Астық өндiрудi нығайту және оны өткізу рыногын кеңейту, облыстарды
нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 қарашадағы № 1288 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Республиканың аграрлық секторын дамытуда астық шаруашылығы саласына айрықша маңызды мән бере отырып және астық өндiру мен өткізу саласында нарық элементтерiн одан әрi кеңейту, сондай-ақ халықты нанмен, нан-тоқаш тағамдарымен, ұнмен, жармамен және мал шаруашылығы өндiрiсiн құрама жеммен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi басқару органдарының жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
ҚРҮ-нiң 24.05.1996 № 641 қаулысымен 1-тармақтың 2-абзацы алынып тасталды
1. Қара және сарғылт топырақты аймақтарда астық өндiру аграрлық сектордың жетекшi саласы деп саналсын.
2. Астық өндiрудiң интенсивтiлiгiн арттыру және оның сапасын жақсарту мақсатында 1995 жылы оны өндiрушiлердi тыңайтқыштармен, тұқымдармен, арамшөптермен, зиянкестермен және өсiмдiк ауруларымен күресуге арналған заттар сатып алуға байланысты шығындардың бiр бөлiгiн өтеу арқылы мемлекеттік қолдауды жалғастыру қажет деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, 1995 жылға арналған бюджеттiң жобасында осыған қажеттi қаржы ресурстарын көздесiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Экономика министрлігі және Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік акционерлік және холдинг компанияларымен, Мемлекеттік Даму банкiмен және Мемлекеттік экспорт-импорт банкiмен бiрлесiп, 1995-1998 жылдары негiзгi астық өндiретiн аймақтарда диқандарға шарттық тракторлармен, тұқым себу агрегаттарымен, егiн жинайтын және басқа техникалармен қызмет көрсету жөніндегі сервис пункттерiнiң, сондай-ақ астық тазалайтын-кептiретiн агрегаттар шығаратын және монтаждайтын базалар мен қоймалар жүйесiн құру үшiн қаражат қарастырсын. Осы мақсатта үш айлық мерзiмде Қазақстанның кәсiпорындарында қажеттi машиналар мен жабдықтар жасау бағдарламасын анықтасын және Үкiметтiң бекiтуiне тапсырсын.
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 1995 жылдың егiнiнен бастап, мемлекеттiң қажетi үшiн астық беру көлемiн жеткізу, сондай-ақ оның өңделген өнiмдерiн тұтыну қорлары мен лимиттерi тоқтатылсын.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер, ұқсатушы және делдалдық кәсiпорындар астық пен оны өңдеу өнiмдерiн еркiн сатуды және сатып алуды iшкi және сыртқы рынокта еркiн баға бойынша биржалар, аукциондар және басқа сату арналары арқылы жүзеге асырып, контрактiлердi агрөнеркәсiп биржаларында тiркетедi деп белгiленсiн.
Үкiметаралық келісімдер бойынша экспортқа астық беру алдын-ала жасалған экспорттық контрактiлер болған жағдайда тиiстi рұқсаттарды биржаларда аукциондық сату арқылы жүзеге асырылады.
5. Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі iшкi және сыртқы рынокта астық пен оның өңделген өнiмдерiне бағаның өзгеруi туралы хабарларды апта сайын баспасөзде жариялауды немесе жеке бюллетень етiп шығаруды ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Экономика министрлігі, Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы 1995 жылғы қаңтардың 1-iне дейiн астық пен оның өңделген өнiмдерiн iшкi және сыртқы рынокта Қазақстан Республикасының биржалары арқылы жария және ашық сауда-саттықта сатудың бiрыңғай тәртібін дайындап, бекiтсiн.
7. Облыстардың әкiмдерi жергiлiктi халықты нанмен, нан-тоқаш және макарон тағамдарымен, ұнмен және жармамен, ал мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын құрамажеммен қамтамасыз етудi облыстардың материалдық және қаржы-несие ресурстары есебiнен 1995 жылғы егiннiң (1995 жылғы қазанның 1-iнен бастап) астығын өндiру, сатып алу және қайта өңдеу негiзiнде ұйымдастырсын.
Қазтұтынуодағына 1995 жылдан бастап тауар өндiрушiлермен тiкелей шарт бойынша астық сатып алуға көшу және осы астықты өз наубайханалары үшiн ұн өңдеуге пайдалану ұсынылсын.
8. Мемлекетке астық сатып алу, сақтау, қайта өңдеу және өткізу "Астық" мемлекеттік акционерлік компаниясы арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Сатып алушылар шаруашылықтармен астық сатып алуға контракт жасау кезiнде астық беруге кепiлдiк беретiн өндiрушiлермен және басқа жеткізушiлермен фьючерлiк және форвардтық шарттар хаттауды кең түрде қолдансын.
8-тармақтың 1,3 абзацтары күшiн жойды - ҚРМК-нiң 06.11.1995 № 1450 қаулысымен.
9. Астық өнiмдерi саласының қалған барлық кәсiпорындары дербес акционерлік қоғамдар етiп қайта құрылсын. Бұл ретте мыналар:
тiкелей астық өндiретiн аймақта орналасқан шалғайдағы астық қабылдау кәсiпорындары бойынша барлық мемлекеттік акциялар пакетiн астық өндiрушiлерге және аралас кәсiпорындарға сату;
астық өндiрушiлер қауымдастығын ұйымдастыру мүмкiндiгiн ескере отырып, облыстың (аймақтың) астық пен нан өнiмдерiне қажетiн қамтамасыз ететiн акционерлік қоғамдарға мемлекеттік акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн мемлекет меншiгiнде сақтау көзделсiн.
9-тармақтың 1-шi абзацы күшiн жойды - ҚРМК-нiң 06.11.1995 № 1450 қаулысымен.
10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi 1995 жылғы қаңтарға дейiн құс шаруашылығы және мал шаруашылығы өнiмдерiн шығарудың бiрыңғай технологиялық жүйесiн құру мақсатымен құрамажем заводтарын, құс фабрикаларын, мал шаруашылығы кешендерi мен астық өндiрушi шаруашылықтарды акционерлендiрудi аяқтасын.
Облыстардың әкiмдерi аталған акционерлік қоғамдарға (құс фабрикаларына, мал шаруашылығы кешендерiне немесе құрамажем заводтарына) құрамажем өндiру үшiн астық шикiзатының жетiспейтiн мөлшерiн өндiруге қажеттi жер учаскелерiн бөлсiн.
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi және облыстардың әкiмдерi шаруашылық есеп негiзiнде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндiру. сатып алу, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі акционерлік компаниялар немесе қауымдастықтар құруды жеделдетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi