Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N
299 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 28 маусымдағы № 810 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру, экспортты ынталандыру, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Қырғызстан Республикасының арасындағы Кедендiк одақтық шеңберiнде сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң заң және нормативтiк базасын бiрегейлендiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Әкетiлетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 84-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
бидайдың басқа түрлерiн қоспағанда (СЭҚ ТН коды 1001 90) сыртқа шығарылатын тауарларға экспорттық кеден бажы салынбасын.
2. Осы қаулы 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi