Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 12 қыркүйектегі № 1253 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінiң 1996.08.09. № 987 қаулысымен 1-тармақ өзгердi
1. Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында және
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің займын беру шарттарына сәйкес
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына белгiленген тәртiппен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем мынадай деңгейде белгiленсiн:
а) кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қайта құрылуына немесе қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруына байланысты жұмыстан босаған адамдарға - заңмен белгiленген есептiк көрсеткiштiң алты есе мөлшерiнде;
б) жұмыссыздардың басқа санаттарына - есептiк көрсеткiштiң үш есе мөлшерiнде.
Бұл қосымша төлемдер жәрдемақы (стипендия) мөлшерi "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлгендегiмен бiрдей немесе одан асатын жұмыссыздарға төленбейдi.
2. Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттік қорының қаржысы есебiнен жасалсын.
3. Бұл қаулы 1995 жылдың 1 қыркүйегiнен күшiне енедi.
Премьер-министр