"Қазақстан Республикасында Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 24 қарашадағы
№ 1593 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 Жарлығын орындау және халықтың денсаулығын сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлігі Әдiлет министрлігімен, Экономика министрлігімен басқа да мүдделi мемлекеттермен және ведомстволармен бiрлесiп мыналарды 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн:
"Спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдарға арналған бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы;
Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесiн бағалау жөніндегі Президенттiк сынама Ережесiнiң жобасы.
ҚР Үкіметінiң 1998.01.29. № 46 қаулысымен 2-таpмақтың 2 абзацы алынып тасталды
2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлігі:
Қазақстан Республикасы спорт өнеркәсiбi мен спорт ғимараттары жүйесiн дамытудың келісілген мемлекеттік бағдарламасының жобасын 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметiне ұсынсын;
ұлттық штаттағы командаларды ұстауға қарастырылған жалпы саны 25 адам және қаржы шегiнде спорт түрлерiнен оларды басқару жөніндегі дирекция құрсын;
спорт және туристiк мақсаттағы тауарлар өндiрудi ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн тапсырсын;
республикалық бюджетте қарастырылған қаржы шегiнде Алматы қаласындағы үш республикалық олимпиадалық резервтiк училищенiң бiреуiнiң базасында қазақ тілінде білім беретiн республикалық олимпиадалық резервтiк училище ашылсын;
республикалық министрлiктер мен ведомстволарда иек артар спорт түрлерiн дамыту, Харбин қаласындағы (Қытай) III қысқы Азия ойындарына және Атланта қаласындағы (АҚШ) XXVI жазғы олимпиадалық ойындарға қатысуы ықтимал үмiткерлердi дайындаудың жиынтық жоспар-тапсырмасы белгiленсiн;
1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақ дене тәрбиесi институты жанында Спорт жөнiнде республикалық ғылыми-зерттеу орталығын ашу туралы келісілген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының олимпиадалық дайындық базаларын күрделi жөндеуден өткiзуге кезең-кезеңiмен арнайы қаржы бөлiнуiн қарастырсын;
ұлттық құрама командалардың III қысқы Азия ойындарына және 1996 жылы өтетiн XXVI жазғы олимпиада ойындарына дайындығы мен қатысуына байланысты шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Жастар iсi, туризм және спорт министрлігімен бiрлесiп 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
олимпиадалық дайындық базаларын жаңғырту және дамыту үшiн шетелдiк инвестициялар, кредиттер, техникалық және қаржылай көмектер тарту;
Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданындағы марал шаруашылығының базасында қалпына келтiру орталығын салу;
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлігінiң тапсырысы бойынша спорт мамандарын шет елдерде оқыту және қайта дайындау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігіне мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы орта білім беретiн мектептер және кәсiптiк-техникалық училищелердiң, лицейлер мен колледждердiң оқушыларының, техникумдар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң оқудан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен тұрақты айналысуы үшiн 1996 жылы қоғамдық негiзде "Жастар" дене тәрбиесi-спорт қоғамын ашу ұсынылсын.
6. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы, республикалық газеттер мен журналдар редакциялары, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлігі, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республика халқы арасында бұқаралық спортты, салауатты өмiр салтын, темекi мен алкогольдiң зияны туралы үгiт-насихатты күшейтсiн.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жастар iсi, туризм және спорт министрлігімен бiрлесiп тест әдiсiн қолданып, халықтың барлық әлеуметтiк-демографиялық топтарын кешендi медициналық тексеру жөніндегі нұсқауды 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн әзiрлеп, бекiтсiн. Дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы құралдармен Қазақстан Республикасының халқына емдеу және денсаулығын қалпына келтiру жөніндегі шараларды әзiрлесiн.
8. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
қоғамдық негiзде спорт жөнiнде облыстық, қалалық кеңестер құру ұсынылып, олардың қызметi туралы ереженi әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң келісімiмен денсаулық сақтау мекемелерiнiң тiзбесiне сәйкес облыстарда дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiн қалпына келтiру, ал тұрақты халқы 125,0 мың адамнан асатын қалаларда бюджет қаржысынсыз дәрiгерлiк бақылау кабинеттерiн ашу қажеттiгiн қарастырсын;
1995-96 оқу жылдарынан бастап оқу-жаттығу орталықтары, спорт резервтерiн дайындау орталықтары және олимпиадалық спорт түрлерiнен эксперименттiк командалар, республикалық ұлттық құрама командаларының резервтерiн дайындау үшiн болашағы бар балаларға спорттық бейіндегі мектеп-интернаттар ашсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрдiң
бiрiншi орынбасары