Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң
жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 26 ақпандағы № 243 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппараттың қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 24 адам болып бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiне Бас директордың 1 орынбасарын ұстауына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 26 ақпандағы
№ 243 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа
технологиялар министрлігінiң жанындағы Атом
энергиясы жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ядролық қауiпсiздiк бөлiмi
Радиациялық қауiпсiздiк бөлiмi
Ядролық материалдар мен технологияларды таратпауды
бақылау бөлiмi