Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995
жылғы 22 маусымдағы № 864 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Тұтынушылар құқығын қорғаудың мемлекеттік жүйесiн құру және тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі шараларды одан әрi дамыту мен жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөніндегі жобаларының және тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құжаттардың ұсынылып отырған тiзбесi бекітілсiн.
2. Жергiлiктi әкiмдер:
мемлекеттік бөлшек сауда жүйесi кәсiпорындары үшiн аса қажеттi азық-түлiктiк және азық-түлiктiк емес тауарлардың мiндеттi тiзбесiн бекiтсiн;
сауданың, қоғамдық тамақтандырудың және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң жекешелендiрiлген кәсiпорындарын сатып алу-сату шартына сәйкес олардың бастапқы бейiнiн, тауардың түр-түрiн, жұмыс режимiн және олардың "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңының жарлығына сәйкестiгiн сақтау мақсатында жүйелi түрде бақылап отырсын;
үй-жайды онда фирмалық дүкендер ашу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн кәсiпкерлерге және тамақ өнеркәсiбi орындарына жалға беру немесе сатуды айқындасын;
тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарды қызметтiк үй-жаймен және телефон байланысымен қамтамасыз етуде көмек көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп әзiрлеген оқу жоспарына сәйкес белгiленген тәртiпте орта және жоғары, оның iшiнде заңдық бейіндегі оқу орындарындағы оқушылар мен студенттерге тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңды зерделеудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне және Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес мүшелерiне Тұтынушылар құқығын қорғау мен тәуелсiз тұтынушылық сараптаманың ұлттық қоры туралы Ереженiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Тұтынушылар құқығын қорғаудың мемлекеттік жүйесiн құру тұжырымдамасын әзiрлеп, оны 1996 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, атқарушы органдары жыл сайын 25 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiнде жыл сайынғы баяндама әзiрлеу үшiн қажеттi материалдар беретiн болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 22 маусымдағы
№ 864 қаулысымен
бекітілген
ҚРҮ-нiң 1996.04.29. № 524 қаулысымен Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi
Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөніндегі
заң жобаларының тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
Заң жобасының атауы | Әзiрлеушi |Атқарылатын мерзiмi
--------------------------------------------------------------------
Азық-түлiк тағамдарының Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
сапасы мен қауiпсiздiгi Ұлттық ғылым академиясы, наурызы
туралы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
Баспасөз және бұқаралық желтоқсаны
ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасының
Баға және монополияға қарсы
саясат жөніндегі мемлекеттік
комитетi
Сауда туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
Өнеркәсiп және сауда желтоқсаны
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 22 маусымдағы
№ 864 қаулысымен
бекітілген
Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қатынастарды
реттейтiн нормативтiк құжаттардың тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
Нормативтiк құжаттардың | Әзiрлеушi |Атқарылатын
атауы | | мерзiмi
--------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3
--------------------------------------------------------------------
Халыққа ақылы медициналық Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызмет көрсету ережелерi Денсаулық сақтау қыркүйегi
министрлігі
Сапасыз өнiмдердi жарам.- Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
сыз деп тану, жою немесе Денсаулық сақтау қыркүйегi
ұқсату тәртібі туралы министрлігі
нұсқама
Тамақ өнiмдерi мен тағам Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
шикiзатына медициналық- Ұлттық ғылым академиясы ақпаны
биологиялық талаптар Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Коммуналдық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
ережелерi Құрылыс, тұрғын үй және маусымы
аумақтарда құрылыс салу
министрлігі
Рыноктар мен ұсақ бөлшек Қазақстан Республикасының 1996 жылғы
сауда кәсiпорындарындағы Өнеркәсiп және сауда қазаны
сауда ережелерi министрлігі
Халыққа тұрмыстық қызмет Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
көрсету ережелерi Баға және монополияға қарсы қарашасы
саясат жөніндегі мемлекеттік
комитетi
Туристiк-экскурсиялық Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызмет көрсету ережелерi Жастар iсi, туризм және желтоқсаны
спорт министрлігі
Қалааралық және Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
халықаралық телефон Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
байланысы қызметiн көрсету министрлігі
ережелерi
Почта қызметiн көрсету Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
ережелерi Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
министрлігі
Жергiлiктi телефон жүйесi Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызметiн көрсету Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
ережелерi министрлігі
Телеграф байланысы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызметiн көрсету Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
ережелерi министрлігі
Сым арқылы таратылатын Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
радиохабарлары қызметiн Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
көрсету ережелерi министрлігі
Бөлшек сауда және Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қоғамдық тамақ ережелерi Өнеркәсiп және сауда желтоқсаны
министрлігі