Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құқын беру тәртібі
жөніндегі ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегі № 1282 ҚАУЛЫСЫ
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 21 қыркүйектегi № 2463 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құқын беру тәртібі жөніндегі қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі және Әдiлет министрлігі бiр ай мерзiмде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 25 қыркүйектегi
№ 1282 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық
құқын беру тәртібі жөніндегі
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында аңшылық құқын аңшылық минимумы жөніндегі сынақты тапсырған және мемлекеттік баж төлеген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және оның аумағында тұратын немесе оған келген басқа да адамдар пайдаланады. Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану саласына мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар беретiн аңшылық билетi аң аулауға құқық беретiн куәлiк болып табылады.
2. Аңшылық билетi Қазақстанның бүкiл аумағында кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық аңшылықты жүзеге асыруға құқық беретiн құжат болып табылады (үлгi қоса берiлiп отыр).
Аңшылық билеттерi қатаң есептегi құжат болып табылады.
3. Аңшылық билеттерiн беру барысында жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану саласына мемлекеттік бақылау жөніндегі тиiстi органдарда сақталатын есеп карточкасы толтырылады (үлгiсi қоса берiлiп отыр).
II. Аңшылық билеттерiн беру тәртібі
4. Аңшылық билеттерi аңшылық минимум жөніндегі сынақты тапсырған және мемлекеттік баж төлеген Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және оның аумағында тұратын немесе оған келген басқа да адамдарға берiледi.
5. Аңшылық билет күшiнiң мерзiмi бiр жыл: 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн. Оның мерзiмi алдағы жыл үшiн ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн мемлекеттік баж төлеу жолымен ұзартылады.
6. Аңшылық билетiнде аңшылық минимумды тапсырғаны және мемлекеттік баж төлегенi жөніндегі белгi қойылады.
7. Аңшылық билетiнсiз немесе мерзiмi өткен аңшылық билетiмен аңшылық жасау заңсыз деп танылады және кiнәлi адамдар белгiленген заңдармен жауапкершiлiкке тартылады.
8. Аңшылық билетiн басқа адамға беруге тыйым салынады.
III. Есеп және есеп беру тәртібі
9. Аңшылық билеттерiнiң бланктерi жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекцияларда есепке алынады және аңшылық билеттерiн беруге жауапты адамдарға есептеп беруi үшiн берiледi.
10. Жауапты адамдар аңшылық билеттер бланктерiн беру және олардың қалғандары жөніндегі өз кезегiнде Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас басқарма алдында есеп берiп отыратын Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекция алдында тоқсан сайын есеп берiп отырады.
IV. Аңшылық билеттерiн әзiрлеу, сақтау және жою
тәртібі
11. Аңшылық билеттерiнiң бланктерiн орталықтандырылған тәртiппен Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас басқарма әзiрлеп, жасайды және Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекцияларға олардың өтiнiмдерi бойынша жiбередi (бередi).
12. Аңшылық билеттерiнiң бланктерi сенiмдi сақталатын үйлерде бағалы қағаздар ретiнде сақталады.
13. Аңшылық билеттерiнiң бланктерiн есептен шығару оларды аңшыларға беруге орай жүзеге асырылады.
14. Аңшылардан алынған аңшылық билеттерiн, сондай-ақ ескi үлгiдегi билеттердiң бланктерiн Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциялардың комиссиялары жойып, ол жөнiнде тиiстi акт жасайды.
15. Аңшылық билет бланктерiнiң алынатын құны аңшылық шаруашылығы жөніндегі шараларға жiберiледi.
16. Аңшылық билеттерiн айырбастауды билеттер жарамдылығының бiтуiне орай Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциялар жүргiзедi немесе Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас басқарманың бұйрығы бойынша ескi үлгiдегi билеттердi жаңасына бiр жолға жалпы айырбастау жүргiзiледi.
Үлгi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Экология және биоресурстар министрлігі
Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас басқарма
Аңшылық билет
ГИ № 000001 сериялы аңшылық билетi
Фамилиясы ___________________________________________________
Аты және әкесiнiң аты _______________________________________
Туған жылы ____________________ Тұратын жерi ________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Билеттi _____________________________________________________
(қандай ұйым)
__________________________________________ берген.
Аңшылық минимум 199 ___ ж. "____" ___________________________
__________________________________________ тапсырылды
Сурет Мөр және қолы _______________________
жапсыратын
орын 199 ___ ж. "___" __________________________
Мемлекеттік баж төлемi
199 ___ ж. 199 ___ ж. 199 ___ ж.
_________________ __________________ ________________
_________________ __________________ ________________
_________________ __________________ ________________
Ерекше белгiлер
________________________________
(аңшының қолы)
199 ___ ж. "___" ___________________________
Үлгi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Экология және биоресурстар министрлігі
Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас басқарма
_______________________ жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі
(инспекцияның атауы) мемлекеттік инспекциясы
ЕСЕП КАРТОЧКАСЫ
Фамилиясы ________________________________
Аты _______________ Әкесiнiң аты _________
Сурет Туған жылы ________ үйiнiң мекен-жайы,
жапсыратын телефоны _________________________________
орын __________________________________________
ГИ № 000001 сериялы аңшылық билетi
199 ___ ж. "____" ______________ берiлген.
Аңшылық минимум жөніндегі сынақ 199 ____ ж. _______
қабылданды
Сынақ комиссиясының төрағасы ________________________________
Ф.А.Ә. анық қолы
Ерекше белгiлер
Мемлекеттік баж төлемi
199 ___ ж. 199 ____ ж. 199 ____ ж.
Квитанцияның к.б.т. к.б.т.
бақылау түбiртегi
199 ___ ж. 199 ____ ж. 199 ____ ж.
к.б.т. к.б.т. к.б.т.
199 ___ ж. 199 ____ ж. 199 ____ ж.
к.б.т. к.б.т. к.б.т.
Есепке қабылдау және шығару туралы белгi
Есепке Есептен Қолы
қабылдаған шығарған және
күн күн мөр
-------------------------------------------------------------
-----------------------------------
(аңшының қолы)
199 ___ жылғы "___" _________________