Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 шiлдедегi
№ 1021 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 565 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Мемлекеттік әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстау шығындарының нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 шiлдедегi № 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 298-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдар" деген сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша;
екiншi абзацтағы "жалақының ең төменгi мөлшерiнде" деген сөздер "Айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi