Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен берiлетiн
сыртқы кредиттердi тартуды шектеу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы кепiлдiк берген шетел кредиттерi бойынша дефолттардың пайда болуынан қашу, сондай-ақ бұдан бұрын алынған кредиттер бойынша берешегi бар ұйымдардың шетел кредиттерiн сан мәрте алуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кепiлдiгiмен жаңа шетел кредиттерiн тарту-кредит алушы ұйым бұдан бұрын алынған кредиттер бойынша берешегiн өтегеннен кейiн ғана жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi, салалық министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың әкiмдерi шетел кредиттерiн тарту жөніндегі жобаларды шетел кредиттерi мен займдары жөнiнде қарызы жоқ ұйымдардан ғана қарауға қабылдайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуын бақылауға алуды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары