Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.
2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2-1. Министрлiк Республика Yкіметінiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
ҚР 2020.30.12. № 392-VI Конституциялық Заңын (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2-тармақ жаңа редакцияда
2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары үшін, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ескеріле отырып, қызметтер құруға жол беріледі.
Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді.
Министрлік қызметтерінің, департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.
3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттік комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
23-бап. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 379; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 2014.29.09. № 238-V Конституциялық Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы
1. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.
5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
ҚР 2020.30.12. № 392-VI Конституциялық Заңын 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ведомство құрылымын тиісті орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін құрылымына осы ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республика Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етуді Республика Үкіметі Аппараты жүзеге асырады.
2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Республика Үкіметі Аппаратын құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Республика Үкіметі Аппараты басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды лауазымдарға тағайындау мен лауазымдарынан босатудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
26-бап. Республика Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
1. Республика Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының