Қазақстан Республикасында барит және бентонит өндірісін дамытудың негізгі
бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 ж. 12
мамырдағы № 502 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында барит және бентонит шығару жөніндегі жоғары технологиялық өндiрiстi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлік компаниясы және "Калибар" бiрлескен кәсiпорны әзiрлеген Қазақстан Республикасында барит және бентонит өндiрiсiн дамытудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі Бағдарламаның белгiленген мерзiмде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлік компаниясы "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының босаған өндiрiстiк алаңының бiр бөлiгiн "Калибар" бiрлескен кәсiпорнына беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келiссiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 1995 жылдан бастап "Калибар" бiрлескен кәсiпорнына барит және бентонит өндiрiсi объектiлерiнiң құрылысын жүргiзу мен iске қосуға арнап Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан қайтарымдық негiзде қаражат бөлiнуiн қарастыратын болсын.
4. Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Бағдарламаның жүзеге асуына жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi