ерейментау қаласы │ 016 │
│ Макинск қаласы │ 017 │
│ Степногор қаласы │ 018 │
│ Шаңтөбе поселкесi │ 019 │
│ Жарқайың │ 275 │
│ Есіл │ 277 │
│ Жақсы │ 278 │
│ Державин қаласы │ 283 │
│ Есіл қаласы │ 284 │
│ Красногор поселкесi │ 285 │
│ Еңбекшiлдер │ 172 │
│ Зерендi │ 160 │
│ Щучье │ 171 │
│ Көкшетау қаласы │ 174 │
│ Заозерный кентi │ 173 │
│ Степняк қаласы │ 176 │
│ Щучье қаласы │ 177 │
│ │ │
│ Ақтөбе қаласы-02 │ │
│ │ │
│ Алға │ 022 │
│ Байғанин │ 023 │
│ Әйтеке би │ 024 │
│ Ырғыз │ 025 │
│ Мұғаджар │ 027 │
│ Қарғалы │ 028 │
│ Мәртөк │ 029 │
│ Темір │ 031 │
│ Ойыл │ 032 │
│ Қобда │ 033 │
│ Хромтау │ 034 │
│ Шалқар │ 035 │
│ Ақтөбе қаласы │ 036 │
│ Алға қаласы │ 037 │
│ Қандыағаш қаласы │ 038 │
│ Темір қаласы │ 039 │
│ Хромтау қаласы │ 040 │
│ Шалқар қаласы │ 041 │
│ Ембi қаласы │ 042 │
│ │ │
│ Алматы облысы-03 │ │
│ │ │
│ Балқаш │ 043 │
│ Еңбекшiқазақ │ 044 │
│ Жамбыл │ 045 │
│ Iле │ 046 │
│ Қарасай │ 047 │
│ Райымбек │ 050 │
│ Талғар │ 051 │
│ Ұйғыр │ 052 │
│ Есiк қаласы │ 054 │
│ Қапшағай қаласы │ 055 │
│ Каскелең қаласы │ 056 │
│ Талғар қаласы │ 057 │
│ Ақсу │ 254 │
│ Алакөл │ 255 │
│ Қаратал │ 259 │
│ Кербұлақ │ 260 │
│ Көксу │ 261 │
│ Панфилов │ 262 │
│ Сарқанд │ 263 │
│ Ескелдi │ 264 │
│ Жаркент қаласы │ 266 │
│ Сарқант қаласы │ 267 │
│ Талдықорған қаласы │ 268 │
│ Текелi қаласы │ 269 │
│ Үштөбе қаласы │ 270 │
│ Үшарал қаласы │ 271 │
│ │ │
│ Атырау облысы-04 │ │
│ │ │
│ Жылыой │ 059 │
│ Индер │ 060 │
│ Исатай │ 061 │
│ Қызылқоға │ 062 │
│ Құрманғазы │ 063 │
│ Мақат │ 064 │
│ Махамбет │ 065 │
│ Атырау қаласы │ 066 │
│ │
│ Шығыс Қазақстан облысы-05 │
│ │
│ Глубокий │ 068 │
│ Зайсан │ 069 │
│ Зырян │ 070 │
│ Катонқарағай │ 071 │
│ Күршiм │ 072 │
│ Лениногор │ 073 │
│ Тарбағатай │ 078 │
│ Ұлан │ 079 │
│ Шемонаиха │ 080 │
│ Зайсан қаласы │ 081 │
│ Зырян қаласы │ 082 │
│ Лениногор қаласы │ 083 │
│ Серебрянск қаласы │ 084 │
│ Өскемен қаласы │ 085 │
│ Шемонайха қаласы │ 086 │
│ Абай │ 236 │
│ Аягөз │ 239 │
│ Бесқарағай │ 240 │
│ Бородулиха │ 241 │
│ Жарма │ 243 │
│ Көкпектi │ 244 │
│ Үржар │ 248 │
│ Аягөз қаласы │ 251 │
│ Семей қаласы │ 252 │
│ Шар қаласы │ 253 │
│ │ │
│ Жамбыл облысы-06 │ │
│ │ │
│ Байзақ │ 087 │
│ Жамбыл │ 088 │
│ Жуалы │ 089 │
│ Қордай │ 090 │
│ Т. Рысқұлов атындағы │ 091 │
│ Мерке │ 092 │
│ Мойынқұм │ 093 │
│ Сарысу │ 094 │
│ Талас │ 095 │
│ Шу │ 096 │
│ Тараз қаласы │ 097 │
│ Жаңатас қаласы │ 098 │
│ Қаратау қаласы │ 099 │
│ Шу қаласы │ 100 │
│ │
│ Батыс Қазақстан облысы-08 │
│ │
│ Бөрiлi │ 114 │
│ Жаңақала │ 115 │
│ Жәнiбек │ 116 │
│ Зеленов │ 118 │
│ Қазталовка │ 119 │
│ Қаратөбе │ 120 │
│ Сырым │ 122 │
│ Тасқала │ 124 │
│ Теректi │ 125 │
│ Бөкейордасы │ 126 │
│ Ақжайық │ 127 │
│ Шыңғырлау │ 128 │
│ Ақсай қаласы │ 129 │
│ Орал қаласы │ 130 │
│ Чапаев қаласы │ 131 │
│ │ │
│ Қарағанды облысы-09 │ │
│ │ │
│ Қарқаралы │ 133 │
│ Абай │ 134 │
│ Нұра │ 136 │
│ Осакаровка │ 137 │
│ Бұхар-Жырау │ 140 │
│ Абай қаласы │ 141 │
│ Қарағанды қаласы │ 142 │
│ Қарқаралы қаласы │ 143 │
│ Сарань қаласы │ 144 │
│ Теміртау қаласы │ 145 │
│ Шахтинск қаласы │ 146 │
│ Ақтоғай │ 102 │
│ Жаңарқа │ 104 │
│ Ұлытау │ 106 │
│ Шет │ 107 │
│ Балхаш қаласы │ 108 │
│ Жезқазған қаласы │ 109 │
│ Қаражал қаласы │ 110 │
│ Приозерск қаласы │ 111 │
│ Сәтпаев қаласы │ 112 │
│ │ │
│ Қызылорда облысы-10 │ │
│ │ │
│ Арал │ 147 │
│ Жалағаш │ 148 │
│ Жаңақорған │ 149 │
│ Қазалы │ 150 │
│ Қармақшы │ 151 │
│ Сырдария │ 153 │
│ Шиелi │ 154 │
│ Қазалы қаласы │ 155 │
│ Қызылорда қаласы │ 156 │
│ │ │
│ Қостанай облысы-12 │ │
│ │ │
│ Алтынсарин │ 178 │
│ Жетiғара │ 179 │
│ Қамысты │ 180 │
│ Қарасу │ 181 │
│ Қарабалық │ 182 │
│ Қостанай │ 183 │
│ Ұзынкөл │ 184 │
│ Меңдiқара │ 185 │
│ Наурызым │ 186 │