8 тарау. Республикалық ұланның қызметiн бақылау мен қадағалау
ҚР 08.01.04 ж. № 516-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Республикалық ұланның қызметiн бақылау
1. Республикалық ұланның қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның қызметi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне жыл сайын мағлұмат берiп отырады.
3. Республикалық ұланның құрамаларында ведомстволық бақылауды Республикалық ұланның Қолбасшысы жүзеге асырады.
21-бап. Республикалық ұланның қызметiн прокурорлық қадағалау
Республикалық ұланда заңдардың, Республика Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiркелкi орындалуына қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.
ҚР 22.12.98 ж. № 327-1; 08.01.04 ж. № 516-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 22-бап өзгертілдi
22-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
ҚР 08.01.04 ж. № 516-II Заңымен 9-тарау алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының