Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау мемлекеттік
институттарының, факультеттерi мен орталықтарының әдiстемелiк
қызметiн үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 10 наурыздағы № 236 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау мемлекеттік институттарының, факультеттерi мен орталықтарының әдiстемелiк қызметiн үйлестiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 шiлдедегi № 849 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 32, 355-бап) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994-1995 жылдарда реформаны тереңдету мен экономиканы тұрақтандыру жөніндегі iс-қимыл жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау мемлекеттік институттарының, факультеттерi мен орталықтарының әдiстемелiк қызметiн үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау мемлекеттік институттарының, факультеттерi мен орталықтарының әдiстемелiк қызметiн үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
3. ҚРҮ-нiң 1996.05.03. № 555 қаулысымен алып тасталды
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 10 наурыздағы
№ 236 қаулысына
Қосымша
Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау
мемлекеттік институттарының, факультеттерi мен
орталықтарының әдiстемелiк қызметiн үйлестiру
жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Бiләлов Е.К. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрінің орынбасары, төраға
Есырев О.В. - Қазақстан Республикасы Білім
министрінің бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Әшiмов Б.М. - Қазақстан Республикасының Статистика
және талдау жөніндегі мемлекеттік
комитетi мен Қазақстан
Республикасының Еңбек министрлігі
жанындағы Кадрларды даярлау, қайта
даярлау және біліктiлiгiн арттыру,
есептеу, статистика, еңбек және
жұмыспен қамту республикалық
салааралық институтының ректоры
Қасабеков А.Қ. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
ұлттық университетiнiң жанындағы
Жоғары оқу орындары оқытушыларының
біліктiлiгiн арттыру институтының
директоры
Қожахметов А.Б. - Орталық Азиядағы менеджменттi
дамыту қорының президентi, Алматы
менеджмент мектебiнiң бас директоры
(келісім бойынша)
Крупник Л.А. - Қазақ ұлттық техникалық
университетiнiң оқу-әдiстемелiк
жұмысы жөніндегі проректоры
Құсайынов Х.К. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің Iс Басқармасы Жиынтық
экономика бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары
Нұриев М.А. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлігінiң жанындағы Басшы
қызметкерлер мен мамандардың
біліктiлiгiн арттырудың республикалық
салааралық институтының ректоры
Сатыбалдин С.С. - Қазақтың менеджмент, экономика
және болжам жасау институты атқарушы
директорының бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 10 наурыздағы
№ 236 қаулысымен
Бекiтiлген
Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау
мемлекеттік институттарының, факультеттерi мен
орталықтарының әдiстемелiк қызметiн үйлестiру жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Бiлiктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау мемлекеттік институттарының, факультеттерi мен орталықтарының әдiстемелiк қызметiн үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (мұнан былай - Ведомствоаралық комиссия) мақсаттарын, мiндеттiлiгiн, негiзгi қызметi мен мiндеттерiн айқындайды.
2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актілерін басшылыққа алады.
3. Ведомствоаралық комиссияны құрудың мақсаты біліктiлiктi арттыру және мамандарды қайта даярлау саласындағы мемлекеттік ведомстволық білім мекемелерiнiң әдiстемелiк қызметiн үйлестiру процесiн жетiлдiру болып табылады.
4. Негiзгi мiндеттiлiгiне сәйкес Ведомствоаралық комиссияға мынадай қызмет жүктеледi:
мемлекеттік институттардағы, факультеттердегi, орталықтардағы, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік білім мекемелеріндегі жұмыстың жай-күйiн зерделеу;
мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын жаңа білім мекемелерiн құру жөнiнде ұсыныс тұжырымдау;
аймақаралық, мемлекетаралық ынтымақтастыққа және мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын мемлекеттік білім мекемелерiнiң арасындағы байланысқа жәрдем көрсету;
мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын мемлекеттік білім мекемелерiнiң пайдалануына ұсыну мақсатында республикада, сонымен бiрге шет елдерде әзiрленген әдiстемелiк материалдарды қарау;
мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын мемлекеттік институттардағы, факультеттердегi және басқа білім мекемелеріндегі оқуды ұйымдастыру жөніндегі озық тәжiрибенi тарату;
мамандардың біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды өзгерту мен толықтыру бойынша ұсыныс даярлау және енгізу.
5. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмiмен құрылады. Оның құрамына мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдары мен білім мекемелерiнiң өкiлдерi енедi.
6. Ведомствоаралық комиссияның мәжілісi оның жұмыс жоспарына сәйкес жүргiзiледi. Жоспардан тыс мәжіліс қажет кезде төрағаның шешiмiмен өткiзiледi.
7. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн жұмыс жоспарына сәйкес қамтамасыз етедi, төраға орынбасарларының және ведомствоаралық комиссия мүшелерiнiң өкiлдiгiн айқындайды.
8. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi мәжіліске қатысушы мүшелердiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
9. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктiлiгiн арттырудың республикалық салааралық институты болып табылады.