Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында жер
үлесiне (пай) құқын беру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 10 маусымдағы № 611 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Совхоздар мүлкiнiң бiр бөлiгiн директорлардың меншiгiне беру туралы" 1994 жылғы 9 наурыздағы № 1585 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында жер үлесiне (пай) құқын беру Тәртібі (қоса берiлiп отыр);
жер үлесiне құқы туралы куәлiктiң нысаны (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
2. Шаруашылықтарды реформалау барысында колхозшылардың жалпы жиналысы арқылы осы Тәртiптiң ережелерiн басшылыққа алу ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi жер үлесiне құқын беру шартының және жер үлесiне құқы туралы куәлiктерi мен жер үлесiне құқын беру шарттарын тiркеу Кiтабының нысандарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 10 маусымдағы
№ 611 қаулысымен
Бекiтiлген
Ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру
барысында жер үлесiне (пай) құқын беру
Тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Совхоздар мүлкiнiң бiр бөлiгiн директорлардың меншiгiне беру туралы" 1994 жылғы 9 наурыздағы № 1585 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында аталған кәсiпорындардың қызметкерлерi екi жақты уағдаластық жағдайымен осы кәсiпорын еңбек ұжымының өзге де мүшелерiне осы үлестi (пайды) ауыл шаруашылық өндiрiсiнде пайдалану үшiн өздерiнiң мүлiктiк үлесiн сата алады, бере алады және жер үлесiне (пай) құқын бере алады.
2. Еңбек ұжымдарының мүшелерi арасында үлестiк бөлу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсiп кешен кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру Тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жекешелендiрiлген мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарының әрбiр қызметкерiне жер үлесiне құқы туралы куәлiк (бұдан әрi куәлiк деп аталады) бекітілген нысан бойынша нақты түрде осы жер үлесi бөлiнбей берiледi.
Куәлiк тиiстi мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорын қызметкерiнiң жер үлесiне құқын куәландыратын құжат болып табылады.
4. Куәлiктердi алу үшiн жекешелендiрiлген ауыл шаруашылық кәсiпорындар аудан әкіміне еңбек ұжымының жалпы жиналысында бекітілген, жер үлесiнiң көлемдерiн көрсетiп, жер үлесiне құқы бар осы ұжымдар қызметкерлерiнiң тiзiмiн тапсырады.
5. Аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетi аудан әкімі шешiмiнiң негiзiнде куәлiктер бередi.
6. Жер үлесiне құқық беру мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорнының қызметкерiнде жер үлесiне құқы туралы куәлiк болғанда ғана мүмкiн болады.
7. Екiжақты уағдаластық жағдайымен өзiнiң жер үлесiне құқын осы кәсiпорынның өзге қызметкерiне беретiн ауыл шаруашылық кәсiпорын қызметкерi жер үлесiне құқын беру шартымен жасалынатын келісімдi жазбаша түрде ресiмдейдi.
8. Жер үлесiне құқын беру шарты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетiне беру нәтижесiнде бұл құқықты алушы қызметкерге куәлiк беру үшiн негiз болады.
9. Қызметкерге жер үлесiне құқын өзгеге бергенге дейiнгi, одан кейiнгi жер үлесiне құқық беру жөніндегі берiлген куәлiк және жер үлесiне құқын беру шарты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетіндегі жер үлесiне құқын беру куәлiктерiн, жер үлесiне құқын беру шарттарын тiркейтiн Кiтапта тiркеледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 10 маусымдағы
№ 611 қаулысымен
Бекiтiлген
Нысан
-----------
Қазақстан Республикасының Гербi
Жер үлесiне құқы жөніндегі
Куәлiк
N
Куәлiк__________________________________________________________
(елдi мекеннiң атауы)
__________________________________көшесіндегі N_____үйде тұратын
азамат__________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
______________________________________________ауданы әкімінiң
199_____жылғы "_______"____________________N___________шешiмiмен
________________________________________________________________
(аудандық, облыстық, ауыл шаруашылық кәсiпорын атауы)
жер иелiгiнен__________________га көлемiнде (_______балл гектар)
жер үлесiне құқы берiлдi, оның________гектары ауыл шаруашылығы
жерi, оның iшiнде__________________жайылым________________гектар
N_____________куәлiк жер үлесiне құқы туралы куәлiктер мен жер
үлесiне құқын беру шарттарын тiркеу Кiтабында тiркелдi және
________________________________________________берiледi.
(берiлген күнi)
____________________аудандық (қалалық)
М.О. жер қатынастары және жерге орналастыру
жөніндегі комитеттiң төрағасы
___________________ _________________________________
(қолы) (фамилиясы, аты-жөнi)