Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөніндегі
мемлекеттік кеңесi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 4 шiлдедегі 1995 ж. № 912 ҚАУЛЫСЫ
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік экология саясатын тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ету және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі шараларды орындау, республикадағы табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөніндегі мемлекеттік кеңесiнiң құрамы;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөніндегі мемлекеттік кеңесi туралы Ереже бекітілсiн (қоры берiлiп отыр).
2. "Қазақстан Республикасының Экология жөніндегі мемлекеттік кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қазандағы № 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 42, 501-бап) күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бірiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 4 шiлдедегi
№ 912 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Экология және табиғат
пайдалану жөніндегі мемлекеттік кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Қажыгелдин Ә.М. - Қазақстан Республикасының Премьер-министрi,
төраға
Есiмов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
орынбасары (төрағаның орынбасары)
Медведев С.А. - Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрi (төрағаның орынбасары)
Бәйiшев Қ.С. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Аппаратының Агроөнеркәсiп кешенi, табиғат
пайдалану және айналадағы ортаны қорғау
бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi (жауапты хатшы)
Кеңес мүшелерi
Әкiмбеков Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің
орынбасары
Әлиғожанов С.Қ. - Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрi
Байтулин И.О. - Ботаника және фито шетел өнiмдерi
институтының құрметтi директоры,
өсiмдiктердiң экологиялық морфологиясының
лаборатория меңгерушiсi
Бақтыбаев I.Ж. - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
орынбасары (келісімi бойынша)
Баядiлов Е.М. - Қазақстан Республикасының Атом энергиясы
жөніндегі агенттiгiнiң бас директоры
Бижанов Н.Қ. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының
орынбасары
Божко В.К. - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi Бас басқармасының бастығы (келісімi
бойынша)
Даукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрi
Дерновой А.Г. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің орынбасары
Дұлқайыров М.Т. - Алматы қаласының әкімінiң орынбасары
Ерғожин Е.Е. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының вице-президенті
Есыров О.В. - Қазақстан Республикасы Білім министрінің
бірiншi орынбасары
Қалыбаев А.А. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Ұлттық аэрокосмос агенттiгiнiң бас
директоры
Қыпшақпаев Н.Қ. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Су ресурстары жөніндегі комитет
төрағасы
Косарев В.А. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің орынбасары
Красносельский Н.Ф.-Қазақстан Республикасы Экономика министрінің
орынбасары
Құнанбаев С.Қ. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Аппаратының Агроөнеркәсiп кешенi, табиғат
пайдалану және айналадағы ортаны қорғау
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
орынбасары
Озолинг Э.И. - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын
үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің
орынбасары
Темiрбеков С.Ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
орынбасары
Үмбетов С.Ә. - Алматы облысы әкімінiң орынбасары
Шәменов А.М. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас
басқарманың бастығы
Шегебаев О.Ш. - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының
вице-президентi
Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа
технологиялар министрi
Штойк Г.Г. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
сауда министрi
Юрьев А.Ф. - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
өнеркәсiбi министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 4 шiлдедегi
№ 912 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Экология және табиғат
пайдалану жөніндегі мемлекеттік кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану жөніндегі мемлекеттік кеңесi /бұдан әрi - Кеңес/ Қазақстан Республикасында экологиялық қауiпсiздiктi және ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бірiңғай мемлекеттік саясат жасау мен оны жүзеге асыру мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiрушi орган болып табылады. Кеңестi екi орынбасары, бір төраға басқарады.
3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
4. Айналадағы ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі (табиғат ресурстарының қайта өсiп-өну және оны өндiрудi қоса отырып) бірыңғай мемлекеттік саясаты қалыптастырып, жүзеге асырады.
5. Нарық экономикасына көшу кезiнде республиканың экологиялық проблемалары шешудегi негiзгi басымдықтарды белгiлейдi.
6. Министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарының айналадағы ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мәселелерiн шешу бөлiгіндегі қызметiн үйлестiредi.
7. Айналадағы ортаны қорғау, табиғат қорғау қызметiн мемлекеттік басқару әдiстерi, жер, су, ресурстарын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, ауа және жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөніндегі шешiмдердi жүзеге асыруға бақылауды қамтамасыз етедi.
8. Жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайын сауықтыру және олардың халқының қалыпты өмiр сүруi үшiн қажеттi шарттарды сақтау жөніндегі практикалық шаралар туралы ұсыныстарды қарайды.
9. Айналадағы ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша басым бағыттарды, кешендi (мақсатты) бағдарламаларды және жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды қабылдайды.
10. Мемлекетаралық және халықаралық органдармен айналадағы ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар жасайды және шешiмдер қабылдайды.
11. Қажет болған жағдайда белдi ғалымдарды, жоғары біліктi мамандар мен жұртшылықты тарта отырып айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану бөлiгiнде түскен ұсыныстарды практикалық жүзеге асыру бойынша оларды кейiннен нақты шаралар жасай отырып талдап, зерттеу үшiн жұмыс топтары мен комиссиялар құрады.
3. Кеңес өкiлеттiгi мен жұмыс регламентi
12. Кеңестiң өз құзырына кiретiн мәселелер жөніндегі шешiмдерi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, әскери өнеркәсiп кешенiн қоса отырып, Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң, ведомстволарының, ұйымдары мен кәсiпорындарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
13. Кеңес төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылық жасайды Төрағаның орынбасарлары Кеңес жұмысын жоспарлайды және Кеңес қабылдаған шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды белгiлейдi.
14. Кеңес шешiмi оның қаулысы ретiнде хатталады.
15. Кеңес мәжiлісiнде мәселелерi қаралатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар оның жауапты хатшысына немесе төрағасының орынбасарына белгiленген мерзiмде анықтамалар, баяндамалар мен Кеңес шешiмдерiнiң жобаларын, ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Үкiмет жарлықтарының, қаулыларының жобаларын да ұсынады.
16. Кеңес мүшелерiнiң:
Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, мемлекеттік комитеттерi мен ведомстволарынан, кәсiпорындарынан, ұйымдарынан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұрауға және алуға;
өз талапкерлiктерi бойынша Кеңес қарауына ұсыныстар, пiкiрлер мен тиiстi шешiмдер жобаларын енгiзуге;
Кеңес мәжілісiнiң хаттамасында жазылатын Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгi қабылдаған мәселелерi бойынша ерекше пiкiр енгiзуге;
Кеңес қызметiнiң мәселелерi бойынша оған шығындарды жатқыза отырып, өздерiнiң негiзгi жұмыс орны бойынша орган қаржысы есебiнен iссапарға баруға құқы бар.
17. Кеңес мүшелерi:
Кеңес қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеу мен талқылауға белсендi түрде қатысуға;
Кеңес төрағасының, оның орынбасарларының тапсырмаларын, Кеңес мәжілісiнiң шешiмдерi мен қаулыларын дер кезiнде орындауға;
Кеңес мәжілісiне ауысу құқынсыз қатысуға мiндеттi.
18. Кеңес жұмысты төраға бекiткен жоспар бойынша ұйымдастырады, қажет болғанда, бірақ тоқсанында бір реттен кем емес, мәжіліс өткiзедi.
Кеңестiң мәжілісi егер оған бекітілген тiзiмдiк құрамдағы Кеңес мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқанда заңды болады. Шешiмдер Кеңес мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауыстарының ашық дауыс беруi арқылы қабылданады.
Кеңес мәжілісiне қажет болған жағдайда министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ мүдделi облыстық, аудандық және қалалық басқару органдарының, қоғамдық құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысады.