Көтерме сауда азық-түлiк рыноктары жүйесiн құру және оны дамыту
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 10 маусымдағы № 722 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Халықтың азық-түлiкпен қамтамасыз етiлуiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қазақстан Республикасында көтерме сауда азық-түлiк рыноктарының жүйесiн құру және оны дамыту жөнiнде әзiрленген ұсынымдары мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi көтерме сауда азық-түлiк рыноктары жүйесiн ұйымдастыру жөніндегі шараларды әзiрлесiн және оны жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мемлекеттік меншiктегi объектiлердi кейiн сатып алу құқығымен көтерме сауда азық-түлiк рыноктарына жалға беруге жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 маусымдағы № 722 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында көтерме сауда азық-түлiк
рыноктар жүйесiн құру және оны дамыту жөніндегі
Ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Осы ұсынымдар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көтерме сауда азық-түлiк рыноктар (әрi қарай - көтерме рынок) жүйесiн құру және оны дамыту тетiгiнiң жалпы тәртібін белгiлейдi.
2. Көтерме сауда рыногы белгiленген тәртiпте тiркелген заңды тұлға болып табылады. Көтерме сауда рыногы өз қызметiн жарғы мен құрылтай шартының негiзiнде құқықтық-ұйымдық нысанына қарай заңды тұлға ретiнде жүзеге асырады.
3. Көтерме сауда рыногында өткiзiлетiн саудаластық тапсырыстарды орналастыру нысаны немесе тапсырысты орындау мен қызмет көрсету үшiн әрiптестi (атқарушыны, делдалды) таңдауды көздейтiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiгiн алу.
Саудаластыққа қатысушылар - Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң заңды және жеке тұлғалары.
4. Көтерме сауда рыногының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
бәсекелестiк рыногына шығу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiн өндiрушiлер мен берушiлерге қажеттi жағдайлар жасау:
халықты жаңа және сапалы тамақ өнiмдерiмен жыл бойы жабдықтауды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нормадан жоғары шығынын қысқарту;
ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiгiн нақты бiр жерге шоғырландыру.
2. Көтерме сауда рыногының функциялары
5. Көтерме сауда рыногының негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
көтерме саудаластық жүргiзу үшiн ұйымдық жағдайлар жасау, сауда мәмiлелерiн жасау, кеңсе және офистiк үй-жайлардың арнаулы сауда орындарын және көтерме саудаластыққа қатысушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi жабдықтау;
көтерме саудаластыққа қатысушылардың тауар иегерiнiң келісімi бойынша аукциондық және конкурстық саудаластықтар ұйымдастыру;
көтерме сауда рыногында сатылатын тауардың сапасына, сондай-ақ белгiленген тәртiпте бекітілген сауда ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмiне азық-түлiгiне сұраныс пен ұсыныстың және қалыптасқан бағалардың деңгейiнiң жай-күйi туралы материалдар жинау, қорыту және онымен көтерме саудаластыққа қатысушыларды хабарландыру;
көтерме саудаластыққа қатысушыларды олардың тапсырыстары бойынша көлiк қызметтерi мен қажеттi сауда-технологиялық, көтеру-көлiгiмен, тиеу-түсiру және салмақ өлшеу жабдығымен және басқа да қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету;
көтерме саудадағы қатысушылардың тапсырыстары бойынша тауарларды iшкi қоймалық орналастыруды, сауда жүктерiн түсiру және тиеудi орындау;
инженерлiк инфрақұрылымдар құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, тоңазыту, сауда, көтеру-көлiк және өзге де жабдық пен тетiктерге техникалық қызмет көрсету;
өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдi iлеспе сатуын ұйымдастыру;
көтерме сауда рыногының объектiлерiн күзетудi, көтерме саудаластыққа қатысушыларды тiркеу жүйесiн, iшкi байланыс құралдары жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру, өрттен қорғау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
көтерме саудаластыққа қатысушыларды әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы қызметтермен қамтамасыз ету;
аумақты, барлық қоймаларды, сауда, кеңсе және офистiк үй-жайларды тазалау.
6. Көтерме рынок Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ауыл шаруашылығы өнiмiмен және азық-түлiгiмен көтерме сауда ұйымдастыруға байланысты басқа қызметтi жүзеге асыруға хақылы.
3. Көтерме сауда рыноктарының үлгiлерi
7. Ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерi түрлерiнiң кең ауқымы бойынша көтерме сауда рыноктары мамандандырылған және әмбебап болуы мүмкiн.
Мамандандырылған көтерме сауда рыноктары өнiмнiң жекелеген түрлерiмен, етпен және ет өнiмдерiмен, жемiс-жидектермен, көкөнiспен, балық және балық өнiмдерiмен және басқаларымен сауда жасауға бағдарланады.
Әмбебап көтерме сауда рыноктары ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiнiң бiрнеше түрiмен сауда жасауды ұйымдастырады.
8. Көтерме сауда рыноктары түрлерiнiң ерекшелiгi мен жұмыс iстеудiң нақты жағдайларына байланысты ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерi өндiрiсiнiң аймағында да, сондай-ақ оларды жаппай тұтыну орталықтарында да орналасуы мүмкiн.
4. Көтерме сауда рыногын құру мен жұмыс
iстеуiнiң ұйымдық-құқықтық тетiгi
9. Көтерме сауда рыногын шетелдiк қатысушыларды қоса алғанда заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкiн құрылтайшылар белгiленген заң тәртібімен құрылады. Құрылтайшылардың санына шек қойылмайды.
10. Көтерме сауда рыногы Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң заңды және жеке тұлғаларының қаржы қаражаттарын, мүлкi мен өзге де меншiктерiн бiрiктiру жолымен құрыла алады.
Шетелдiң заңды және жеке тұлғаларының қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
11. Көтерме сауда рыноктарын құру кезiнде ұйымдық-құқықтық нысандарды тыңдауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оның құрылтайшылары айқындайды.
12. Мыналардың болуы көтерме сауда рыногының тиiмдi жұмыс iстеуiнiң қажеттi шарттары болып табылады:
бөлшек сауда ұйымдарының монополиясыздандырылған жүйесi;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң тауар өндiрушiлерiнiң дамыған торабы мен ұқсатушы өнеркәсiп үшiн шикiзаты;
өнiмдердi сақтау, тоңазыту, орау-қаптау, тасымалдаудың тиiстi материалдық-техникалық базасы мен коммуникациялар.
13. Көтерме сауда нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн оның жанынан: ақпараттық, есеп айырысу-қаржы, заң, сондай-ақ көлiк және сервистiк (тамақ, қонақүй шаруашылығы және басқалар) арнаулы қызметтер құрылады.
Қызметтердi құру мен орналастыру үшiн заңмен белгiленген тәртiпте жер учаскесi бөлiнедi, өнiмдi сақтау, тоңазыту, орау-қаптау, тасымалдаудың материалдық-техникалық базасы жаңадан құрылады немесе қолда барлары пайдаланылады.
Көтерме сауда рыногының аталған қызметтерi осы рыноктың бөлiмшесi ретiнде де құрыла алады немесе заңды тұлға құқығында көтерме сауда рыногының әкiмшiлiгiмен шарттық негiзде дербес ұйым ретiнде де жұмыс iстей алады.
14. Әмбебап және мамандандырылған көтерме сауда рыноктары ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiгiнiң жекелеген түрлерiн сатудың ерекшелiктерiнiң негiзiнде инфрақұрылымын қалыптастырады.
Бұл ретте:
мамандандырылған жемiс-көкөнiс көтерме сауда рыноктары жұмыс iстеп тұрған жемiс-көкөнiс базаларын, сауда-сатып алу ұйымдарын, рыноктарды қайта жаңарту және қайта бейiмдеу негiзiнде құрыла алады. Халқы көп қалаларға арналған мамандандырылған жемiс-көкөнiс көтерме сауда рыноктары арнаулы жобалар бойынша құрылады;
мамандандырылған көтерме сауда мал рыноктары, мал мен құстың барлық түрiн сатуды қамтамасыз етуi тиiс. Аймақтың мамандандырылуына байланысты нақты көтерме сауда рыногында малдың немесе құстың белгiлi бiр түрi басым болуы мүмкiн.
Көтерме сауда рыногының аумағында: қабылдау және сою пункттерi, жем сақтауға арналған қойма, саудаластық жүргiзуге және мәмiлелердi ресiмдеуге арналған үй-жай, мал дәрiгерлiк, қызмет, банк мекемесiнiң бөлiмшесi (филиалы), ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiктерiн уақытша сақтауға арналған тоңазытқыш орналаса алады.
Мамандандырылған көтерме сауда балық өнiмдерi рыноктары (теңiз өнiмдерi) олардың кәсiпшiлiгiнде де, ұқсату және сақтау орындарында да ұйымдастырылады, мамандандырылған көтерме сауда рыноктарының құрамында да барлық көтерме сауда рыноктары қызметтерiмен бiрге өнiмдердi уақытша сақтауға арналған тоңазытқыштар болуы тиiс.
15. Көтерме сауда рыногы:
қызметтi үйлестiру, өзiнiң қатысушыларының мүдделерiн қорғау, бiрлескен бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн белгiленген заң тәртібімен одақтарға ассоциацияларға кiре алады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес филиалдарын, өкiлдiктерiн ұстай алады.
16. Көтерме сауда рыногы:
рыноктарда сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiгiнiң бағаларына деңгейлер мен шектер;
мәмiлелер жасау кезiнде делдалдық үшiн делдалдарға сыйақылардың мөлшерiн белгiлей алмайды.
17. Осы рыноктардағы бәсекелестiктi жою немесе шектеу мақсатын немесе ықпал етудi көздеген көтерме сауда рыноктарының келісімдерi мен iс-әрекеттерiнiң күшi жойылуы мүмкiн.
18. Көтерме сауда рыноктарына салық салу, кредит беру, сақтандыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Көтерме сауда рыногы жұмыс iстеуiнiң
экономикалық тетiгi
19. Көтерме сауда рыногының кiрiстерi өндiрiстiк шығындардың орнын толтыру, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, өндiрiстiк базаны, рыноктың ақпараттық-техникалық және әлеуметтiк дамуы мен инфрақұрылымын дамыту үшiн пайдаланылады.
20. Көтерме сауда рыногының кiрiсi сауда жасау құқығына арналған арендалық төлемдердiң, рыноктың өндiрiстiк, консультациялық және белгiленген заң тәртібімен көрсетiлген басқа да қызметтерi (көлiк, тиеу-түсiру жұмыстары, сапа сараптамасы, сатылмаған өнiмдi кәдеге жарату) үшiн төлемдердiң есебiнен қалыптасады.
6. Көтерме сауда рыногының меншiгi
21. Үйлер, құрылыстар, жабдық, техника, материалдар, аяқталмаған өндiрiс, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, лицензиялар мен өзге мүлiк көтерме сауда рыногының меншiгi болуы мүмкiн.
22. Көтерме сауда рыногының қаражатының көзi өз қаражаты болып табылады.
Жарғы капиталы мен көтерме сауда рыногы құрған қорлар қайырымдылықты қоса әртүрлi жарналардан алынған қаражат, заңды тұлға құқындағы өздерi құрған ұйымдардың шаруашылық қызметiнен алынған табыс, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер көтерме сауда рыногының өз қаражатын құрайды.
Банктер мен басқа да ұйымдардың кредиттерi, уақытша пайдалануға берiлген қаражат, бағалы қағаздарды шығарудан алынған қаражат, Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған материалдық қамтамасыз етудiң өзге де қаражаты көтерме сауда рыногының қаражатын құрайды.
7. Көтерме сауда рыногын басқару
Көтерме сауда рыногын басқару тәртібі Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындалады.
8. Көтерме сауда рыногында сауданың
ұйымдастырылуы
23. Көтерме сауда азық-түлiк рыногында саудада мыналар қарастырылуы тиiс:
рыноктың негiзгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi;
рынокта көтерме сауда өткізу тәртібі;
сатылатын тауарлар тiзбесi;
көрсетiлетiн қызметтер тiзбесi;
сатушылар мен сатып алушылардың (саудаға қатысушылар) құқығы мен мiндеттерi;
рынокта құқық тәртібі мен тәртiптi қамтамасыз ететiн шаралар, көтерме саудаға қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауы.
24. Көтерме сауда рыноктарында ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiгiн сатушылар (жеткізушiлер) мен тұтынушылары көтерме сауданың қатысушылары болып табылады.
Сатушылар - ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi мен олардың бiрлестiктерi, тамақ өнеркәсiбі кәсiпорындары, сауда-тұрмыстық және басқа да ұйымдар, жеке тұлғалар.
Тұтынушылар - тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары көтерме сатып алушы сауда және басқа ұйымдар, олардың одақтары, ассоциациялар, жеке тұлғалар.
25. Көтерме сауда рыногында саудаға қатысушылар мыналарға құқылы:
Тауар үлгiлерiн (сауда үлгiлерi бойынша), (сатушылар үшiн) ұсынуға;
ұсынылған тауарлар мен олардың саны, сапасы, бағалары туралы барлық хабарды зерделеуге;
басқа көтерме сауда рыногындағы сол тектес тауарлардың мәмiлесi туралы хабарды алуға;
сатылуға жеткiзiлген немесе сатып алынған тауарларды көтерме сауда рыногының қойма үй-жайларында сақтауға орналастыру тәртібі мен сақтау төлемi көтерме сауда рыногының жарғысымен белгiленедi;
тұтынушы мен қоршаған орта үшiн ұсынылған тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн тексеруге;
тауарларды сақтау мен оларды орналастыру үшiн рынок ұсынған үй-жайларды сақтаудың шарттары мен ережелерiн бұзбауға қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеруге құқығы бар.
26. Көтерме сауда рыногында көтерме саудаға қатысушылар:
сату үшiн (өндiрушiлер үшiн) жасалған контрактiлерде басқа да талаптар көзделмесе тауарды сапасы мен орап-қаптауы бойынша стандарттарға сәйкес беруге;
сатылатын тауар туралы сенiмдi ақпарат беруге;
тұтынушы мен қоршаған орта үшiн өнiмнiң сапасы мен оның қауiпсiздiгi туралы құжаттар беруге мiндеттi.
27. Көтерме сауда рыногында саудаға қатысушылар арасындағы оның iшiнде аймақтардың қажетi үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктердi көтере сатып алуға арналған қатынастар, контрактiлердiң көмегiмен реттеледi.
28. Көтерме сауда рыногында сатып алу операциясы делдалдың көмегiмен iске асырылуы мүмкiн. Бұл ретте операция:
клиент атынан және оның есебiнен клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен мәмiлелер жасау (брокерлiк қызмет);
кейiн қайта сату мақсатында өз атынан және өз есебiнен делдалмен мәмiлелер жасау (дилерлiк қызмет) жолымен жүргiзiледi.
29. Заңда белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген брокерлiк фирмалар, кеңселер, сондай-ақ заңды тұлға құрусыз өз қызметiн жүзеге асырушы кәсiпкерлер ретiнде заңда белгiленген тәртiппен тiркелген тәуелсiз брокерлiк, көтерме сауда рыногында делдалдар бола алады.
Сондай-ақ көтерме сауда рыногында жұмыс iстеп тұрған көтерме, көтере сатып алу және басқа ұйымдар делдал бола алады.
30. Көтерме сауда рыногында делдалдардың өз клиенттерiмен қатынастары олардың арасында жасалған тиiстi шарттармен (контрактiлер) реттеледi.
31. Көтерме сауда рыногында сату үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiгiн жеткізушi сауда делдалдары немесе тауар өндiрушiлер оның әкiмшiлiгiне сапа куәлiгiн немесе сауда ережесiнiң талабына сәйкес сапасына кепiл беретiн өзгеше құжат беруге мiндеттi.
32. Көтерме сауда рыногында жасалған мәмiлелерге көтерме сауда рыногының кепiлi жүрмейдi.
33. Көтерме сауда рыногында сол рыноктың атынан және оның есебiнен мәмiле жасалына алмайды.
34. Көтерме саудаға қатысушылар саудаластық барысында құқықтар мен мiндеттердi өзара беруге мынандай мәмiлелердi жасай алады:
нақты тауарларға;
нақты тауардың жеткiзiлуiнiң мерзiмiн ұзартылуы (форварды мәмiлелер);
көтерме сауда рыногында қарыз кепiлiн беру жағдайында қабылданған нақты тауарларға.
35. Онда ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiн көтерме сауда рыногында қатысушылардың сатуы кезіндегі (беруi, сатуы), сондай-ақ сақтау, тасымалдау, өңдеу мен орап-қаптау кезiнде сақтауға стандарттардың мiндеттi талаптарын Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Көтерме сауда рыногындағы дауларды шешу
36. Көтерме сауда рыногында сатып алу-сату мәмiлесiн жасауға және оны орындауға байланысты даулар сотта заңда белгiленген тәртiпте қаралады.
37. Көтерме сауда рыногының әкiмшiлiгi мен көтерме саудаға қатысушылардың немесе көтерме сауда рыногына шарттық немесе қызмет көрсетушi құрылымдар арасында пайда болатын даулар да осындай тәртiпте қаралады.
10. Көтерме сауда рыногы әкiмшiлiгiнiң
жауапкершiлiгi
38. Көтерме сауда рыногының әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкте болады.
11. Көтерме сауда рыноктарын жою
39. Көтерме сауда рыногын жою Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.