Суды өрт сөндiру қажетiне пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 ж 19 тамыздағы № 930 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
былай деп белгiленсiн:
судың ласталмауы қамтамасыз етiлетiн болса өрт сөндiруге қажеттi суды кез келген су тоғандарынан ерекше рұқсатсыз алуға болады;
осы мақсат үшiн су алу орнын таңдауды су ресурстарын басқару, табиғатты қорғау және денсаулық сақтау мемлекеттік органдары қоятын шарттарды орындай отырып, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жергiлiктi өрттен қорғау органдары, ал оларды жабдықтауды /бекеттер, кiрме жолдар, жарық белгiлерi және т.б./ - жергiлiктi әкiмдер жүзеге асырады;
қай ведомствоға жататынына және меншiк нысанына қарамастан, су құбырлары ғимараттары мен жүйелерiнен өрт сөндiруге қажеттi су алу қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сәйкес жүзеге асырылады;
өз балансында су құбырлары ғимараттары мен жүйелерi бар заңды ұйымдар өрт сөндiру ғимараттары мен қондырғыларының жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi