Тауарлардың шығу тегi туралы сертификатты беру және куәландыру
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995
жылғы 29 маусымдағы № 889 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Тауардың шыққан елiн анықтаудың тәртібі туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерi Басшылары Кеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiнiң 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚРҮ-нiң 1997.04.08. № 505; 1998.07.03. № 634 қаулыларымен 1-тармақ өзгертiлдi
1. Қазақстан Республикасында тауарлардың шығу тегi туралы сертификат беру мен куәландыру жөніндегі өкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi болып табылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі сауда режимi туралы келісімдермен көзделген преференцияны Қазақстан Республикасына тарату үшiн ТМД-ға мүше мемлекеттердiң сыртқы экономикалық ведомстволарына, ЕЭҚ-ға және басқа шетелдерге мөрдiң және тауарлардың шығу тегi туралы сертификаттарды растауға өкiлеттi адамдардың қойған қолының үлгiлерiн жiберсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бiрiншi орынбасары