Жалпы мемлекеттік пайдаланыстағы жүйеге арналған байланыс жабдықтарына
кеден бажының ставкаларын белгiлеу туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19
маусымдағы № 841 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік телекоммуникациялар жүйесiн кешендi жаңарту мен жалпы пайдаланыстағы жүйе абоненттерi үшiн көрсетiлетiн байланыс қызметiне арналған тарифтер деңгейiнiң тұрақтылығын сақтап қалу үшiн және "Қазақстан Республикасының импортталатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 қаңтардағы № 1498 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-i, 1994 ж., № 2, 14-бап) 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Импортталатын байланыс аппаратурасына,коммутациялық автоматты телефон станцияларына, сым, радиореле және жер серiгiнiң байланыс жүйесiне арналған жабдықтарға, радиобайланыс пен радиохабарын таратудың қабылдау-тарату құрылғысы, жалпы пайдаланылатын мемлекеттік жүйенiң объектiлерiнде орнатуға арналған телефон және телеграф аппараттарына (тауарлардың ТН СЭҚ бойынша коды 8517) кеден тарифi 0 процент мөлшерiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрінің
бiрiншi орынбасары