Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз
инспекциясы туралы Қазақстан Респуликасы Үкіметінiң Қаулысы
1996 жылғы 28 мамырдағы № 654 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, сыртқы экономикалық салада мемлекеттік мүдделердi қорғау, экспортталатын тауарлардың санына, сапасына және бағасына бақылауды ұйымдастыру, валюталық түсiмнiң республикаға түспеуiнiң алдын алу мақсатында және республиканың Бүкiл дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруiне әзiрленуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1-тармақ жаңа редакцияда ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен
1. 1996 жылдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы енгiзiлсiн.
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге инспекция, тәуелсiз инспекция жүргiзуге жiберiлген органдардың қалауы бойынша iшiнара жүргiзедi.
2-тармақ алынып тасталды, 1-8 тармақтар 1-7 тармақтар болып саналсын ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен
2. Экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiнде 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясы құрылсын.
3. Мыналар бекітілсiн:
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереже (2-қосымша);
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асырудың тәртібі туралы Ереже (3-қосымша);
iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың тiзбесi (4-қосымша);
экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асыру құқығына арналған тендер жүргiзу тәртібі (5-қосымша).
4. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы:
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған тендер ұйымдастырылсын;
тендердi ұйымдастыру шарттарына сәйкес 1996 жылдың 30 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде қазақстандық және шетелдiк үмiткерлердi iрiктеудiң қажеттi процедураларын жүргiзсiн және жеңiмпаздарды айқындасын;
Үкiметке тендердiң нәтижелерi және экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру үшiн қажеттi шығындар туралы ақпарат берсiн;
тендердiң нәтижелерi бойынша ол өткiзiлгеннен кейiнгi бес күннiң iшiнде жеңiмпаздарға 1 жыл мерзiмге жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған куәлiк берсiн.
5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
4-тармаққа (бұрынғы 5-тармақ) өзгерiс енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 05.12.1996 № 1492 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi осы қаулы жарияланған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде сыртқы экономикалық қызмет субъектiлерiне 1996 жылдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясының жүйесiнiң енгiзiлгенi туралы хабарласын.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
6. Контрактілік баға мен жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзудiң нәтижесiнде айқындалған бағасының арасында айырма анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органдары кеден органдарының ұсынысы бойынша салық салу мақсатында салық төлеушiлердiң кiрiсiн осы айырмаға түзетедi.
7-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қоры есебiнен экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшiн қаражат бөлсiн;
1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшiн қосымша шығындар қарастырсын.
7-тармақтан (бұрынғы 8-тармақ) сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 05.12.1996 № 1492 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 28 мамырдағы
№ 654 қаулысына
1-қосымша
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара
тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
Құрамы
1-қосымшаның атауына өзгерiс енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 06.12.1996 № 1497 қаулысымен.
Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары, комиссияның төрағасы
Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрi, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Иванов В.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Бас салық инспекциясы бастығының
орынбасары
Кирднов В.Д. - Қазақстан Республикасының Кеден комитетi
төрағасының орынбасары
Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрiнiң орынбасары
Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрiнiң орынбасары
Рысбеков М.А. - Қазақстан Республикасы Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі
комитетiнiң төрағасы
Құрманғалиев С.Ш. - Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөніндегі
мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi
орынбасары
Савелев А.И. - Қазақстан Республикасының Үкіметі
Аппаратының экономикалық саясат бөлiмi
меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары
Шуховцов А.И. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 28 мамырдағы
№ 654 қаулысына
2-қосымша
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара
тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясы туралы
Ереже
Ереженiң атауы мен мәтiнiне өзгерістер енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
1. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қазақстандық және шетелдiк ұйымдарды экспортқа шығарылатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясын жүргiзуге рұқсат ету саласын, сондай-ақ жалған ұйымдардың қызметiн бақылауды үйлестiрушi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актілерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған тендерге ұсынылған құжаттарды қарау;
қазақстандық және шетелдiк ұйымдарды жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердi iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзуге рұқсат ету туралы шешiм қабылдау;
жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзуге рұқсат етiлген ұйымдардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы ұйымдардың өкiлеттiгiн тоқтату жөнiнде шешiмдер қабылдау;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне iшiнара тәуелсiз инспекцияны жүргiзуге рұқсат етiлген ұйымдардың қызметiне талдау жасау негiзiнде республика аумағында жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы жүйесiн дамыту жөнiнде ұсыныстар табыс ету;
мүдделi министрлiктер мен мемлекеттік комитеттердiң Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы жүйесiн енгiзуге байланысты есеп берушiлiк пен ақпараттық қамтамасыз ету нысандарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарын қарау;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн экспортталатын тауарлардың тiзбесiн өзгерту жөнiнде ұсыныс ұсыну болып табылады.
4. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн комиссияның:
министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, атқарушы өкiметтiң басқа да органдарынан, сондай-ақ меншiктiң барлық түрлеріндегі кәсiпорындар мен ұйымдардан оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша материалдар мен ақпараттар сұрауға;
Комиссияның қарауына енгiзiлген мәселелердi пысықтау үшiн қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен сарапшылар мен консультанттарды тартуға;
iшiнара тәуелсiз инспекция жүйесiн дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруға құқығы бар. Жұмыс тобының құрамын, оның жетекшiсiн Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары бекiтедi.
5. Комиссияның мүшелерi Комиссия мәжілістерiне орын алмастыру құқығынсыз қатысады.
6. Жұмыс құжаттарын дайындауды қоса алғандағы Комиссия қызметiн техникалық-ұйымдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі тарапынан жүзеге асырылады.
7. Комиссия төрағасы Комиссияның мәжілісiн жүйелi түрде, бiрақ тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзедi. Комиссияның мәжілісi егер оған оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса - құқықтық күшi бар деп саналады.
8. Комиссияның шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады және Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттамамен, ал қажет кезде белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын Үкiметтiң қаулысының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкімінiң жобасы түрiнде ресiмделедi.
9. Комиссияның жұмыс тәртібі оның регламентiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 28 мамырдағы
№ 654 қаулысына
3-қосымша
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара
тәуелсiз инспекция жүргiзу тәртібі туралы
Ереже
Ереженiң атауы мен мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзудiң тәртібін айқындайды.
2. Ереже Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк актілерінiң талаптары ескерiлiп жасалады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тауарлар тiзбесi бойынша шетелдермен сыртқы сауда қызметiн жүзеге асырушы барлық экспорттаушылардың орындауы үшiн мiндеттi.
3. Ережеде мынадай негiзгi терминдер мен анықтаулар пайдаланылады:
экспорттаушы - атынан Қазақстан Республикасынан тауарларды экспорттауға арналған контракт (шарт, келісім) жасалған заңды және жеке тұлғалар;
импорттаушы - атынан Қазақстан Республикасынан тауарларды импорттауға арналған контракт (шарт, келісім) жасалған заңды және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi және резиденттерi еместер;
НБЕ - тәуелсiз инспекцияның нәтижелерi бойынша есеп;
3-тармақтағы 4,6-абзацтар алынып тасталды ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
4. Кеден органдары мәмiленi кедендiк ресiмдегеннен кейiн 3 күндiк мерзiмнiң iшiнде контрактiлер мен және экспорттаушыдан қабылдаған басқа да құжаттарды iшiнара тәуелсiз инспекция органдарына бередi.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен. 5, 6 тармақтар алынып тасталды ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
7. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдарының экспортталатын тауарларға арналған бағаларды импорттаушы-елдердегi сол секiлдi немесе дәл сол уақытта сатудың бәсекеге төтеп беретiн және салыстырмалы шарттарымен импортқа ұсынылған соған ұқсас тауарларының бағасымен салыстыруы әдеттегi сауда практикасына сәйкес мыналарға негiзделедi:
а) импорттаушы-елдердегi және бағаларды салыстыру үшiн пайдаланылатын елдегi немесе елдердегi iске қатысты экономикалық факторлар ескерiлiп тек қана салыстыру үшiн шын негiздi қамтамасыз ететiн бағалар қолданылуы қажет;
б) ең төменгi бағаны тану мақсатында әртүрлi импорттаушы-елдерге экспорттау үшiн ұсынылған тауарлардың бағасына негiзделуге болмайды;
в) өзiндiк шарттар, сондай-ақ сату арқылы контрактiнiң шарттары және мәмiлеге қатысты әдетте қолданылатын нақтылау факторлары назарға алынуы қажет; бұл факторлар сауда операциясының және сату көлемiнiң сатысын, жеткізудiң мерзiмдерi мен шарттарын, бағаны қайта қарау жөніндегі ескертулердi, сапа саласындағы өзгешелiктердi, дизайнның өзiндiк ерекшелiктерiн, тиеудiң және ораудың ерекше шарттарын, тапсырыстың, қолма-қол сатудың мөлшерiн, маусымдық әсердi, лицензиялық алымды немесе интеллектуалдық меншiк пен егер қолданылып жүрген үрдiске сәйкес олар үшiн жеке шоттар ұсынылмаса, контрактiнiң шеңберiнде көрсетiлген қызметтер үшiн басқа да төлемдердi қамтуы (бiрақ бұлармен шектелмеуi) қажет; олар сондай-ақ мысалы экспорттаушы мен импорттаушының арасындағы контрактілік қатынас сияқты экспорттаушының бағасына қатысты кейбір элементтердi де енгiзуi керек;
г) мынадай элементтер бағаларды тексеру мақсаты үшiн қолданылмауы қажет:
импорттаушы-елдегi осы елде өндiрiлген тауарларға арналған сату бағасы;
өндiрiстiң қалдығы:
еркiн немесе жалған бағалар немесе құндар.
8. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары экспорттаушылардан мыналарға тиiстi ақпараттарды ұсынуды талап етпеуi қажет:
а) патент алу күтіліп отырған патенттелген, лицензияланған немесе жабық процестер өндiрiсi туралы деректердi;
б) техникалық ережелерге немесе стандарттарға сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттiлерiнен басқа жарияланбаған техникалық деректердi;
в) пайдалардың мөлшерлерiн;
г) онсыз бұл инспекцияны жүзеге асыру мүмкiн емес жағдайлардан басқа да экспорттаушылар мен олардың жеткізушiлерiнiң арасындағы контрактiлердiң шарттарын.
9. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары бақылау барысында алынған барлық мәлiметтердi бұл мәлiметтер бұған дейiн жарияланбаған, үшiншi тараптардың қолы жетпеген немесе қандайда бiр жолдармен жария болмаған шамадан құпия iскерлiк-ақпарат ретiнде қарауы қажет.
10. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдарына барлық талаптар қолданылып жүрген заңға сәйкес шешiлуi мүмкiн.
11. Жалпы контарктілік құны 3 мың АҚШ долларынан төмен тауарлар жөнелту алдындағы инспекцияға жатпайды.
II. Инспекцияны жүзеге асыру тетiгi
II-бөлiмнiң атауы өзгертiлдi 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
12. Мәмiленi кедендiк ресiмдеген сәттен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей кеден органдары осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету туралы жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясын хабардар етедi.
12-тармақ жаңа редакцияда ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
(13-тармақ)
14. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары (немесе уәкiлеттi агент) 10 жұмыс күнi iшiнде экспортталатын тауарлардың санына, бағасының деңгейiне сәйкес iшiнара тәуелсiз инспекцияны жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген тауарларды сипаттау және кодтандырудың үйлесiмдендiрiлген жүйесiне сәйкес тауарлық кодты айқындайды.
13-тармақ алынып тасталды, 14 тармақ жаңа редакцияда ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
15. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары (немесе уәкiлеттi агент) инспекциясының аяқталуы бойынша НБЕ республика кеден органдарына бередi.
15-тармақ жаңа редакцияда 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
(16-тармақ)
17. Экспортталатын тауарлардың контрактілік бағалары НБЕ-де көрсетiлген бағаларға сәйкес келмеген жағдайларда кеден органдары 2 күн мерзiм iшiнде сараптық мәмiле және НБЕ жөніндегі материалдарды салық төлеушiлердiң осы айырмадан түсетiн түсiмiн салық салу мақсатында түзету үшiн салық органдарына жолдайды.
16-тармақ алынып тасталды, 17-тармақ жаңа редакцияда ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
18. Iшiнара сараптамалардың жалпы процедурасы өндiрiстiк процестер мен өнiм экспортына кедергi жасамауға тиiс.
18-тармақ жаңа редакцияда, 5-18-тармақтар 5-14-тармақтар болып саналсын ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 28 мамырдағы
№ 654 қаулысына
4-қосымша
Iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн
Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың
Тiзбесi
Тiзбенiң тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен. Тiзбе толықтырылды ҚРҮ-нiң 05.12.1996 № 1492 қаулысымен. Бұл толықтырулардың күшi жойылған ҚР Президентінің 31.12.1996 № 3309 жарлығымен. Тiзбе өзгертiлдi ҚРҮ-нiң 12.06.1997 № 958 қаулысымен.
___________________________________________________________________
Тауарлардың атауы | СЭҚ ТН коды
___________________________________________________________________
Қара және түстi металдар өндiрiсiне
арналған шикiзат 260300000, 260400000,
260600000-261000000
Тыңайтқыштар 310100000-3105
Мүйiздi iрi қара малдың терiсiнен
жасалған былғары 4104
Мүйiздi ұсақ аша тұяқты малдың терiсiнен
жасалған былғары 4105
Ферроқоспалар 7202
Қара металдар прокаты 7208-7217
Түстi металдар 7401-740500000, 7407-7408,
7501-7502, 750400000, 7601,
7603-7604, 7801, 780300000,
7804, 7901,7903-790500000,
8001, 800400000
Ұн 110100
Өңделмеген мұнай 1270900
Табиғи газ 271111000
271121000
Бидай (барлық түрi) 1001 күшi жойылған
Арпа 1003 күшi жойылған
Күрiш 1006 күшi жойылған
Мүйiздi iрi қараның немесе жылқы
тақылеттес жануарлардың терiсi 4101 күшi жойылған
Қойдың немесе қозының терiсi 4102 күшi жойылған
Биязы жүн (меринос, меринос емес, жуылған және
жуылмаған), жартылай биязы, жартылай қылшықты,
қылшық жүндер 5101 күшi жойылған
Жануарлардың түктерi (жiңiшке, қатты) ангор
қоянының, түйенiң, ангор ешкiсiнiң 5102 күшi жойылған
Талшықты-мақта 5201, 5203 күшi жойылған
Мақта қалдықтары (шитi) 5202 күшi жойылған
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 28 мамырдағы
№ 654 қаулысына
5-қосымша
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара
тәуелсiз инспекциясын жүзеге асыру құқығына
арналған тендердi өткізудiң
Тәртібі
Қосымшаның тақырыбы мен мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
1. Осы тәртiп экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асыру құқығына арналған тендердi өткізудiң тәртібін регламенттеушi негiзгi құжат болып табылады.
2. Тендер - тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асырушы қазақстандық және шетелдiк ұйымдардың мүмкiндiктерiн бағалаудың конкурстық нысаны.
3. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық және шетелдiк ұйымдардың арасында тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тарапынан айқындалатын экспортталатын тауарлар бойынша жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүргiзу құқығына арналған тендер өткiзедi.
4. Тендерге қатысуға тендерге қатысушыларға ұсынылатын барлық талаптарға сәйкес келетiн кез-келген меншiк нысанындағы қазақстандық және шетелдiк ұйымдар:
экспорттық қызметтегi тәжiрибесi 1 жылдан кем болмаса;
экспортталатын тауарларға бағалық сараптама жүргiзу үшiн қазiргi заманғы ақпараттық және техникалық қамтамасыз етiлсе;
Ескерту. 4-тармақтың 4 абзацы алынып тасталды ҚРҮ-нiң 12.07.1996 № 895 қаулысымен.
5. Тендерге қатысушыларды тiркеу жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында жүргiзiледi және бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткізудiң шарттары, орны және тәртібі жарияланған күннен бастап екi апта өткеннен кейiн басталады.
6. Тендерге қатысушы ретiнде тiркеу үшiн мынадай құжаттарды:
конкурсқа қатысуға өтiнiш;
көшiрменiң белгiленген тәртібімен куәландырылғандығы;
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген құрылтайшылық құжаттардың (жарғының, құрылтай шартының және құрылтай жиналысы хаттамасының);
ұйымды мемлекеттiң тiркеу туралы куәлiктiң;
ұйымның соңғы қаржы жылындағы қаржылық есебiнiң белгiленген тәртiпте расталған көшiрмелерi;
мынадай мәлiметтердi қамтитын анықтамалар:
а) ұйымның Қазақстан Республикасында және шетелде тауарларды сараптамалық бағалаумен шұғылданатын бөлiмшелерi (филиалдары), олардың экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясы жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға ұйымдық және техникалық әзiрлiгi туралы;
б) қазiргi заманғы мәлiметтердi өңдеу және беру жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн тәжiрибе мен ресурстардың бар екендiгi, сондай-ақ мәлiметтердi өңдеудiң қолданылып жүрген және жасалынатын ведомстволық жүйесiн пайдалану мүмкiндiктерi туралы;
ұсынылатын қызметтердiң сипаты, олардың құны, орындалу мерзiмдерi мен есеп айырысу шарттары, кепiлдiктер мен есептіліктер туралы ұсыну қажет.
7. Тендердiң нәтижелерi бойынша ол өткiзiлген күннен кейiнгi үш күннiң iшiнде жеңiмпаздарға 3 жыл мерзiмге экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған куәлiк берiледi.
8. Өтiнiш берушiнiң тарапынан шарт жағдайлары бұзылған жағдайларда жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы куәлiктi жою туралы дәлелдi шешiм қабылдай алады.
9. Экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу процесiнде пайда болған даулар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте қаралады және шешiледi.