Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөніндегі
мемлекеттік комиссиясы туралы ереженi бекіту жайлы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 16 маусымдағы № 638 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы" 1994 жылғы 13 сәуірдегі № 1655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 16 маусымдағы
№ 638 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау
және дамыту жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы
туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы (Комиссия) кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау мәселелерiмен шұғылданатын үйлестiрушi-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк актілері мен осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Өзiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн Комиссия Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiне:
Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтау;
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен iс-шараларды жыл сайын нақтылап отыру;
кәсiпкерлiк қызметтi жандандырудың практикалық шараларын жүзеге асыру жөніндегі заң актілері мен үкiмет шешiмдерiнiң жобалары;
министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердiң, жергiлiктi әкiмдер мен кәсiпкерлiк құрылымдардың кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiрудi күшейту;
кәсiпкерлiктi дамытуға қолайлы жағдай туғызу;
экономиканы дамытудың басым бағыттарына сәйкес кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға жұмсалатын ақша қаражатын бөлу;
кәсiпкерлiк құрылымдар кадрларын даярлау және қайта даярлау, оның iшiнде шет елде даярлау мен қайта даярлау жүйесiн жетiлдiре беру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзiп отырады.
3. Комиссияның:
қажет болған жағдайда министрлiктер мен ведомстволардың кәсiпкерлiк қызмет жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, Президенттiң актілеріне, Министрлер Кабинетінің қаулыларына қайшы келетiн ведомстволық актілерінiң, жергiлiктi әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тоқтату жөнiнде ұсыныс енгізуге;
кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi бойынша заңдар мен нормативтiк актiлер жобаларын әзiрлеу жөнiнде мамандар мен ғалымдарды қатыстыра отырып, жұмыс топтарын құруға;
Комиссия құрамында Комиссия мен кiшi комиссия мүшелерiнен Бағдарлама бөлiмдерiнiң және тапсырмалар мен iс-шаралар жоспарының орындалуы үшiн жауапты тұрақты жұмыс iстейтiн жұмыс тобын жасақтауға;
Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуына талдау жасауға, Бағдарламаға қажеттi өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныс енгізуге;
шет елдердегi басқару органдарымен, iскер топтармен, консультациялық фирмалармен байланыс орнатып, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру және басқару тәжiрибесiн зерделеу жөнiнде олармен келісім жасасуға;
баспа және ақпарат қызметiмен шұғылдануға құқығы бар.
4. Комиссияға Төраға басшылық етедi. Комиссия құрамына Төрағаның орынбасарлары, Комиссияның хатшысы мен мүшелерi енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссия жыл сайын өз жұмысы жөніндегі Республика Президентi мен Үкіметінiң алдында есеп берiп отырады.
6. Комиссияның мәжілісi айына бiр рет өткiзiледi.
7. Комиссия шешiмi Комиссияның тiзiмдегi құрамының көпшiлiк дауысымен қабылданады және оның мәжілістерiнiң хаттамаларымен ресiмделедi. Хаттамаға Төраға мен хатшы қол қояды.
8. Комиссияның жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелi түрде кеңiнен жария етiлiп отырады.