Таратылатын кәсiпорындардың қызметкерлерiне жәрдемақы төлеудiң
механизмiн енгізу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
кабинетінің 1995 жылғы 22 мамырдағы № 729 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес әрi шығынды кәсiпорындардың банкроттығы мен таратылуының әлеуметтiк салдарын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн және банкроттық туралы заңға сәйкес таратылған кәсiпорындардың мүлкiн өткiзуден алынған қаражаттың мемлекеттік үлесi Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң есеп айырысу шотына жiберiлсiн;
аталған қаражат таратылатын кәсiпорындардан босатылатын қызметкерлердiң екi айлық жалақысы мөлшерiнде жәрдемақының жетпеген сомасына өтемақы үшiн пайдаланылсын;
таратылатын кәсiпорындардан босатылатын қызметкерлерге жәрдемақы төлеу процедурасы аяқталғаннан кейiн осындай қаражаттың қалдығы мемлекеттік бюджетке жiберiлсiн;
2. Аталған қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн.
3. Қызметкерлерi жәрдемақымен қамтамасыз етiлуге жататын таратылатын кәсiпорындардың тiзiмi қоса берiлiп отыр.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 22 мамырдағы
№ 729 қаулысына
қосымша
Қызметкерлерi екi айлық жалақы мөлшеріндегі
жәрдемақымен қамтамасыз етiлуге жататын
таратылатын кәсiпорындардың
Тiзiмi
"Гарант" АҚ, Ақтөбе облысы
"Ақтас" АҚ, Ақтөбе облысы
"Шалқарқұрылыс" АҚ, Ақтөбе облысы
"Қиыршық тас зауыты" АҚ, Жамбыл облысы
"Құрылыс-монтаж басқармасы - ҚМБ" АҚ, Жамбыл облысы
"Монолит құрылыс фирмасы" АҚ, Семей облысы
"Барлау" АҚ, Атырау облысы
"Қайрақтыауырқұрылыс" АҚ, Жезқазған облысы