Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң қызметтiк жеңiл
автомашиналар лимитiн көбейту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1995 жылғы 23 қазандағы № 1376 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден қызметiн басқарудың бiрлiгi туралы келісімдердi жүзеге асыру жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Кеден комитетi жанындағы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Кеден комитетiнiң Өкiлдiгi қызметкерлерiне қызмет көрсету үшiн "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысымен бекітілген /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 18, 199-бап/ Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң қызметтiк жеңiл автомашиналар лимитi 3 бiрлiкке көбейтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi