3. Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 18-бап толықтырылды
18-бап. Республика Президентінің республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi
1. Республика Президентi конституциялық заңға сәйкес өз бастамасы бойынша, Парламенттiң, Үкiметтiң немесе сан жағынан облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың бәрiн бiрдей дәрежеде бiлдiретiн Республиканың сайлау құқығы бар кем дегенде екi жүз мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы шешiм қабылдайды.
2. Республика Президентi Парламенттiң, Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының референдум өткізу туралы бастамасы бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) референдум өткізу туралы;
2) референдум өткiзбей-ақ, оның мәнi ретiнде ұсынылып отырған мәселе жөнiнде Республика Конституциясына, конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешiмдi қабылдау қажеттiгi туралы;
3) референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
3. Референдум бастамашыларының келісімiмен Республика Президентi оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының өз еркiн неғұрлым анық бiлдiруi үшiн референдумға ұсынылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымын нақтылауға хақылы.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1; 2007.19.06. № 265-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Республика Президентінің өзге де өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессияда жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;
2) 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, біліктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;
5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Республиканың Мемлекеттiк кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Парламент Сенатына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын бес жыл мерзімге қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынады;
8) ұлттық валютаның қолданылу тәртібін, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;
9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады;
10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) Парламент Сенатының келісімімен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындайды;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
III тарау
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Республика Президентi актілерінiң нысандары
1. Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.
2. 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Республика Президентi қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актілері, тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.
4. Республика Президентi тиiстi Жарлықтар мен өкiмдер шығаратын мәселелер тiзбесi осы Конституциялық заңның 21 және 22-баптары бойынша анықталады. Қажет болған жағдайларда Республика Президентi өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде өзiнiң тиiстi өкiлеттiктерiнiң қандай акт нысанында, Жарлық немесе өкiм нысанында жүзеге асырылатындығын дербес анықтай алады.
21-бап. Республика Президентінің жарлықтары
1. Республика Президентінің жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
2. Республика Президентінің жарлықтарымен:
1) Президенттiң Республика Президентінің актілерін шығаруды талап ететiн конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік билiктiң барлық тармақтарының келісімдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
3. Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.
22-бап. Республика Президентінің өкiмдерi
1. Республика Президентінің өкiмдерi Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
2. Республика Президентінің өкiмдерiмен:
1) әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
2) Республика Президентінің құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Республика Президентінің актілерін дайындау және оларды Президенттiң қарауына енгізу
1. Республика Президентi актілерінiң жобаларын дайындауды мыналар жүзеге асырады:
1) Президент Әкімшілігі және Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдар;
2) Республика Үкіметі;
3) Жоғарғы Сот;
4) 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Республика Президентi белгiлейтiн өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.
2. Республика Президентінің қарауына енгiзiлетiн актiлердiң жобалары:
1) қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалып, Президенттiң қарауына енгiзiледi;
2) заң техникасы мен iс жүргiзу талаптарына сай келуге тиiс.
3. Президент шығарған актiлердi нөмiрлеу Республика Президентінің өкiлеттiк мерзiмiне жүргiзiледi. Президент актілерінiң түпнұсқалары мен оған қосымша материалдар Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнде сақталады және заңда белгiленген мерзiм аяқталған соң Республика Президентінің Архивiне жiберiледi.
4. Президент актілерінiң жобаларын дайындаудың заңмен белгiленген тәртібінiң сақталуын және оларды Мемлекет Басшысының қарауына ұсынылуын бақылауды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады.
24-бап. Республика Президентінің актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың күшiн жою тәртібі
1. Өзгертулер мен толықтырулар:
1) Республика Президентінің жарлықтарына Президент жарлықтарымен енгiзiледi;
2) Республика Президентінің өкiмдерiне Республика Президентінің өкiмдерiмен енгiзiледi.
2. Республика Президентi жарлықтарының күшiн жою Республика Президентi жарлықтарымен, Республика Президентi өкiмдерiнiң күшiн жою Республика Президентінің жарлықтарымен және өкiмдерiмен жүргiзiледi.
3. Республика Президентінің бiрдей заң күшi бар актілерінiң арасында алшақтық туындаған жағдайда, егер Республика Президентінің тиiстi актiсiнде өзгеше көзделмесе, кейiнiрек күшiне енген акт басшылыққа алынуға тиiс.
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Республика Президентінің актілерін күшiне енгізу мен жариялау тәртібі
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Президенттiк нормативтiк сипаты бар актілері, егер Президент өзгеше белгiлемесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң Республиканың бүкiл аумағында бiр мезгiлде күшiне енгiзiледi.
2. Нормативтiк сипаты жоқ Президент актілері, егер Президент өзгеше белгiлемесе, оларға қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Президенттің актiлерi «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми жариялануға жатады.
4. Президент актілері, сол сияқты өзге де баспа органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы, Интернетте жария етiлуi, телеграф, телефакс арқылы берiлуi, тиiстi мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына таратылуы мүмкiн.
5. Республиканың мемлекеттік құпиялары немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиясы баяндалған Президент актілері жариялауға жатпайды. Мұндай актiлердiң тұпнұсқаларында құпиялық белгiсi қойылады және олар белгiленген тәртiппен өздерiнiң күшi қолданылатын органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың назарына жеткiзiледi. Президенттiң аталған актілерінiң мазмұны белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында баяндалуы мүмкiн.
IV тарау
Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
1. Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
2. Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн.
3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде қозғалмайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына ауысады; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Парламент Мәжілісiнiң Төрағасына ауысады; Мәжіліс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Республиканың Премьер-Министрiне ауысады. Өзiне Республика Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өзiне Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған адамның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларға бастамашы болуға құқығы жоқ.
V тарау
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн қамтамасыз ету
28-бап. Республика Президентінің қызметiн мемлекеттік қамтамасыз ету
Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
29-бап. Республика Президентінің жалақысы және еңбек демалысы
1. Республика Президентінің жалақысы заңдарда белгiленген тәртiппен анықталады.
2. Республика Президентiне жыл сайын қырық бес күнтiзбелiк күн мерзiмiне ақылы еңбек демалысы берiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 30-бап толықтырылды
30-бап. Республика Президентiн қамтамасыз ету
1. Республика Президентi қызметiнде болған кезеңге осы қызметке сайланған тұлға Республика аумағында резиденциялармен, Республика астанасында қызмет пәтерiмен және мемлекеттік саяжаймен қамтамасыз етiледi.
2. Республика Президентi арнайы мақсаттағы автокөлiкпен, арнайы жабдықталған ұшақтармен және тiкұшақтармен, сондай-ақ арнайы жабдықталған көлiк құралдарының өзге де түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы, сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне сәйкес Мемлекеттік күзет қызметi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне медициналық, санаторий-курорттық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы қамтамасыз етедi.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi Мемлекеттік күзет қызметi жүзеге асырады.
5-1. Республика Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика Президентінің жеке кiтапханасы мен жеке мұрағаты құрылады және қалыптастырылады.
31-бап. Республика Президентiн күзету
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Республика Президентiн күзету Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.
2. Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бiрге тұратын басқа да отбасы мүшелерi күзетiлуге тиiс.
32-бап. Республика Президентінің Әкiмшiлiгi
Республика Президентінің Әкiмшiлiгi мемлекеттік орган болып табылады, оған мыналар жүктеледi:
1) Республика Президентінің қызметiн қамтамасыз ету;
2) Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру;
3) Республика Президентінің шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау;
4) Мемлекет Басшысы белгiлейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк- кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республика Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар құрылады.
2. Республика Президенті:
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды;
3) консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымды адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін тыңдайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының қызметкерлері Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру және оның өкілеттіктері заңда айқындалады.
VI тарау
Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 34-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi
1. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
2. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Республиканың экс-Президентi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырыстарына, Республика Президентінің қызметке кiрiсуiне, Республиканың мемлекеттік мерекелерiне арналған салтанатты мәжілістерге және мемлекет өткiзетiн өзге де iс-шараларға қатысуға хақылы.
4. Республиканың экс-Президентiне, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика экс-Президентінің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету
1. Республиканың экс-Президентiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсету және оны күзету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Республиканың экс-Президентiне өмiр бойы:
1) Республика Президентінің шешiмiмен Республика Президентi лауазымдық жалақысының сексен процентi мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Республика экс-Президентінің осы Конституциялық заңның шарттарымен белгiленген зейнетақысы Республика Президентінің лауазымдық жалақысының өсуi ескерiлiп, арттырылып отырады;
2) қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттік саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi;
2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экс-Президентінің меншігінде болады.
36-бап. Республика экс-Президенттерi құқықтарының кепiлдiктерi
Республиканың экс-Президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң Республика Президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.
VII тарау
Қорытынды ережелер
2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 37-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Өзге заң актілерінiң Республика Президентінің қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі қолданылуы
Республика Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасының нормалары қолданылмайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртібі
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев