Тұрғын үй нарығын одан әрi дамыту туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегі N
1281 ҚАУЛЫСЫ
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 35, 405-бап) белгiленген мiндеттердi орындау, тұрғын үйдiң толық құнды нарқын қалыптастыру үшiн қосымша жағдайлар жасау және құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi пайдалануға берудi тездету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi мемлекеттік меншiктегi өз баланстарында мемлекеттік көздер есебiнен салынып жатқан, дайындық деңгейi 50 және одан көп процент, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерi бар министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар және ұйымдар оны Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік банкінің (бұдан әрi - Тұрғынүйқұрылысбанкi) жарғылық қорына берсiн.
2. Тұрғынүйқұрылысбанкi жарғылық қорға берiлген салынып бiтпеген тұрғын үйлер көлемiнiң 20 процентке дейiнгiсiнiң құрылысын өз қаражаты есебiнен аяқтасын және оларды кезекте тұрғандарға бөлiп беру үшiн дайын пәтерлер түрiнде алғашқы тапсырыс берушiге қайтарсын.
Тұрғынүйқұрылысбанкінің жарғылық қорына берiлген салынып бiтпеген үйлердiң қалған көлемiнiң құрылысын аяқтау осы банкінің тұрғын үй несие-жинақ шоттарына салынған халықтың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Осы тұрғын үйдiң құрылысына бұрын жұмсалған шығындардың орны Тұрғынүйқұрылысбанкінің азаматтарға төлем ақыны 5 процент жылдық өсiммен 10 жылға дейiн мерзiмде бөлiп-бөлiп төлеуiне мүмкiндiк беруi арқылы халықтың қаражаты есебiнен толтырылады.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Тұрғынүйқұрылысбанкiне берiлген тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтау жөніндегі тапсырыс берушiнiң мiндетiн коммерциялық үй салушылардың мемлекеттік компанияларына жүктесiн.
ҚР 1996.07.03. № 18-I Заңымен; ҚР Үкіметінiң 1996.09.03. № 1082 қаулысымен 4-тармақ өзгерiстiлдi
4. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi атқару өкіметінiң республикалық органдарының - құрылыстардың тапсырыс берушiлерiнiң келісімi бойынша мемлекеттік көздер есебiнен салынып жатқан, дайындық деңгейi 50 проценттен төмен мемлекет меншiгіндегі құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi инвестициялық және коммерциялық конкурстарда, сондай-ақ аукциондарда өткізу үшiн беру немесе сату туралы шешiм қабылдасын. Сату үшiн берiлген бұл объектiлердi өткізудi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi жүзеге асырады.
Осынау аяқталмаған объектiлердi сатудан алынған қаражат саудаластықтар өткізуге жұмсаған шығындар шегерiлiп, жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн жыл сайын республикалық бюджетте ескерiлетiн мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн 20 процент қаражат есебiне кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй құрылысы үшiн несие қорларын толықтыруға Тұрғынүйқұрылысбанкiне жiберiледi.
5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде бұрын мемлекеттік қаржы есебiнен қаржыландырып келген құрылысы басталған және аяқталмаған тұрғын үй объектiлерiнiң дайындық деңгейiн, құрылысты аяқтау үшiн жұмсалған және жетiспейтiн қаражаттың көлемiн көрсете отырып, толық тiзбесiн әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне беретiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi және Тұрғынүйқұрылысбанкi бiр ай мерзiм iшiнде құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтау және сатуға беру, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтау үшiн халықтың қаражатын Тұрғынүйқұрылысбанкінің тұрғын үй несие-жинақ шотына тарту тәртібі туралы ереженi бекiтсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тұрғын үй нарығын дамыту үшiн Тұрғынүйқұрылысбанкiне жылжымайтын мүлiк кепiлдiгiмен орта мерзiмдi кредит ресурсын беру ұсынсын.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Тұрғынүйқұрылысбанкi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 2 ай мерзiмде халықтың қолында қалған тұрғын үй купондарын одан әрi пайдалану жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi