Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы
күрестi күшейту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 17 мамырдағы № 529 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
"Қылмысқа қарсы күрестi күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 ақпандағы № 1562 қаулысын орындау үшiн және Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралардың 1993 - 1995 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бiрлесе отырып жергiлiктi мәслихат - депутаттар жиналысы жанындағы маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі комиссиялар туралы ереженiң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Iшкi iстер министрлігімен, Әдiлет министрлігімен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, алкоголизм, нашақорлық және есiрткi құмарлық дертiне шалдыққандарды мiндеттi түрде емдеу үшiн науқастарды жiберу мен болуының тәртібін, сондай-ақ мұндай мекемелердi қорғау режимiн реттейтiн Денсаулық сақтау министрлігі жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерi туралы ереженiң жобасын 2 айлық мерзiм iшiнде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына табыс етсiн.
3. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi мен оның жергiлiктi органдары емдеу-алдын алу мекемелерiн ұйымдастыру үшiн үй-жай бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Iшкi iстер министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен; басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, "Алкоголизм, нашақорлық және есiрткi құмарлық дертiне шалдығудың алдын алу, емдеу және ондай науқастарды әлеуметтiк ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екi айлық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және Сауда министрлігі Қазақстан Республикасына алкогольдi iшiмдiктердi әкелу тәртібін әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне табыс етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі спирттi iшiмдiктер мен темекi өнiмдерiн сатудың Қазақстан Республикасының аумағында барлық азаматтар, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан заңды ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртібін әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне ұсынсын.
7. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі, "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмiр салтын насихаттайтын, маскүнемдiктен, алкоголизмнен, нашақорлықтан және есiрткi құмарлықтан құтылудың медициналық әрi құқықтық жолдарын түсiндiретiн тұрақты айдарлар ашатын болсын.
8. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесе отырып, маскүнемдiктiң, алкоголизмнiң, нашақорлықтың және есiрткi құмарлықтың алдын алу жөніндегі оқу-әдiстемелiк құралдарын жасау мен басып шығаруды ұйымдастырсын.
9. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт мекемелерiнiң жүйесiн дамыту жөнiнде арнаулы бағдарлама дайындап, бекiтсiн.
10. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бiрлесе отырып, алкогольге қарсы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейтудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екi айлық мерзiмде әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Сауда ережелерiн бұзғаны үшiн және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 63-бап) 1-тармағының үшiншi абзацы "аумақтық органдарымен" деген сөздерден кейiн "ал алкогольдi iшiмдiктердi сатқан кезде - маскүнемдiкке және алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі жергiлiктi комиссиялармен" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi