Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң
тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 ж. 6 маусымдағы № 710 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.09.1998 ж. № 892; 11.06.2001 ж. № 800; 27.05.2002
ж. № 574 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
ҚР Үкіметінің 11.06.2001 № 800 қаулысына сәйкес кіріспе өзгертілді
"Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң Тәртібі бекітілсiн.
2. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерiнiң орынын айқындау (бiрдейлендiру) үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, әкiмшiлiк аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың кодтарының тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892; 11.06.01 ж. № 800 қаулыларына сәйкес 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi аэросуретке түсiру, топографиялық, картографиялық материалдары бар министрлiктер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар оларды Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгіне көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын.
4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу кезiнде жер учаскелерiне берiлген нөмiрлер жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң тiркеушi органдары тарапынан мемлекеттік тiркеу мақсаты үшiн пайдаланылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 6 маусымдағы
№ 710 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892; 11.06.01 ж. № 800; 27.05.02 ж. № 574 қаулыларына сәйкес тәртіб өзгертілді
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер
кадастрын жүргiзудiң
Тәртібі
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрi Кадастр) "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес мемлекеттік органдарды, азаматтарды және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді
2. Кадастр Қазақстан Республикасы жерлерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, орыны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерiнiң мөлшерлерi мен шекаралары, олардың сапалық сипаты туралы мәлiметтердiң, жер учаскелерiн есепке алу, жердi пайдалану және бағалау туралы, басқа да қажеттi мәлiметтердiң жүйесiн бiлдiредi.
Суармалы жер учаскелерiнiң мелиоративтiк жай-күйi, олардың табиғи және сулылық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау, олардың пайдалануын есепке алу туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жерлердiң мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Кадастрдың деректерi жерлердi пайдалануды жоспарлау және күзету кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтердi бағалау және жерлердi пайдалану мен күзетуге байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру кезiнде негiз болып табылады және жермен мәмiле жасау кезiнде, жер үшiн төлемдердiң мөлшерiн айқындау кезiнде, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу кезiнде де пайдаланылуы мүмкiн.
4. Кадастрды жүргiзу кезiнде координаттардың, биiктердiң, картографиялық кескiндердiң, бiрыңғай жiктемелердiң, кодтардың, кiрiс және шығыс қалыптардың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн қолдануға негiзделген ақпараттардың өзара үйлесiмдiлiк принципi қамтамасыз етiледi.
5. Кадастр кадастрлардың мемлекеттік жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
6. Кадастр оны жүргiзу процесiнде үнемi жаңарып отыратын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдаланудың және күзетудiң жағдайы туралы мәлiметтердiң жүйелендiрiлген жиынтығын бiлдiредi.
7. Тұйық шекаралармен бөлiнген, белгiленген тәртiпте жер құқық қатынастары субъектiлерiне бекітілiп берiлген жер учаскелерi Кадастрдың деректерiне есеп жүргiзудiң және сақтаудың бiрлiгi болып табылады.
8. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерi мен орнын, сондай-ақ құнының бағалануын (жердiң сәйкес бағасы) айқындауға мүмкiндiк беретiн сипаттама белгiленедi.
9. Жер учаскелерi туралы мәлiмет аталмыш учаскеге бекітілiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекаралары және мәтiндiк суреттелуi көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
10. Кадастрдың мәлiметтерiн қалыптастыру Кадастрды жүргiзу мақсаты үшiн орындалатын топографиялық-геодезиялық, аэрокосмостық, картографиялық, жерге орналастырушылық, түгендеушiлiк, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа да тексерулер мен зерттеулер жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
11. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке және заңды тұлғалардың - субъектiлердiң атауы, жер учаскесiне құқық, атқарушы органдардың актілері мен басқа да заңда көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орыны мен көлемi, бағалық құны және жердi пайдалану құқығы, мақсаттық мәнi, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттарға көңiл бөлiнетiн және сақталатын тиiстi әкiмшiлiк аудандардың деңгейiнде жүргiзiледi.
Бұл деректер аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және бүтiндей алғанда Қазақстан Республикасы бойынша оларды өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жердiң санаттары бойынша жүйелендiрiледi.
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892 қаулыcына сәйкес II-тараудың атауы және мәтiнiнде сөздер өзгертілді
II. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігінiң және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының
мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу саласындағы функциялары
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыс негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тiркеу мақсатында жер учаскелерiнiң есебiн алу жөніндегі жұмыстар тапсырысшылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жер кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттік кәсiпорындар жүзеге асырады, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800; 27.05.02 ж. № 574 қаулыларына сәйкес 13-тармақ өзгертілді
13. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі:
жобалау-зерттеу, аэрокосмостық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақ зерттеу, геоботаникалық, бағалау жұмыстарын және кадастрды жүргiзу, кадастрлық құжаттамаларды қалыптастыру және жаңарту мақсаттары үшiн жүзеге асырылатын басқа да зерттеулер мен тексерулердi жүргiзудi ұйымдастырады;
белгiленген тәртiпте, оның құзыретiнiң шегiнде барлық министрлiктер, заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылатын, Кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттамалардың әдiстемелiк нұсқаулары мен нұсқаулықтарын, нормативтерi мен стандарттарын жасайды және бекiтедi;
жыл сайын мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға Кадастр мен жерлер мониторингi деректерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы жерлерiнiң жағдайы және пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалы есеп ұсынады;
Кадастр деректерiнiң басқа мемлекеттік кадастрлардың мәлiметтерiмен сыйымдылығының сақталуын қамтамасыз етедi;
жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының аумақтарында Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөніндегі жұмыстардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын республикалық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
жер туралы мәлiметтердi, жүйелендiрудi, зерттеудi және сақтауды, сондай-ақ Кадастрдың жариялауға жататын материалдарын шығаруды жүзеге асырады, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, азаматтарға және заңды тұлғаларға мәлiмет ұсынады.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 14-тармақ өзгертілді
14. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттерi:
жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша бар жер мен олардың пайдаланылуы туралы есептi бередi;
жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiредi;
Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
автоматтандырылған режимде ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттердi картографиялық негiздермен, бағдарламалық әзiрленiмдермен, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етедi;
аудандық (қалалық) деңгейдегi мамандарды оқытады және олар атқарған жұмыстардың сапасын бақылайды;
жер учаскелерiн есепке алуды, тиiстi облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы жер учаскелерiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi;
мүдделi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады.
15. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер:
жаңа жер учаскелерiн құруды және барларын қайта құруды жүзеге асырады;
жер учаскелерiнiң есебiн, жер учаскесiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi;
жыл сайын жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетке аудан жерлерiнiң есебi және пайдаланылуы туралы есеп ұсынады;
мүдделi аудандық басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады;
автоматтандырылған режимде ақпараттардың жаңартылуын, сақталуын және қорғалуын, сондай-ақ оған кiру құқығын аудандық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi.
III. Жер-кадастрлық құжаттама
16. Кадастр базалық құжаттардан тұрады.
Базалық құжаттарға:
жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсi (кадастрлық iс);
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттік жер-кадастрлық кiтабы;
жер-кадастрлық карта (кадастрлық карта) жатады.
Базалық құжаттарда жер учаскелерi туралы алғашқы мәлiметтер жазылады және жерлердiң шаруашылық және табиғи жағдайында болған өзгерістер көрсетiледi.
17. Кадастрлық iс - жер учаскесi туралы құжаттар кiретiн жаңа жер учаскелерiн құру және барларын қайта құру туралы iс.
Кадастр iсiн қалыптастыру жер учаскесiн мемлекеттік жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болып табылады.
18. Мемлекеттік жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жерлердiң кеңiстiктiк, табиғи және шаруашылықтық жағдайлары туралы нақты мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Ауылдық (селолық) округтiң, поселкенiң мемлекеттік жер-кадастрлық кiтабын жүргiзудi тиiстi ауылдық (селолық) немесе поселкелiк атқарушы органның өкiлеттi лауазымды тұлғалары жүзеге асыра алады.
Әдiстемелiк қамтамасыз ету және аталмыш құжаттың жүргiзiлуiн бақылау жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттiң тарапынан жүзеге асырылады.
Жер учаскесiн мемлекеттік жер-кадастрлық кiтабына жазу кезiнде оған учаске бар кезде бiрыңғай бүтiндiк ретiнде сақталатын, дербес, Қазақстан Республикасының аумақтарында қайталанбайтын кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл учаскеге жүргiзiлген кадастрлық iс те осы нөмiрмен бiрдейлендiрiледi. Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiн құру осы Тәртiптiң 43-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Жердiң кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан орнын, мөлшерлерiн және шекараларын көрнекi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезіндегі олардың өзгерістерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзiледi. Кадастр үшiн кадастрлық карталар жүргiзу және тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне есепке алу жүргiзу осы Тәртiптiң 24 және 49-52-тармақтарында мазмұндалған.
20. Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, мазмұны, нысандары, сондай-ақ оларды жүргiзу жөніндегі нұсқаулар мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келісімi бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінiң тарапынан әзiрленедi және бекітіледi.
21. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
барлық реквизиттердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, адресатты) құжатты алушыны (көрсету) толтыру арқылы белгiленген үлгiдегi бланкаларда орындалады;
жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі белгiлеген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларындағы (сызбалары) мазмұндалатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.
IV. Кадастрды жүргiзудiң тәртібі
22. Кадастрды жүргiзуге:
әзiрлiк жұмыстары:
бастапқы деректердi жинау және өңдеу;
кадастрдың ақпараттық жүйесiн құру енедi.
23. Әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдарды, жер-есептiк құжаттамаларды, топырақтық геоботаникалық және басқа да зерттеулердiң материалдарын зерттеу және талдау, жер учаскелерi туралы мәлiметтер жинау жүзеге асырылады.
24. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларына өзгертулер енгізу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Кадастрлық карталардың масштабы Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қатысты таңдалады. Кадастрлық карталардың түрлерi осы Тәртiптiң 49-тармағында айқындалған.
Автоматтандырылған Кадастр жүргiзу кезiнде картографиялық негiз қағаз бетіндегі көшiрмелерi дайындалып геоақпараттық технологиялар қолданылуы арқылы электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
25. Жер учаскелерi туралы ақпарат жерге орналастырудың деректерi бойынша құрылады және учаскелер мен пайдаланылатын жерлердiң шекаралары мен алаңдары өзгерген кездерде жүйелi түрде жаңартылады.
26. Жер учаскесi егер оның белгiленген шекарасы болса және оған кадастрлық iс жүргiзiлсе түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады.
Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету болмаса пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде кадастрлық iс олардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Жер учаскесiне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi ұсынушы құзыреттi атқарушы органның шешiмiмен учаске шекарасының сызбасы (кестесi) өтiнiшпен қоса берiледi.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер олардың шекараларының, алаңдарының өзгеруi белгiлi болған және бұл өзгерістердiң мақсаттық тұрғысы жергiлiктi атқарушы органдардың қайта бекітуiне немесе мүдделi тараптардың арасындағы жасалған шарттарда көрсетуге жататын жағдайларда жергiлiктi жерде жер учаскесiн тексеру арқылы аталмыш құжаттарды тексерудi жүзеге асырады.
Егер оларға, тиiсiнше өмiрбойғылық мұрагерлiк иелiк немесе тұрақты иелiк және тұрақты пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiн азаматтардың меншiгiне немесе заңды тұлғалардың пайдалануына беру кезiнде бiр не болмаса бiрнеше жаңа жер учаскелерi пайда болса, онда олардың әрқайсысында жаңа кадастрлық iс жүргiзiледi. Бұрын учаскенiң кадастрлық iсi оны жою туралы белгiмен архивке өткiзiледi.
27. Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгіндегі жерлерден учаске құру тек тараптардың арасында жасалған мәмiлелердiң негiзiнде ғана жүргiзiледi.
Жер учаскесiн құруға мүдделi тұлғалардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiлген кадастрлық iске аталмыш мәмiлелер бойынша нотариалдық куәландырылған көшiрмелер, жер учаскелерiнiң жоспарлары немесе сызбалары, басқа да құжаттар кiргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.2001 № 800 қаулысына сәйкес 28-тармақ өзгертілді
28. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгіндегі, немесе пайдалануындағы жерлерден мемлекеттік қажеттер үшiн жер учаскесiн құру кезiнде оған жүргiзiлген кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттік қажеттiлiк үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не болмаса соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекаралардың сызбасы) және iстi қарау кезiнде пайда болған басқа құжаттар кiргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 29-тармақ өзгертілді
29. Мемлекеттік қажеттер үшiн, не болмаса азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмiлелерде жасалған жер учаскесiн қайта құру жағдайларында жаңа кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта құру процесiне ықпал етушi барлық құжаттар аталмыш учаскеге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iске кiргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 30-тармақ өзгертілді
30. Азаматтар мен заңды тұлғалардан күштеп алуға жататын (тәркiлеу) не "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74 және 75-баптарында көзделген негiздер жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне соттық-атқарушылық өндiрiстiң құжаттары кiргiзiледi.
31. Егер жер учаскесiнiң бөлiктерiн уақытша пайдалануға немесе кепiлге (ипотека) беруге мәжбүр ету туралы шарттың талаптары бойынша бұл бөлiктi басқа жерден бөлшектеушi шекараны белгiлеу қажет болса (демек жаңа уақытша учаске құру) онда мұндай учаскеге дербес кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Барлық құжаттар меншiк иесiнiң немесе жердi пайдаланушының негiзгi жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне кiргiзiледi.
Егер уақытша жер учаскесiнiң және жер сервитутының болуына негiз жойылса, онда кадастрлық iстегi тиiстi құжаттарда жазу жазылады және олардың жойылғаны туралы белгi қойылады.
32. Кадастр қағаз бетiне жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйесiн пайдалану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
33. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесi жұмысының тәртібін Қазақстан Республикасының Жер ресурстарының басқару жөніндегі агенттігі айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.
V. Жерге сандық, сапалық есеп жүргiзудiң
және бағалаудың тәртібі
34. Жерлердiң сандық және сапалық есебi олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгертулер олар жергiлiктi жерлерде болғаннан кейiн көрсетiледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттік жер-кадастрлық кiтапқа кiргiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар, облыстар бойынша және бүтiндей алғанда республика бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте айрықша күзетiлетiн табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
Барлық санаттағы жерлер есептеуге жатады және ол жердi пайдалану түрлерi бойынша жүргiзiледi.
Жерлердiң мөлшерi, орны, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде көрсетiледi, ал жерлердiң құрамында олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерістер жерлердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892 қаулысына сәйкес 35-тармақ өзгертілді
35. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
а) жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар, өкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң органы есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитетке белгiленген нысан бойынша меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң иелiгіндегі жерлердiң құрамында болған өзгерістер туралы есептер ұсынады;
б) жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік органдар есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша аудандар, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша жерлердiң саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы оларға мыналарды қосу арқылы есептеме құрастырады;
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын алаңдардың саны мен оларда болған өзгерістер (оның iшiнде жеке суармалы және құрғатылған жерлер), оларды санаттар, меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекет меншiгiне сату туралы, пайдаланылған және жүйесiз пайдаланылған жерлердi алу туралы және мемлекеттiң меншiгіндегі жерлердi ауыл шаруашылығы емес қажеттiлiктер үшiн бөлу туралы мәлiметтердi - жыл сайын;
ұсынылған жерге ақы алу үшiн қажеттi мәлiметтердi, жерлер мен оларды санаттар, танаптар, меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар бойынша бөлу, пайдаланылатын жерлердiң алаңдарында болған өзгерістер, жердiң сапалық жағдайы, оларды кадастрлық бағалау және аумақтардың игерiлуi туралы мәлiметтердi - 5 жылда бiр рет.
ҚР Үкіметінің 11.06.01 ж. № 800 қаулысына сәйкес 36-тармақ өзгертілді
36. Жерлердiң сапасын және құндық бағасын есепке алу:
мақсаттық тұрғысын ескерiп жер учаскесiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн айқындау;
жер учаскесiн кепiлге салу арқылы банкiлiк кредит алу кезiнде жердiң бағасын айқындау;
салық салу;
жер учаскесiн мемлекеттік қажеттер үшiн күштеп алу кезiнде және реквизиция жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен айқындау;
аукционда сату кезiнде жер учаскесiнiң немесе жердi пайдалану құқығының бастапқы бағасын айқындау мақсатында жүргiзiледi.
Жердiң сапасы және оның құндық бағасы туралы мәлiмет әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттік жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
Жердi бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жекеменшiкке сатылатын немесе мемлекетке пайдалануға ұсынылатын жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау тәртібіне сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 16.09.98 ж. № 892; 11.06.01 ж. № 800; 27.05.02 ж. № 574 қаулыларына сәйкес 37-тармақ өзгертілді
37. Осы тәртiптiң 35-тармағына сәйкес жасалған бар жерлер, олардың саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептер қаралады және бекітіледi:
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша - тиiстi ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі облыстық комитетке ұсынылады;
облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бар жерлері, олардың сапалық жай-күйі және пайдаланылуы (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда, республика бойынша) туралы жиынтық талдамалы есепті алқада қарайды және бұйрықпен бекітеді.
Оны Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бекiткеннен кейiн жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Экономика және сауда министрлігіне, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және Статистика жөніндегі агенттiгiне жолданады.
VI. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн
есепке алу
38. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiнiң және ондағы жылжымайтын мүлiктердiң есебiн алу меншiк құқы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктерге иелiктi мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етушi қажеттi шарт болып табылады.
39. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi көрсету мiндеттi болып табылады:
жер учаскесi иесiнiң немесе пайдаланушының аты-жөнi;
жер учаскесiнiң көлемi;
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
жер учаскесiнiң мақсаттық тұрғысы;
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеу;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi;
жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлiк туралы мәлiмет.
40. Азаматтар мен заңды тұлғалар жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлуi үшiн, сондай-ақ жерге құқықты куәландыратын ескi үлгiдегi құжатты жаңасына ауыстыру үшiн өтiнiшпен тиiстi жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетке хабарласады.