Республикалық "Жетi жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң
газетiнiң қызметiн жетiлдiру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк
журналын шығару туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 21 қыркүйектегі № 1276 Қаулысы (ҚР Үкіметінiң 1998.12.29.
№ 1348 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығына сәйкес, "Республикалық заң әдебиетi баспасы мен апталық заң газетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 107 қаулысын жетiлдiре түсу үшiн, сондай-ақ құқықтық білімдi кеңiнен түсiндiру және оны халықтың қалың тобына жедел жеткiзiп отыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. № 1348 қаулысымен 1-тармақ өзгертілдi
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң "Жетi жарғы" жабық акционерлік қоғамына заңдар мен кодекстер жинақтары ресми түрде жарияланған соң олардың нысандарын кейiннен басқа баспаларға өткiзе отырып, бiрiншi кезекте шығарып тұрудың бiрден бiр құқығы берiлсiн.
2. Апталық заң газетi заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiмiне жазбаша құжат енгiзуге, жылжымайтын мүлiк және оларға жасалатын мәмiле құқын тiркеуге, банкроттық туралы iс бойынша жою жұмысына, сондай-ақ мiндеттi түрде жариялануы заңдарда көзделген басқа да ақпаратқа байланысты мәлiметтердi жариялап отыру құқы бар ресми республикалық орган деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық " Фемида" ғылыми-көпшiлiк журналын ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрдiң
бiрiншi орынбасары