Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 маусымдағы № 733
қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 маусымдағы № 768 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы жүргiзетiн тез қайтымды инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 маусымдағы № 733 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Кредиттiк ресурстарды орналастыру жөнiнде қазақстандық банктер арасында конкурс өткізу туралы ереженiң 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурстың негiзгi шарттары: банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бұрын берiлген құжаттарды, пруденциялдық нормативтердi соңғы 6 ай бойы сақтауы;
банкте 4 млн. АҚШ доллары баламдығынан асатын өз капиталының болуы;
банкте инвестициялық жобаларды iрiктеу және сараптау, қаржыландыру және оларды iске асыруды бақылау жөніндегі бөлiмшелер мен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
банктiң инвестициялық жобаларды бiрлесiп әр жобаның кем дегенде 10 процентi сомасына қаржыландыруға қатысу мүмкiндiгi".
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттары туралы,
сондай-ақ тез қайтымды инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы ереженiң "Жобаларды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары" деген 4-бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жобаларды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары.
Қаржыландыруға өкiлеттi банктер берген және Комиссия бекiткен жобалар тiзiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өкiлеттi банктермен 3 жылға дейiнгi мерзiмге жылына 4 проценттiк бұзу құқығынсыз, жобаны iске асыруды банк немесе Комиссия тоқтатқан жағдайларды қоспай, кредиттiк шарттар жасасады.
Әрбiр өкiлеттi банкке бөлiнетiн кредиттер лимитi өз капиталына сайма-сай айқындалады және банктер берген жобаларды Комиссияның бекiтуi бойынша толтырылады деп белгiленсiн.
Банктер займшыларға кредит берудi либор+2 проценттен аспайтын ставка бойынша iске асырады.
Кәсiпорын-займшылар жобаларды қаржыландыруды қажетiне қарай банктiң кредиттiк бөлiмшелерiнiң бақылауымен iске асырады.
Жобаны толық көлемiнде мерзiмiнен бұрын жүзеге асырылған және кредиттiк берешек мерзiмiнен бұрын өтелген жағдайда кәсiпорын импорттың орнын ауыстыратын өндiрiстi кеңейтуге немесе толықтырушы өндiрiстi дамытуға бағытталған жаңа жобаны қарауға айрықша құқық алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жоба бойынша кредитке берiлген, Комиссия қаржыландыруға қабылдаған сомаларға қатысты мiндеттi резервтеу нормаларын өкiлеттi банктерге қолданбау ұсынылсын".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi