1996 жылы Табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта
ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1996 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылы реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шараларының кең ауқымды жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастырудың жоспар-кестесi қосымшаға сәйкес бәсекелес буындарды көрсете отырып бекітілсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастыру жобасын бәсекелес буындарды және табиғи монополия объектiлерiн көрсете отырып жоспар-кестеде белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 28 наурыздағы
№ 361 қаулысына
қосымша
1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды
бәсекелес буындарын көрсете отырып құрылымдық
қайта ұйымдастырудың
ЖОСПАР-КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
Табиғи монополияшы-кәсiпорын | Орындау мерзiмi
______________________________________|____________________________
"Қорғау" ҰАК наурыз
"Қазтелеком" ҰАК наурыз-сәуiр
"Қазақстан әуе жолы" ҰААК сәуiр
"Мұнайгаз" МХК сәуiр
"Қазақстанэнерго" ҰЭЖ мамыр
"Гидрогеология" МХК -"-
"КАТЭП" ҰАК -"-
"Коском" АХК маусым
"Алаугаз" МХК -"-
"Қазақгаз" МХК -"-
___________________________________________________________________