Атырау қаласын ұзақ мерзiмдi дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегі № 446 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Атырау қаласының өнеркәсiп, көлiк және әлеуметтiк-мәдени салаларын серпiндi дамытудың проблемаларын шешу және оның инфрақұрылымын дамыту үшiн қосымша инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттiгiнiң (USAID) қатысуымен Атырау облысының әкімі әзiрлеген 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған Атырау қаласын ұзақ мерзiмдi дамыту стратегиясы, оны жүзеге асыру үшiн қажет инвестицияларды тартудың ұсынылған схемасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Экономика министрлігімен және Атырау облысының әкімімен бiрлесiп 1997 жылғы республикалық бюджеттi жасау кезiнде және одан кейiнгi жылдары Стратегияның бүкiл iс-қимылы кезеңiнде алғашқы кредиттердi төлеу үшiн кiрiстердiң бiр бөлiгiн пайдалану қажеттiгiн ескере отырып, Атырау облысы бойынша республикалық бюджетке жалпы мемлекеттік салықтардан тұрақты аударымдар жасау тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі, басқа да мүдделi ортақ атқарушы органдары Стратегияда көзделген жобаларды жүзеге асыру кезiнде халықаралық банк мекемелерiнiң қажеттi инвестицияларды бөлуiне практикалық көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi