Аймақтарда реформаларды тереңдету жөніндегі облыстар және Алматы
қаласы әкiмдерiнiң iс-қимыл бағдарламалары мен жоспарлары
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы
13 наурыздағы № 309 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Iс-қимыл бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 13 желтоқсандағы № 2680 Жарлығының 4-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Облыстар және Алматы қаласының әкiмдерi ұсынған 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл бағдарламасы және 1996 жылға арналған аймақтарда реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл жоспары /қоса берiлiп отыр/ бекітілсiн.
2. Облыстар және Алматы қаласының әкiмдерi:
өздерiнiң күнделiктi қызметiнде реформаларды тереңдету жөніндегі аймақтық бағдарламалар мен iс-қимыл жоспарларының негiзгi ережелерiн қатаң ұстансын және олардың сөзсiз орындалуын қамтамасыз етсiн;
реформаларды тереңдету жөніндегі аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң осы секiлдi бағдарламалары мен iс-қимыл жоспарларын бiр ай мерзiмде қарасын және бекітілсiн;
реформаларды тереңдету жөніндегі аймақтық бағдарламалар мен iс-қимыл жоспарларының негiзгi ережелерiн және олардың жүзеге асырылуын тереңдету бойынша жариялылықты қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Үкiмет Аппаратының Аумақтық даму бөлiмiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi